Brayer BR1104 [50/56] Ақаулықтар олардың себептері мен жою жолдары

Brayer BR1104 [50/56] Ақаулықтар олардың себептері мен жою жолдары
50 KZ
КОФЕҚАЙНАТҚЫШТЫ ТАЗАЛАУ
Егер сүзгі (6) саңылауларында ұнтақталған
кофе тұнбасы болса, сүзгіні (6) шағын щеткамен
тазалаңыз.
Кофеқайнатқыш корпусын жұмсақ, сәл дымқыл
матамен сүртіңіз, содан кейін кофеқайнатқыш
корпусын құрғатып сүртіңіз. Кофеқайнатқышты
тазарту үшін қажайтын жуғыш заттарды және
еріткіштерді пайдалануға тыйым салынады.
Кофеқайнатқыш корпусын, қуаттандыру бауын
және қуаттандыру бауының ашасын суға немесе
кез-келген басқа сұйықтықтарға салуға тыйым
салынады.
Кофеқайнатқыштың шешілмелі бөлшектерін
бейтарап жуу құралы бар жылы сумен жуыңыз,
шайыңыз және оларды кептіріңіз.
ТАМШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ТАБАНДЫҚ (1)
Табандық (1) толған кезінде қызыл түсті индикатор
(3) қалқып шығады, ол табандық торында (2)
орналасқан.
Табандықтан (1) торды (2) шешіп алыңыз, табан-
дықты (1) шешіп алыңыз және оның ішіндегі суды
төгіп тастаңыз, табандықты орнына қойыңыз,
торды (2) табандыққа (1) орнатыңыз.
Қажет болған жағдайда табандықты (1) және
торды (2) жұмсақ жуғыш зат қосылған сумен жуып,
шайып және кептіруге болады.
САҚТАЛУЫ
Кофеқайнатқышты ұзақ уақыт бойы сақтауға алып
қоймас бұрын, оны электр желісінен ажыратыңыз,
және құрылғыны суытыңыз.
Кофеқайнатқышты тазалаңыз.
Кофеқайнатқышты зауыттық қаптамаға салып
қойыңыз.
Кофеқайнатқышты 0 °C-тан жоғары температура-
да пайдаланыңыз және сақтаңыз.
Кофе қайнатқышты құрғақ салқын жерде балалар
мен мүмкіндігі шектеулі адамдардың қолы жетпей-
тін жерде сақтаңыз.
АҚАУЛЫҚТАР, ОЛАРДЫҢ СЕБЕПТЕРІ МЕН
ЖОЮ ЖОЛДАРЫ
Ақаулықтар Себебі Жою
Кофеқай-
натқыштың
түбінен су
ағады.
Табандықта көп
су бар.
Табандықты тазалаңыз.
Кофеқайнатқыш
ақаулы.
Кофеқайнатқышты жөндеу
үшін сервистік орталықпен
байланысыңыз.
Су сүзгі
ұстағышынан
ағады.
Сүзгіде ұн-
тақталған кофе
бар.
Сүзгі шеттерін ұнтақталған
кофеден тазалаңыз.

Содержание