Vitek VT-2329 R [12/24] Қазақша

Vitek VT-2329 R [12/24] Қазақша
12
ҚАЗАҚША
Қызып кетуден қорғаныс
Феннің қызып кетуден қорғанысы бар, ол шығатын
ауаның температурасы шамадан асып кеткен
жағдайда құрылғыны ажыратып тастайды. Егер
фен пайдаланып жатқанда сөніп қалса, фенді
ауыстырғышпен (6) «0» күйіне белгілеңіз, желілік
ашаны розеткадан суырыңыз, кіретін және шығатын
ауа өткізетін саңылаулардың бөгеттелмегенін
тексеріңіз, фенге 5-10 минут салқындауға уақыт
беріңіз, содан кейін оны қайталап қосыңыз. Фенді
пайдаланған кезде ауа өткізетін саңылауларды
бөгемеңіз және оның ауақармауыш саңылауларына
шаштың түсуіне жол бермеңіз.
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ КҮТІМ ЖАСАУ
Ауыстырып қосқышты (6) «0» күйіне орнатқанда
жұмыс көрсеткіші (2) сөнеді, фенді желіден
ажыратыңыз.
Феннің корпусын ылғалды матамен сүртуге
рұқсат етіледі, одан кейін оны құрғатып сүрту
керек. Ауа қабылдағыштың торды (3) ұстап,
сағат тіліне қарсы бұраңыз және торды алыңыз.
Торды (3) қылшақтың көмегімен тазалаңыз,
тордағы шығыңқылықтарды фен корпусындағы
ойықтармен сәйкестендіріп, торды (3) орнына
қойыңыз және торды сағат тілі бойымен
бекігенге дейін бұраңыз.
Құрылғыны суға немесе басқа сұйықтықтарға
матыруға тыйым салынады.
Тазалау үшін қажайтын жуғыш заттарды және
еріткіштерді пайдалануға тыйым салынады.
САҚТАЛУЫ
Егер фен пайдаланылмаса, әрқашан желілік
айыр тетікті ашалықтан суырыңыз.
Феннің желілік шнурын ешқашан орамаңыз,
себебі бұл оның бұзылуына әкеп соғуы мүмкін.
Желілік шнурды абайлап пайдаланыңыз, оны
бұрауға немесе созуға, әсіресе желілік ашаның
маңайында және фен корпусына кіретін
жерде тартпауға, ширатпауға және созбауға
тырысыңыз. Егер шнур фенді пайдаланған
кезде бұралып қалса, оны мезігілмен түзетіп
отырыңыз.
Пайдалану ыңғайлығы үшін қыстыруға арналған
ілгекше (7) көзделген, ол арқылы фенді жуыну
бөлмесінде сақтауға болады, бірақ мұндай
күйде фенді су тимейтін жағдайда болуы керек.
Пайдаланып болғаннан кейін, фенге
салқындауға уақыт беріңіз және оны құрғақ
салқын, балалардың және мүмкіндігі шектеулі
адамдардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
ЖЕТКІЗУ ЖИЫНТЫҒЫ
Фен – 1 дн.
Саптама-концентратор – 1 дн.
Нұсқаулық – 1 дн.
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАР
Электрлік қуаттандыруы: 220-240 В ~ 50-60 Гц
Номиналдық тұтынатын қуаты: 1850-2200 Вт
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Аспапты ванна бөлмесіндегі,
душ, бассейн ж.т.б. су маңында пайдалануға бол-
майды.
ҚАЙТА ӨҢДЕУ
Қоршаған ортаны қорғау мақсатында, аспаптың және
қуаттандыру элементтерінің (егер жинақтың құрамына
кірсе) қызмет ету мерзімі аяқталғаннан кейін, оларды
күнделікті тұрмыстық қалдықтармен бірге тастауға
болмайды, аспап пен қуаттандыру элементтерін
ары қарай кәдеге асыру үшін мамандандырылған
орындарға өткізу керек.
Бұйымдарды қайта өңдеу кезінде пайда болатын
қалдықтар белгіленген тәртіп бойынша келесі қайта
өңделетін міндетті жинауға жатады.
Берілген өнімді қайта өңдеу туралы қосымша
ақпаратты алу үшін жергілікті муниципалитетке,
тұр мыстық қалдықтарды қайта өңдеу қызметіне
немесе берілген өнімді Сіз сатып алған дүкенге
хабарласыңыз.
Дайындаушы аспапты жақсарту мақсатында,
алдын-ала хабарламай, аспаптың дизайнын, кон-
струкциясы және оның жұмыс қағидатына әсер
етпейтін техникалық сипаттарын өзгерту құқығын
өзіне қалдырады, соған байланысты нұсқаулық пен
бұйымның арасында кейбір айырмашылықтар болуы
мүмкін. Егер пайдаланушы осындай сәйкессіздіктерді
анықтаса, нұсқаулықтың жаңартылған нұсқасын алу
үшін сәйкессіздік туралы info@vitek.ru электрондық
поштасына хабарлауыңызды сұраймыз.
Құралдың қызмет ету мерзімі – 3 жыл
Гарантиялық мiндеттiлiгi
Гарантиялық жағдайдағы қаралып жатқан бөлшектер
дилерден тек сатып алынған адамға ғана берiледi.
Осы гарантиялық мiндеттiлiгiндегi шағымдалған
жағдайда төлеген чек немесе квитанциясын көрсетуi
қажет.
VT-2329.indd 12 10/27/20 3:45 PM

Содержание

Похожие устройства

Скачать