Coolfort CF-2000 [9/16] Қазақша

Coolfort CF-2000 [9/16] Қазақша
9
ҚАЗАҚША
•
Желдеткішті қосу/өшіру өшіргіш (9) арқылы жүзеге
асырылады. Сонымен қатар, (9) түйме жылдамдық
тәртібін «1-2-3» таңдау түмесі болып табылады. (9)
түймесін жүйелі түрде басу желдеткіштің жылдамдық
тәртібін «1-2-3» таңдау мүмкіндігін береді, бұл
жерде LED-көрсеткіш (6) керекті тәртіптің алдында
көк түспен жанады.
•
Дөңгелек LED-шамды (7) қосу үшін (8) түймені
басыңыз. Шамды (7) қосу желдеткішті қосқаннан
кейін ғана мүмкін.
•
Желдеткіштің бұрылу тәртібін қосу үшін (10) түймені
басыңыз. (10) түймесін жүйелі түрде басу желдеткіштің
120°/360° бұрылу тәртібін таңдау мүмкіндігін береді,
бұл жерде LED-көрсеткіш (6) керекті 120°/360° бұрылу
тәртібінің алдында жасыл түспен жанады.
•
Аккумуляторды зарядтау және құралды іске
қосу үшін түпқоймада USB-mini ұяшығы бар.
Максималдық айналым кезінде желдеткіш 3,5 сағат
жұмыс істей алады.
КҮТІМ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
•
Желдеткішті тазалау алдында желдеткішті (9)
түймесі арқылы сөндіріңіз, штекерді (4) «USB-mini»
қуаттандыру ұяшығынан шығарыңыз.
•
Желдеткішті, штекерді және қуаттандыру бауын суға
немесе басқа да кез-келген сұйықтықтарға салуға
тыйым салынады.
•
Желдеткіштің қатардан шығып қалуын болдыр-
мау үшін желдеткіштің мотор блогына ешқандай
сұйықтықтың тиюіне жол бермеңіз.
•
Құралды тазалау үшін абразивтік жуатын заттарды
және еріткіштерді пайдалануға тыйым салынады.
•
Желдеткіштің торларын (2 және 5) жұмсақ, сәл дымқыл
матамен сүртіңіз, содан кейін құрғатып сүртіңіз.
САҚТАУ
•
Егер желдеткіш ұзақ уақыт қолданылмайтын
болса, онда аккумуляторлық батареяларды толық
қуаттандырыңыз және желдеткішті құрғақ жерде
сақтаңыз.
•
Желдеткішті зауыттық қаптамасына салып, құрғақ
салқын, балалардың қолдары жетпейтін жерге
сақтауға алып қойыңыз.
•
Құралды құрғақ салқын, балалардың және
мүмкіндіктері шектеулі адамдардың қолы жетпейтін
жерде сақтаңыз.
ЖЕТКІЗІЛІМ ЖИНАҒЫ
«USB-mini» стандартты қуаттандыру
қосқышы бар желдеткіш – 1 дана.
Нұсқаулық – 1 дана.
Кепілдік талоны – 1 дана.
«USB-mini» стандартты штекері бар
қуаттандыру бауы – 1 дана.
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Электрлік қуаттандыру: аккумуляторлық батарея
1×18650 (Li-Ion 3,7 В 2000 мАс)
Кіріс кернеуі: 5 В
1 А (Макс.)
Аккумуляторды зарядтау уақыты: 3,5 сағат
Номиналдық тұтыну қуаттылығы: 5 Вт
Қалақшалар диаметрі: 14,7 см (5,8”)
USB бауы – 1 метр
ҚАЙТА ӨҢДЕУ 
Қоршаған ортаны қорғау мақсатында, аспаптың
және қуаттандыру элементтерінің (егер жинақтың
құрамына кірсе) қызмет ету мерзімі аяқталғаннан
кейін, оларды күнделікті тұрмыстық қалдықтармен
бірге тастауға болмайды, аспап пен қуаттандыру
элементтерін ары қарай кәдеге асыру үшін
мамандандырылған орындарға өткізу керек.
Бұйымдарды қайта өңдеу кезінде пайда болатын
қалдықтар белгіленген тәртіп бойынша келесі қайта
өңделетін міндетті жинауға жатады.
Берілген өнімді қайта өңдеу туралы қосымша
ақпаратты алу үшін жергілікті муниципалитетке,
тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу қызметіне
немесе берілген өнімді Сіз сатып алған дүкенге
хабарласыңыз.
Дайындаушы аспапты жақсарту мақсатында,
алдын-ала хабарламай, аспаптың дизайнын, кон-
струкциясы және оның жұмыс қағидатына әсер
етпейтін техникалық сипаттарын өзгерту
құқығын өзіне қалдырады, соған байланы-
сты нұсқаулық пен бұйымның арасында кейбір
айырмашылықтар болуы мүмкін. Егер пайда-
ланушы осындай сәйкессіздіктерді анықтаса,
нұсқаулықтың жаңартылған нұсқасын алу үшін
сәйкессіздік туралы info@coolfort.ru электрондық
поштасына хабарлауыңызды сұраймыз.
Аспаптың қызмет мерзімі 3 жылдан кем емес
Гарантиялық мiндеттiлiгi
Гарантиялық жағдайдағы қаралып жатқан бөлшектер
дилерден тек сатып алынған адамға ғана берiледi.
Осы гарантиялық мiндеттiлiгiндегi шағымдалған
жағдайда төлеген чек немесе квитанциясын көрсетуi
қажет.

Содержание

Скачать