Samsung DW60M6050FW [145/224] Тазалау және күтім көрсету

Samsung DW60M6050FW [145/224] Тазалау және күтім көрсету
Тазалау және күтім көрсету _33
05 ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІМ КӨРСЕТУ
Тазалау және күтім көрсету
СҮЗГІЛЕРДІ ТАЗАЛАУ
Сүзу жүйесі
Сізге ыңғайлы болу үшін сорғы мен сүзгі жүйесін қол оңай жететін жерге, барабан ішіне орналастырдық.
Сүзгі жүйесі үш элементтен тұрады: негізгі, ірі және майда сүзгі.
1. Негізгі сүзгі: Осы сүзгі ұстап қалған тағам және қоқыс астыңғы бүріккіш
түтіктен шығатын арнайы су ағынымен шайылады да, су төгетін түтік
арқылы шығарылады.
2. Ірі сүзгі: Сүйек не шыны кесектері сияқты, су төгетін түтікке кептелуі
мүмкін үлкен заттар ірі торлы сүзгі арқылы ұсталады. Осы сүзгі ұстап
қалған қоқысты алу үшін, осы сүзгінің үстіндегі тығындарды еппен
қысыңыз да, сүзгіні шығарып алыңыз.
3. Майда сүзгі: Бұл сүзгі тұндырғыштың маңайында жиналған қоқыс пен
тағам қалдықтарын ұстайды және цикл кезінде ыдысқа қайта жұғуына жол
бермейді.
2
1
3
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Майда сүзгіні төмен қаратып салмаңыз.
Сүзгі жинағы
Тамаша жұмыс пен нәтижеге қол жеткізу үшін, сүзгі жинағын тазалау керек. Сүзгі тағам қалдықтарын
ыдыс жуатын судан жақсы кетіреді және цикл кезінде судың айналуына мүмкіндік тудырады. Сондықтан
да, әр жуу циклынан кейін жартылай дөңгелек сүзгіні және сауытты ағып тұрған сумен шайып, тұрып
қалған тағамның ірірек қалдықтарын кетірген дұрыс. Сүзгі жинағын алу үшін сағат тілінің бағытына
қарсы бұрап, сүзгі жинағын жоғары тартыңыз. Сүзгі жинағын үнемі тазалап отыру керек.
Ірі сүзгі мен ұсақ сүзгіні тазалау үшін тазалағыш шөткені қолданыңыз. Содан кейін сүзгі жинағын ыдыс
жуғыш машинасындағы орындарына салып, төмен қарай басып, сағат тілінің бағытымен бұраңыз.
Ашу
Ыдыс жуғыш машинаны ешқашан сүзгілерін салмай қолдануға болмайды. Сүзгіні дұрыс орнатпасаңыз,
құрылғы жұмысына нұқсан келуі және ыдыс-аяқ пен ас құралдары бүлінуі мүмкін.
ЕСКЕРТУ: Ыдыс жуғыш машинаны сүзгілерін орнына қоймай тұрып қолданбаңыз. Сүзгілерді
тазалаған кезде зақымдап алмаңыз. Сүзгілер зақымдалған жағдайда олар дұрыс жұмыс істемей,
жуу нәтижелерін төмендетеді немесе құрылғының ішкі бөлшектерін бүлдіруі мүмкін.
DW60M6050BB_WT_DD81-02437R-04_KK.indd 33 11/10/2020 11:08:15 AM

Содержание

Похожие устройства

Скачать
Случайные обсуждения

Ответы 1

Почему не моет чисто
2 года назад