LG LGE435 Optimus L3 II Dual [250/452] Маңызды ескерту

LG LGE435 Optimus L3 II Dual [250/452] Маңызды ескерту
18
LG логотипі экранда пайда болғанда барлық пернелерді босатыңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ!
Жабдықты қалпына келтіруді орындасаңыз, барлық пайдаланушы
қолданбалары, пайдаланушы деректері жəне DRM лицензиялары жойылады.
Жабдықты қалпына келтіру əрекетін орындамас бұрын, маңызды деректердің
сақтық көшірмесін жасауды ұмытпаңыз.
6. Бағдарламаларды ашу жəне ауыстырып қосу
Көп тапсырмаларды орындау Android жүйесінде оңай, себебі бір уақытта
бірнеше қолданбамен жұмыс істеуге болады. Басқа қолданбаны ашу
үшін ашық тұрғанды жабудың қажеті жоқ. Бірнеше ашық қолданбаны
пайдаланыңыз жəне арасында ауысыңыз. Android əрбір қолданбаны
басқарып, күтудегі қолданбалар қажетсіз ресурстарды пайдаланбауы
үшін, оларды қажет болғанда тоқтатып жəне іске қосып отырады.
Қолданбаларды жабу үшін:
ҚҰРЫЛҒЫ > ҚОСЫЛҒАН ішінде
> Қосымшалар қойындысын >
Параметрлер > Қосымшалар тармағын таңдаңыз.
Жылжып, қалаған қолданбаны түртіңіз жəне оны тоқтату үшін Stop
(Тоқтату) пəрменін түртіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: көп тапсырма орындау үшін қолданбаны пайдалану кезінде
басқа қолданбаға өту үшін Басты пернесін басыңыз. Бұл құрылғыдағы
фонда іске қосылған алдыңғы қолданбаны тоқтатпайды. Пайдаланудан кейін
қолданбадан шығу үшін міндетті түрде Артқа пернесін басыңыз.
3
1
2
Маңызды ескерту

Содержание

Похожие устройства

Скачать