LG LGE435 Optimus L3 II Dual [263/452] Негізгі экран

LG LGE435 Optimus L3 II Dual [263/452] Негізгі экран
31
ЕСКЕРТПЕ:
Элементті таңдап алу үшін белгішені дəл ортасынан түртіңіз.
Тым қатты баспаңыз, себебі сенсорлы экран жай, бірақ нық түртуді сезетіндей
сезімтал.
Қажетті опцияны түрту үшін, саусақтың ұшын пайдаланыңыз. Басқа
түймелерді түртіліп қалмаңыз.
Негізгі экран
Негізгі экранға шолу
Басты негізгі экранкөп қолданбалар мен функциялардың бастапқы
нүктесі, ол ақпарат пен қолданбаларға лездік қатынасты қамтамасыз ету
үшін қолданба белгішелері, төте жолдар, қалталар немесе виджеттер
сияқты элементтерді қосуға мүмкіндік береді. Бұл əдепкі бет жəне оған
кез келген мəзірден Басты пернесін түру арқылы қол жеткізуге болады
Негізгі экранның төменгі жағында мəзір белгішелерін көруге болады.
Мəзір белгішелері ең көп пайдаланылатын функцияларға оңай, бір рет
түртіп қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Қоңырау шалу үшін Телефон белгішесін түртіп, сенсорлы теру
тақтасын шығарыңыз.
Контактілерді ашу үшін Контактілері белгішесін түртіңіз.
Хабарлар мəзірін ашу үшін Хабарлар белгішесін түртіңіз. Бұл жерде
жаңа хабар жасауға болады.
Экранның төменгі жағындағы Қосымшалар белгішесін түртіңіз.
Орнатылған қолданбалардың барлығы көрсетіледі. Кез келген
қолданбаны ашу үшін жай ғана қолданбалар тізімінен түртіңіз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать