LG LGE435 Optimus L3 II Dual [330/452] Телефонның бағдарламалық құралын жаңарту

LG LGE435 Optimus L3 II Dual [330/452] Телефонның бағдарламалық құралын жаңарту
98
Телефонның бағдарламалық құралын жаңарту
LG ұялы телефонының бағдарламалық құралын интернеттен
жаңарту
Бұл функцияны пайдалану туралы қосымша ақпарат алу үшін http://
update.lgmobile.com немесе http://www.lg.com/common/ index.jsp
торабына кіріп, елді жəне тілді таңдаңыз.
Осы мүмкіндікті пайдаланып, телефонның микробағдарламасын қызмет
көрсету орталығына бармастан, ыңғайлы түрде интернет арқылы ең
соңғы нұсқасына жаңартуға болады. Бұл мүмкіндік LG құрылғыңыз үшін
жаңарақ микробағдарлама нұсқасын қол жетімді еткенде ғана қол жетімді
болады.
Ұялы телефонның микробағдарламасын жаңарту кезінде
пайдаланушының толық назары қажет болатындықтан, жалғастырмас
бұрын, əр қадамда пайда бо
латын нұсқаулар мен ескертпелерді
тексеріңіз. Жаңарту кезінде USB деректер кабелін алу ұялы телефонды
қатты зақымдауы мүмкін екенін ескеріңіз.
ЕСКЕРТПЕ: LG компаниясы бағдарламалық құрал жаңартуларын өз қалауы
бойынша тек таңдаулы үлгілерге қол жетімді ету құқығын өзінде қалдырады
жəне бағдарламалық құралдың ең соңғы нұсқасы телефондардың барлық
үлгілері үшін қол жетімді болатынына кепілдік бермейді.
LG ұялы телефонының бағдарламалық құралын OTA (сымсыз
тасымалдау) стандарты арқылы жаңарту
Бұл мүмкіндік телефонның микробағдарламасын OTA арқылы, USB
деректер кабелімен қосусыз ыңғайлы жаңартуға мүмкіндік береді. Бұл
мүмкіндік LG құрылғыңыз үшін жаңарақ микробағдарлама нұсқасын қол
жетімді еткенде ғана қол жетімді болады.
Алдымен ұялы телефондағы микробағдарлама нұсқасын тексеру
керек: Параметрлер > Телефон ақпараты > Ортақ қойындысы > БҚ
Телефонның бағдарламалық құралын жаңарту

Содержание

Похожие устройства

Скачать