LG LGE435 Optimus L3 II Dual [262/452] Негізгі экран

LG LGE435 Optimus L3 II Dual [262/452] Негізгі экран
30
Негізгі экран
Сенсорлы экран кеңестері
Төменде телефонда жылжу туралы біраз кеңестер берілген.
Түрту - саусақпен бір рет түрту элементтерді, сілтемелерді, төте
жолдарды жəне экрандық пернетақтадағы əріптерді таңдайды.
Түрту жəне ұстап тұру - экрандағы элементті түрту жəне ұстап
тұру, түрту жəне əрекет орындалғанша саусақты көтермеу. Мысалы,
контактінің қол жетімді опцияларын ашу үшін Контактілер тізіміндегі
контактіні мəтінмəндік мəзір ашылғанша түр
тіп, ұстап тұрыңыз.
Сүйреу - элементті бір сəтке түртіп, ұстап тұрыңыз да, саусақты
көтерместен, саусақты мақсатты орынға жеткенше экранда жылжытыңыз.
Орнын ауыстыру үшін негізгі экранда элементтерді сүйреуге болады.
Жанап өту немесе сырғыту - жанап өту үшін бірінші тигенде кідірместен
саусақты экранда тез жылжытыңыз (элементті сүйремейсіз). Мысалы,
экранды жоғары немесе төмен жанап өтіп тізімді айналдыр
уға я
болмаса солдан оңға (жəне керісінше) жанап өту арқылы əр түрлі негізгі
экрандарды шолуға болады.
Екі рет түрту - веб-бетті немесе картаны үлкейту үшін екі рет түртіңіз.
Мысалы, веб-беттің бөлімін тез екі рет түртіп, сол бөлімді экран еніне
сыятындай етіп реттеңіз. Сондай-ақ, сурет түсіргенде (камераны
пайдаланып) жəне Кар
талар бағдарламасын пайдаланғанда үлкейту
жəне кішірейту үшін екі рет түртуге болады.
Масштабтау үшін шымшу - шымшу немесе ашу қозғалысында сұқ
саусағыңыз бен бас бармағыңызды пайдаланып, шолғышты, Карталар
бағдарламасын пайдаланып жатқанда немесе суреттерді шолу кезінде
үлкейтіңіз немесе кішірейтіңіз.
Экранды бұру - көп қолданбалар мен мəзірлерде экранның бағдары
құрылғының физикалық бағдарына сай ре
ттеледі.

Содержание

Похожие устройства

Скачать