LG LGE435 Optimus L3 II Dual [258/452] Телефонмен танысу

LG LGE435 Optimus L3 II Dual [258/452] Телефонмен танысу
26
ЕСКЕРТПЕ:
Батареяның қызмет көрсету мерзімін ұзарту үшін батареяны басында
толығымен зарядтау керек.
Телефон зарядталып жатқанда батарея қақпағын ашпаңыз.
Батарея қуаты төмен кезде, құрылғы ескерту сигналын шығарады жəне
батарея қуаты аз екені туралы хабарды көрсетеді.
Егер батареяның қуаты толығымен таусылса, құрылғыны зарядтағышты
жалғай сала бірден қосу мүмкін емес. Құрылғыны қоспай тұрып таусылған
б
атареяны бірнеше минут бойы зарядтаңыз.
Егер бір уақытта бірнеше қолданбаны, желілік қолданбаларды немесе басқа
бір құрылғымен байланысты қажет ететін қолданбаларды пайдалансаңыз,
батарея тез таусылады. Деректерді тасымалдау кезінде желіден ажырауды
немесе қуаттың үзілуін болдырмау үшін əрқашан бұл қолданбаларды
батареяны толығымен зарядтағаннан кейін пайдаланыңыз.
Құрылғыны зарядталып жатқанда пайдалануға болады, бірақ батареяны
толығымен зар
ядтау көбірек уақыт алуы мүмкін.
Егер құрылғы зарядталып жатқанда тұрақсық қуат алса, сенсорлық экран
қызмет етпеуі мүмкін. Егер бұл орын алса, зарядтағышты құрылғыдан
ажыратыңыз.
Зарядталып жатқанда құрылғы қызуы мүмкін. Бұл қалыпты жəне құрылғының
қызмет көрсету мерзіміне немесе жұмысына əсер етпейді. Егер батарея
əдеттегіден көбірек қызса, зарядтағыш зарядтауды тоқтатуы мүмкін.
Толығымен зарядтағаннан кейін құрылғыны зарядтағыштан ажыратыңыз.
Алдымен зарядтағышты құрылғыдан ажыратыңыз, содан кейін оны
розеткадан ажыратыңыз. Зарядтағышты алмай тұрып батареяны
алмаңыз. Бұл құрылғыны зақымдауы мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: қуатты үнемдеу үшін зарядтағышты пайдаланбаған кезде
ажыратыңыз. Қуатты үнемдеу үшін пайдаланып жатпаған кезде зарядтағышты
розеткадан ажырату керек. Құрылғы зарядтап жатқанда розеткаға жақын болуы
керек.
Телефонмен танысу

Содержание

Похожие устройства

Скачать