Scarlett SC-LR92B01 [6/12] Www scarlett ru sc lr92b01 6

Scarlett SC-LR92B01 [6/12] Www scarlett ru sc lr92b01 6
IM022
www.scarlett.ru SC-LR92B01
6
Належна утилізація допоможе зберегти цінні ресурси та запобігти можливому негативному впливу
на здоров’я людей і стан навколишнього середовища, який може виникнути в результаті
неправильного поводження з відходами.
KZ ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Құрметті сатып алушы! SCARLETT сауда таңбасының өнімін сатып алғаныңыз үшін және біздің
компанияға сенім артқаныңыз үшін Сізге алғыс айтамыз. Іске пайдалану нұсқаулығында
суреттелген техникалық талаптар орындалған жағдайда, SCARLETT компаниясы өзінің өнімдерінің
жоғары сапасы мен сенімді жұмысына кепілдік береді.
SCARLETT сауда таңбасының бұйымын тұрмыстық мұқтаждар шеңберінде пайдаланған және іске
пайдалану нұсқаулығында келтірілген пайдалану ережелерін ұстанған кезде, бұйымның қызмет
мерзімі бұйым тұтынушыға табыс етілген күннен бастап 2 (екі) жылды құрайды. Аталған шарттар
орындалған жағдайда, бұйымның қызмет мерзімі өндіруші көрсеткен мерзімнен айтарлықтай асуы
мүмкін екеніне өндіруші тұтынушылардың назарын аударады.
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Осы Пайдалану нұсқауына сәйкес тек қана тұрмыстық мақсаттарда қолданылады. Құрал
өнеркәсіптік қолдануға арналмаған.
Құрылғыны былаулы бөлмелері мен су жанында пайдаланбаңыз.
Құралмен ойнауға балаларға рұқсат бермеңіз.
Қосылған құралды қараусыз қалдырмаңыз.
Бересі жинаққа енгізілмеген керек-жарақтарды қолданбаңыз.
Мәшіңкені қырынуға қолданбаңыз.
Адамға киілген киімнен жүн кесектерін тазаламаңыз.
Түкті маталарды, кестелерді және т.б. өңдеуге мәшіңкені қолданбаңыз.
Құрылғыны өздігіңізден жөндеуге тырыспаңыз. Істен сатушыға хабарласыңыз.
Егер бұйым біршама уақыт 0ºC-тан төмен температурада тұрса, іске қосар алдында оны кем
дегенде 2 сағат бөлме температурасында ұстау керек.
Өндіруші бұйымның қауіпсіздігіне, жұмыс өнімділігі мен жұмыс мүмкіндіктеріне түбегейлі әсер
етпейтін болмашы өзгерістерді оның құрылмасына қосымша ескертпестен енгізу құқығын өзінде
қалдырады.
Жасап шығарылған күні бұйымда және (немесе) қаптамада, сондай-ақ ілеспе құжаттамада,
XX.XXXX пішімінде көрсетілген, мұндағы алғашқы екі сан «XX» жасап шығарылған айы, келесі
төрт сан «XXXX» – жасап шығарылған жылы.
МӘШІҢКЕМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ
Батарейкаларға арналған бөліктің қақпағын ашыңыз.
Қарама-қарсылық сақтай отырып, АА үлгілі 2 батарейка салыңыз (жинаққа қосылмаған).
Қақпақты жабыңыз.
Батарейкаларды әрдайым тексеріп тұрыңыз.
Киімді тегіс үстіге қойыңыз да бүрмелері қалмауы үшін міндетті түрде тегістеңіз.
Қорғауыш қақпағын ашыңыз да мәшіңені қосыңыз.
Салмақ салмай жатық айналма қозғалыстармен бұйымды өңдеңіз.
Жұмысты аяқтаған соң мәшіңкені өшіріңіз де қорғауыш қақпақты кигізіңіз.
НАЗАР:
Матаға немесе қорғау торына зақым келтірмеу үшін, мәшіңкені күшпен киімге қыспаңыз.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІМ
Құрылғыны тазалаудың алдында не сіз онымен ұзақ уақыт ішінде пайдаланбайтын болсаңыз,
сонымен қатар, егер батарейкалардың қуаты таусылса оларды шығарыңыз.
Әрдайым резервуардан жүн кесектерін алып тұрыңыз.
Тұлғаның сыртын дымқыл жұмсақ матамен сүртіңіз.
Қайрақты тазалайтын заттарды қолданбаңыз.
Қорғауыш қақпақты ашыңыз, металл торды бұрап алыңыз.
Ұқыппен пышақты шығарыңыз да жинақтағы кішкене щөткемен оны тазалаңыз.
Пышақты орнына орнатыңыз және кері реттпен мәшіңкені жинаңыз.
Мәшіңкені сүртіңіз.
САҚТАУ
Құрылғыны сақтау алдында өшіріңіз және батарейкаларды алып тасаңыз.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІМ бөлімнің барлық талаптарын орындаңыз.
Аспапты салқын, құрғақ орында сақтаңыз.
Өнімдегі, қораптағы және/немесе қосымша құжаттағы осындай белгі қолданылған электрлік
және электрондық бұйымдар кәдімгі тұрмыстық қалдықтармен бірге шығарылмауы керек дегенді
білдіреді. Оларды арнайы қабылдау бөлімшелеріне өткізу қажет.

Содержание

Похожие устройства

Скачать