Nissei DS-1031 [30/60] Арналуы жəне жалпылай сипатталуы

Nissei DS-1031 [30/60] Арналуы жəне жалпылай сипатталуы
30
KAZ
Бұл басшылық құжат пайдаланушыға күретамырдың қан қысымы мен тамырдың соғу
жиілігін өлшеуге арналған DS-1031 үлгісіндегі автоматты сандық аспабын (əрі қарай мəтін
бойынша: АСПАП) қауіпсіз жəне тиімді пайдалану жөнінде көмек көрсетуге арналған.
Аспап аталған басшылық құжатта жазылған ережелерге сəйкес пайдаланылуға тиіс жəне
осында жазылған мақсаттардан басқа жағдайларда пайдаланылмауы керек. Басшылық
құжатты толықтай, əсіресе «Дұрыс өлшеу жөніндегі нұсқаулар» бөлімін оқып шығып,
түсініп алған дұрыс.
БӨЛШЕКТЕРІ МЕН ТЕТІКТЕРІНІҢ АТАУЛАРЫ
1. Ауа сығымдалатын көмкерме
2. Электрмен қуаттау көзі
3. Қуаттау элементтері
4. Электронды блок
A. Ауа шлангісінің істікшесі
B. Қуаттау элементтері бөлікшесі
C. Желілік бейімдеуіш ұяшығы
D. түймешігі SET (орнату) түймешігі
E. (ЖАД 1) түймешігі
F. (ЖАД 2) түймешігі
G. START/STOP (Старт/Стоп) түймешігі
H. СК-дисплей
I. Көмкермені жалғауға арналған ұяшық
K. Ауа шлангісі
АРНАЛУЫ ЖƏНЕ ЖАЛПЫЛАЙ СИПАТТАЛУЫ
Арналуы
DS-1031 аспабы 12 жастан асқан адамдардың күретамырының ең жоғарғы жəне ең төменгі
қан қысымын өлшеуге жəне тамыр соғу жиілігін анықтауға арналған. Егер бұл аспап аспап
балалардың білегінде пайдаланылса да өлшеу нəтижесі дұрыс болмауы мүмкін. Баланың
күретамырының қан қысымын өлшеу жөнінде өз дəрігеріңізбен ақылдасып алған жөн. Аспап

Содержание