Nissei DS-1031 [42/60] Күтім жасау сақтау жөндеу жəне өтелге шығару

Nissei DS-1031 [42/60] Күтім жасау сақтау жөндеу жəне өтелге шығару
42
KAZ
Ауқымды көлемдер:
көлем (электронды блок), мм
масса (қаптамасыз, сөмкесіз,
қуаттау элементтерінсіз жəне
электрмен қуаттау көзінсіз), г
115 x 115 х 67
406
Аспаптың қызмет мерзімі
(көмкермесіз), жыл
Көмкерменің қызмет мерзімі, жыл
7
3
Өндірілген жылы: Өндірілген жылы аспаптың корпусының (қуаттау
элементтері бөлікшесінде) «SN» нышанынан кейінгі
сериялық нөмірінде белгіленген
Қорғаныс дəрежесі IPX0 (IEC 60601-1)
Нышандарға түсініктеме
BF түріндегі жабдық
Білген жөн: Нұсқаулықты оқыңыз
Өтелге шығарар кезде сол уақытта Сіздің өңірде
қолданыста болған ережелерді басшылыққа алыңыз
КҮТІМ ЖАСАУ, САҚТАУ, ЖӨНДЕУ ЖƏНЕ ӨТЕЛГЕ ШЫҒАРУ
1 Бұл аспапты жоғары ылғалдылықтан, тікелей түсетін күн сəулесінен, соққылардан,
дірілден сақтау керек. АСПАП СУ ӨТКІЗБЕЙТІН БОЛЫП ТАБЫЛМАЙДЫ!
2. Аспапты жылытқыш аспаптар мен ашық отқа тым жақын жерде сақтамаңыз жəне
пайдаланбаңыз.
3. Егер аспап қолайсыз температурада сақталған болса, пайдаланар алдында оны кем де-
генде 1 сағат бөлме температурасында ұстау керек.
4. Егер аспап ұзақ уақыт бойы пайдаланылмайтын болса, ішіндегі қуаттау элементтерін
бөлек алып қойыңыз. Өйткені, қуаттау элементтерінен сұйық ақса, аспапты зақымдайды.
ҚУАТТАУ ЭЛЕМЕНТТЕРІН БАЛАЛАРДЫҢ ҚОЛЫ ЖЕТПЕЙТІН ЖЕРДЕ САҚТАҢЫЗ!
5. Аспапты кірлетпей ұстаңыз, оны шаңнан қорғаңыз. Аспапты тазалау үшін құрғақ жұмсақ
матаны пайдаланыңыз.
6. Аспаптың жəне оның бөлшектерінің сумен, ерітінділермен, спиртпен, бензинмен жана-
суына жол бермеңіз.
7. Көмкермені өткір бұйымдардан аулақ ұстаңыз, сондай-ақ көмкермені созуға жəне сығуға
болмайды.
8. Аспапты қатты соққылардан сақтаңыз жəне оны лақтырмаңыз.
9. Қажет болғанда аспапты тек мамандандырылған ұйымдарда ғана жөндетіңіз.
10. Белгіленген қызмет мерзімі бітерде аспаптың техникалық жағдайын тексерту үшін оны
ауық-ауық мамандарға (мамандандырылған жөндеу ұйымдары) көрсетіп тұру қажет.
11. Өтелге шығарған кезде сол уақытта Сіздің өңірде қолданыста болған ережелерді
басшылыққа алыңыз. Өндіруші бұл аспапты өтелге шығарудың арнайы шарттарын
белгілемеген.
12. Көмкерме көп рет санитарлық зарарсыздандыруға төзімді. Көмкерменің матамен
жабындалған ішкі жағын (тексерілушінің білегіне оралатын) сутек асқын тотығының
3%-дық ерітіндісіне шыланған мақта анжымен зарарсыздандыруға рұқсат етіледі. Ұзақ
пайдаланған кезде көмкерменің мата жабынының түссізденуі мүмкін. Көмкермені жууға,
сондай-ақ ыстық үтікпен зарарсыздандыруға болмайды.
13. Аспапты желіге қосылған күйінде қараусыз қалдыруға болмайды.

Содержание