Nissei DS-1031 Инструкция по эксплуатации онлайн [37/60] 86309

Nissei DS-1031 Инструкция по эксплуатации онлайн [37/60] 86309
37
KAZ
ДҰРЫСТЫҚТЫ КЕЙІПТЕУ
Күретамырдың қан қысымын өлшеген кезде көмкерменің дұрыс бекітілуі жəне өлшеу
кезінде денені дұрыс ұстау маңызды шарттар болып табылады. Өйткені, бұл шарттар өлшеу
нəтижесіне əсер етуі мүмкін. Аталған аспап өлшеудің барлық талаптары дұрыс сақталса,
« » нышанын көрсетеді. Егер бұл нышан көрсетілмесе, осы нұсқаулықта жазылған дұрыс
өлшеу жөніндегі ұсыныстарды сақтай отырып, өлшеуді қайтадан жүргізу керек.
Бірнеше өлшеуді қатарынан жүргізуге болмайды.
Бұл қолдың ісінуіне апарып соғуы жəне содан барып өлшеу нəтижесіне əсер етуі мүмкін.
Қолды кемінде 5 минут дем алдырып алған жөн.
Жүректің соғу ырғағының бұзылуын кейіптеу
Аспап дисплейінде жыпылықтап пайда болған «
» нышаны тамыр соғуының ырғақсыздығын білдіреді
(16 сурет). Бұл кейіптеу ауық-ауық пайда бола бер-
се, емдеуші дəрігеріңізге айтыңыз. Жүректің соғу
ырғағының бұзылуын кейіптеу сондай-ақ дененің өлшеу
кезінде қозғалуынан да болуы мүмкін.
БДҰ шкаласы бойынша көрсеткіштерді кейіптеу
Өлшеу нəтижесі қан қысымының сандық шамасынан
басқа сызықтық шкаласы түрінде бейнеленеді. Бұл
Бүкілəлемдік Денсаулық сақтау Ұйымының ұсыныс бой-
ынша күретамырдың қан қысымының алынған мəнін
сыныптау шкаласы. Кейіптегіш күретамырдың қан
қысымының сандық мəнімен бірге дисплейдің оң жақтағы
төменгі бұрышында пайда болады (17 сурет).
БДҰ шкаласы бойынша көрсеткіштер кестесі
Кейіптеу БДҰ-ның сыныптамасы SYS DIA
Гипертензия (ауыр) 180 110
Гипертензия (бірқалыпты) 160-179 100-109
Гипертензия (жұмсақ) 140-159 90-99
Көтеріңкі қалыпты 130-139 85-89
Қалыпты 120-129 80-84
Оңтайлы <120 <80
Тамырдың соғу қысымын кейіптеу
Аталған аспап тамырдың соғу қысымын да есептейді жəне бейнелейді (18 сурет).
Тамырдың соғу қысымыол ең жоғарғы жəне ең төменгі қан қысымы арасындағы
айырмашылық жəне ол адамның жасы ұлғайған сайын артуға бейім болады.
17 су
рет
16 су
рет

Содержание