Cst/berger LD440 [58/109] Пайдалану

Cst/berger LD440 [58/109] Пайдалану
58 | Қазақша 1 609 92A 0VB 2.6.14
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
Өлшеу құралы жұмыс істегенде белгілі жағдайларда қатты
дабыл дыбыстары шығады. Сол үшін өлшеу құралын құлақтан
немесе басқа адамдардан қашық ұстаңыз. Қатты дыбыс есту
қабілетін зақымдауы мүмкін.
Өлшеу құралын тікелей күн сәулелерінен сақтаңыз.
Өлшеу құралына айрықша температура немесе температура
тербелулері әсер етпеуі тиіс. Оны мысалы автокөлікте ұзақ уақыт
қалдырмаңыз. Үлкен температура тербелулері жағдайында
алдымен өлшеу құралын температурасын дұрыстап соң
пайдаланыңыз. Айрықша температура немесе температура
тербелулері кезінде өлшеу құралының дәлдігі төменделуі мүмкін.
Лазер қабылдауышын лазер сәулесі қабылдау өрісіне 1 жететін етіп
орнатыңыз. Ротациялық лазерде түрлі ротация жылдамдықтары
бар болса, онда ең жоғарғысын реттеңіз.
Қосу/өшіру
Өлшеу құралы қосылғаннан соң қатты сигнал дыбысы
шығады. Сол үшін қосу кезінде өлшеу құралын құлақтан
немесе басқа адамдардан қашық ұстаңыз. Қатты дыбыс есту
қабілетін зақымдауы мүмкін.
Энергияны үнемдеу үшін өлшеу құралын тек пайдаланарда ғана
қосыңыз.
Өлшеу құралын қосу үшін қосу-өшіру пернесін 2 басыңыз.
Сигналдық дыбыс шалып барлық дисплей көрсеткіштері қысқа
жанады.
Өлшеу құралын өшіру үшін қосу-өшіру пернесін 2 қайта басыңыз.
Растау үшін қос сигналдық дыбыс шығады.
Егер шам. 5–8 мин соң өлшеу құралында ешбір перне басылмай
қабылдау өрісіне 1 5–8мин ешбір лазер сәулесі түспесе, онда өлшеу
құралы батерея зарядын үнемдеу үшін автоматты өшеді. Өшу сигнал
дыбысы арқылы көрсетіледі.
Орта көрсеткішінің параметрін таңдау
3 пернесімен өлшеу дәлдігін (дөрекі, орташа немесе анық) белгілеу
мүмкін, ол дәлдікпен лазер сәулелері қабылдау өрісінде 1
қабылданады.
3 пернесін керекті өлшеу дәлдігі 6 дисплейдінде көрсетілгенше
баса беріңіз.
Дәлдік прараметрін өзгерткенде таңдалған пара
мтерге байланысты
екі немесе үш сигнал дыбыс шығарады.
Дәлдік параметрі өлшеу құралы өшкенде сақталады.
Бағыт көрсеткіштері
6 дисплейінде 7 бөлек қабылдау каналдары бар болып, олар лазер
қабылдауышының лазер жазықтығына қатысты орналасуын
көрсетеді. Лазер сәулесі лазер қабылдауышының орта белгісіне
неғұрлым жақын болса, соғұрлым көп сызықтар f немесе d бағыт
көрсеткішінде көрсетіледі.
Қабылдау өрісін 1 ротациялық лазерга қарсы бағыттаңыз.
Қабылдауышты жоғары немесе төменге f мен d бағыт
көрсеткіштері 6 дисплейінде пайда болғанша және/немесе
сигналдық дыбыс естілгенше жылжытыңыз. Сезімдігін 3
пернесімен жұмыс шартттарына және керекті дәлдікке байланысты
таңдаңыз.
Қабылдауышты d бағыт көрсеткіші к
өрсетілгенде жоғарыға
жылжытыңыз (динамик қосулы болғанда жай жүріп тұрған дыбыс
естіледі). Қабылдауышты f бағыт көрсеткіші көрсетілгенде төменге
жылжытыңыз (динамик қосулы болғанда жылдам жүріп тұрған
дыбыс естіледі). Егер қабылдау өрісінің 1 ортасы жетілсе, орта
белгісі 6 дисплейінде көрсетіліп үздіксіз дыбыс естіледі.
Жад функциясы
Лазер сәулесі қабылдау өрісінен шықса лазер сәулесінің соңғы
орналасуы сақталады.
Электрондық сүзгі
Электрондық сүзгі лазер қабылдауышын жарык күн сәулелерінен
және электрмагниттік ақаулықтардан қорғайды.
Пайдалану нұсқаулары
Ұстағышпен бекіту
Өлшеу құралын ұстағыш 10 көмегімен құрылыс лазерінің өлшеу
рейкаларында (жабдықтар) немесе ені 65 мм дейін болған басқа
көмек құралдарда бекіту мүмкін.
Ұстағышты 10 бекіткіш бұрандамен қысқышта 8 өлшеу құралының
артында бұрап қойыңыз.
–Бекіткіш бұранданы 11 босатып ұстағышты, мысалы, құрылыс
лазерінің өлшеу рейкаларында орнатып бекіткіш бұранданы 11
қайта тартып қойыңыз.
Ұстағыштық жоғарғы шеті 9 орталық белгімен бір биіктікте
орналасқан болып лазер белгілеу үшін пайдалануы мүмкін.
OBJ_BUCH-926-002.book Page 58 Monday, June 2, 2014 9:25 AM

Содержание

Скачать