Redmond SkyKitchen CB390S [43/60] Аталмыш бағдарламада автоқыздыру және бастауды кейінге қалдыру қызметтері

Redmond SkyKitchen CB390S [43/60] Аталмыш бағдарламада автоқыздыру және бастауды кейінге қалдыру қызметтері
43
KAZ
SkyKitchen RMK-CB390S
«Бастауды» кейінге қалдыру қызметін пайдалану ұсынылмайды, себебі бұл пісіру
сапасына әсер етуі мүмкін. Суланып кетпеуі дайын тағамды мультиқайнатқыштан
бірден алып шығу керек. Бұл мүмкін болмаған жағдайда тағамды автоқыздыру қосулы
болғанда аз уақытқа қалдыруға болады.
Қамырды көтеру кезеңінде мультиқайнатқыш қақпағын ашуға болмайды! Әзірленетін
өнім сапасы осыған тәуелді болады.
Нан бірқалыпты пісуі үшін пісіру үдерісінде құрал дыбыстық белгі бергеннен кейін оны
аудару керек.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Нанды құралдан алып шығу үшін ас үй қолғаптарын
пайдаланыңыз.
«ПАР» бағдарламасы
Бағдарлама етті, балықты, құс етін, көкөністерді және көп құрамдасты тағамдарды буда
пісіруге арналған.
Бағдарламадағы үнсіз келісім бойынша әзірлеу уақыты 20 минут. Әзірлеу уақытын
5минуттан 2 сағатқа дейінгі аралықта 5 минуттық қадаммен қолмен орнату мүмкіндігі.
Белгіленген әзірлеу температурасына жеткеннен кейін құрал дыбыстық белгі береді.
Аталмыш бағдарламада әзірлеу үшін арнайы контейнер пайдаланыңыз (жинақтамаға
енеді).
1.
Тостағанға 600-1000 мл су құйыңыз. Тостағанды буда пісіруге арналған контейнерге
орнатыңыз.
2. Рецептке сәйкес тағамдарды өлшеп, дайындаңыз, оларды контейнерге бірқалыпты
етіп салыңыз және тостағанды құрал корпусына қойыңыз. Тостағанның қыздыру
элементімен тығыз жанасатындығына көз жеткізіңіз.
3.
«Автоматты бағдарламаларды пайдаланудағы жалпы әрекеттер тәртібінің» 3-9
тармақтары нұсқауларын орындаңыз.
Егер сіз аталмыш бағдарламада автоматты уақытты баптауды пайдаланбайтын
болсаңыз, «Буда әр түрлі тағамдарды дайындау үшін ұсынылатын уақыт» кестесін
қараңыз.
«РИС/КРУПЫ» бағдарламасы
Бағдарлама суға күрішті және әр түрлі тұтас дәнді жармаларды дайындау үшін арналған.
Бағдарламадағы үнсіз келісім бойынша әзірлеу уақыты 25 минут. Әзірлеу уақытын
5минуттан 4 сағатқа дейінгі аралықта 1 минуттық қадаммен қолмен орнату мүмкіндігі.
«ДЕСЕРТЫ» бағдарламасы
Бағдарлама әр түрлі тоқбасарлар дайындауға арналған.
Бағдарламадағы үнсіз келісім бойынша әзірлеу уақыты 30 минут. Әзірлеу уақытын
5минуттан 2 сағатқа дейінгі аралықта 5 минуттық қадаммен қолмен орнату мүмкіндігі.
«ТОМЛЕНИЕ» бағдарламасы
Бағдарлама етті жұмсарту, пісірілген сүтті дайындауға арналған.
Бағдарламадағы үнсіз келісім бойынша әзірлеу уақыты 3 сағат. Әзірлеу уақытын 5 минуттан
12 сағатқа дейінгі аралықта 10 минуттық қадаммен қолмен орнату мүмкіндігі.
«СОУС» бағдарламасы
Бағдарлама әр түрлі тұздық түрлерін дайындауға арналған.
Бағдарламадағы үнсіз келісім бойынша әзірлеу уақыты 30 минут. Әзірлеу уақытын
5минуттан 5 сағатқа дейінгі аралықта 1 минуттық қадаммен орнату мүмкіндігі. Аталмыш
бағдарламада «Автоқыздыру» және «Бастауды кейінге қалдыру» қызметтері қол жетімсіз.
«ФРИТЮР» бағдарламасы
REDMOND SkyKitchen RMK-CB390S мультиқайнатқышында сіз жинақтамаға енетін арнайы
себетті пайдалану арқылы шыжғырып дайындай аласыз.
Бағдарламадағы үнсіз келісім бойынша әзірлеу уақыты 16 минут. Әзірлеу уақытын
5минуттан 40 сағатқа дейінгі аралықта 5 минуттық қадаммен қолмен орнату мүмкіндігі.
Аталмыш бағдарламада «Автоқыздыру» және «Бастауды кейінге қалдыру» қызметтері
қол жетімсіз. Белгіленген әзірлеу температурасына жеткенде құрал дыбыстық белгі береді.
1.
Ыдысқа рецептке сәйкес қуыру үшін қажетті май мөлшерін құйыңыз. Тостағанды
құрал корпусына қойыңыз. Ол дұрыс қойылғанына және қыздыру элементімен
жанасатындығына көз жеткізіңіз.
2.
«Автоматты бағдарламаларды пайдаланудағы жалпы әрекеттер тәртібінің» 3-8
тармақтарын орындаңыз.
3. Тұтқаны қуыруға арналған себетке жалғаңыз. Бұл үшін тұтқа түбін қысып, себеттің
арнайы кертігіне қойыңыз. Тұтқа қысымын босатыңыз, ол арнайы кертікке жалғанады.
Себеттегі тағамдарды бір қалыпты етіп салыңыз.
4.
Рецептегі нұсқауларды орындаңыз, белгіленген уақыттан кейін қақпақты ашып,
қуыруға арналған себетті тостаған ішіне салыңыз. Қақпақты жабыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Май өте ыстық! Күйіп қалуды болдырмау үшін ас үй қолғаптарын
пайдаланыңыз және құрал үстіне еңкеймеңіз.
5. Әзірлеу бағдарламасының аяқталғаны туралы дыбыстық белгі беріледі. Бұдан кейін
құрал күту режиміне ауысады.
6.
Қуыруға арналған тағамдары бар себетті тұтқасынан ұстап көтеріңіз және оны
себеттегі арнайы ілмек көмегімен тостаған шетіне іліп, майын сорғытыңыз.
7.
Тағамды дастарханға әкелер алдында артық майды кетіру үшін тағамды қағаз
орамалмен немесе тығыз қағаз майлықпен сорғытыңыз.
Шыжғырғыш ретінде тек тазартылған өсімдік майын пайдаланыңыз.
Майдың ұзақ уақыт және бірнеше мәрте қайнатылуы оның тотығуына алып келеді.
Бір майды шыжғырғышта тағам дайындау үшін қайта пайдаланбаңыз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать