Redmond RI-C222-E [152/156] Қақпағын ашыңыз және үтікті раковинаның үстінде аударып суды ыдыстан төгіңіз

Redmond RI-C222-E [152/156] Қақпағын ашыңыз және үтікті раковинаның үстінде аударып суды ыдыстан төгіңіз
152
Автоматты түрде өшіру жүйесі
Автоматты түрде өшу функциясы үтікті пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз
етеді және электр энергиясын үнемдеуге мүмкіндік береді. Егер аспап
қозғалмай тұрса, автоматты түрде өшу жүйесі іске қосылады:
көлденең күйде немесе бүйірде жатқан (кездейсоқ құлағанда) үтік
үшін— шамамен 30 секундтан кейін;
тік күйде тұрған үтік үшін — шамамен 8 минуттан кейін.
Автоматты түрде өшу функциясы іске қосылғанда табанның қызуы тоқтайды, сигнал
естіледі, бұдан кейін аспап тұтқасында автоматты түрде өшу индикаторы
жыпылықтайды. Жұмысты жалғастыру үшін үтікті тұтқасынан ұстаңыз. Автоматты
түрде өшу индикаторы жыпылықтауды тоқтатады, табанның қызу индикаторы жанады.
Қызу индикаторы өшкен соң бірден үтіктеуді жалғастыруға болады.
«Тамшы-стоп» жүйесі
Автоматты «Тамшы-стоп» жүйесі су ағызбайды және ең биязы матаны зақымдау
тәуекелісіз үтіктеуге мүмкіндік береді.
Биязы мата төмен температурада үтіктелуі керек ( температуралық режимі).
Жұмысты аяқтау
Жұмыс аяқталысымен табанды қыздыру реттегішін «Min» күйіне, бу жіберу
реттегішін күйіне орнатыңыз. Үтікті электржелісінен ажыратыңыз. Су ыдысы
қақпағын ашыңыз және үтікті раковинаның үстінде аударып, суды ыдыстан төгіңіз.
Су қалдықтарын төгу үшін үтікті абайлап сілкіңіз. Үтікті тік қойыңыз.
Табан суығанын күтіңіз. Электр қоректену бауын үтіктің сыртына ораңыз.
Аспапты тік күйде сақтаңыз.
Әртүрлі мата үшін үтіктеу режимін таңдау кестесі
Қызу
реттегішіндегі
белгі
Температура
реттегішінің
күйі
Мата типі Кеңестер
SYNTHET-
ICS
Акрил
Абайлап үтіктеңіз. Буды пайдалану
тәуекел болып табылады, үтіктің
табанынан су ағып кетуі мүмкін, соның
салдарынан матада ағыз пайда болады
Полиамид
маталары
(капрон, нейлон)
Полиуретан
Қызу
реттегішіндегі
белгі
Температура
реттегішінің
күйі
Мата типі Кеңестер
SYNTHET-
ICS
Ацетат
талшықтары
Матаны ішкі жағынан үтіктеген жөн,
өйткені ол қыздыруды нашар төзеді.
Ацетат тез кебеді және үтіктеуді талап
етпейді дерлік
Полиэстер
Ылғал мата арқылы үтіктеуге кеңес
беріледі
Вискоза
Жоғары температурада түсін өзгертеді,
жабысады, қатайып, бұзылады, отыруы
мүмкін
• •
SILK/WOOL
Жібек
Жібек матаға су бүркемеген жөн, өйткені
ылғал біркелкі еместігінен айғыз
қалыптасуы мүмкін
Жүн
Матаға су себу немесе ылғал мата
арқылы үтіктеу дұрыс болады. Жоғары
температурада отыруы мүмкін
• • •
COTTON/
LINEN
Мақта
Буландыру режиміне кеңес беріледі
Зығыр
III. АСПАПТЫ КҮТУ
Өзін-өзі тазалау функциясы
Осы функция үтікті табан шүмектерінде қалыптасқан қақтан тазалауға қызмет
етеді. Өзін-өзі тазалау шарасын айына 2-3 рет жүргізуге кеңес беріледі.
Пайдаланылатын су кермек болғанымен өзін-өзі тазалау да жиірек болуы керек.
1. Суды ыдысқа «Max» белгісіне дейін құйыңыз.
2.
Буды жабыңыз (бу реттегішін солға күйіне дейін бұрыңыз). Табанды қыздыру
температурасы реттегішін «Max» күйіне орнатыңыз. Үтікті электржеліге
қосыңыз.
3.
Қызу индикаторы өшкенде үтікті электр желісінен ажыратыңыз және
раковинаның үстінде көлденең күйде ұстаңыз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать