Redmond RI-C222-E [153/156] Тамшы стоп функциясы

Redmond RI-C222-E [153/156] Тамшы стоп функциясы
153
RI-C222-E
KAZ
4.
«Calc Clean» өзін-өзі тазалау түймешігін басыңыз және табан тесіктерінен
ыстық су мен бу шығуы тоқтағанша ұстаңыз. Бұл кезде үтікті алға-артқа шайқауға
кеңес беріледі. Тесіктерден шығатын бу мен қайнаған су кірді кетіреді.
5. Тазалаған соң су ыдысы қақпағын ашыңыз және ыдыста қалған суды төгіңіз.
Қақпақты жабыңыз.
6. Табан суығанда оның бетін ылғал матамен сүртіңіз.
7. Қатты кір болғанда өзін-өзі тазалау айналымын қайталауға кеңес беріледі.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Тек құбырдағы суды пайдаланыңыз. Дистилляцияланған
(минералсыздандырылған), жұмсартылған немесе қайнаған суды пайдалануға
кеңес берілмейді — бұл жағдайда өзін-өзі тазалау тиімсіз болады.
Табанды тазалау
Үтік табанын тазалаудың алдында ол электр желіден ажырап тұрғанына және
толық суығанына көз жеткізіңіз. Табанды ылғал матамен немесе губкамен тазалауға
болады. Абразивті жуу құралдарын және жабындысы металл немесе абразивті
губкаларды, сонымен қатар химиялық агрессивті заттарды пайдаланбаңыз.
Сақтау
Аспапты қыздыру аспаптары мен тікелей күн сәулелерінен алыс құрғақ жерде
сақтаңыз. Жұмыс бетіне зақым тигізбеу үшін үтікті ылғи тік күйінде сақтаңыз.
Үтік табанын металдық және басқа қатты заттарға тигізбеңіз.
Матаны үтіктеу барысында былғайтын әк тұнбалары мен лас қалыптастырмау
үшін үтікті сумен сақтамаңыз.
IV. СЕРВИС
-
ОРТАЛЫҚҚА ЖОЛЫҒАР
АЛДЫНДА
Ақау Ықтимал себебі Жою әдісі
Үтік табаны
қызбайды, қызу
индикаторы
жанбайды
Аспап электр желіге
қосылмаған
Аспапты электр желіге қосыңыз
Электр розетка ақаулы
Аспапты жөн электр розеткаға
қосыңыз
Автоматты түрде өшіру
жүйесі іске қосылды (үтік
тұтқасында автоматты түрде
өшу индикаторы жанады)
«Автоматты түрде өшіру жүйесі»
тарауын қараңыз
Ақау Ықтимал себебі Жою әдісі
Үтік табаны әлсіз
қызады
Қыздырудың өте аз
температурасы орнатылған
Үтік табанын қыздыру реттегішін
бұрап, қажетті температураны
орнатыңыз
Бу жоқ Будың жіберілуі жабық
Бу реттегішін сізге керек күйге
орнатыңыз
Бу жіберу
қарқындылығы
жетпейді
Ыдыста су өте аз
Су ыдысын кем дегенде 1/4
толтырыңыз
Бу реттегіші буды орташа
жіберу күйінде тұр
Реттегішті бұрып, жіберілетін буды
көбейтіңіз
«Тамшы-стоп» функциясы
қосулы
Үтік табанының жарамды
температурасы болғанын күтіңіз
(қызу индикаторы өшеді)
Үтік табаны
тесіктерінен
шығатын бу
затты былғайды
Сіз химиялық қоспалары бар
суды пайдаландыңыз
Ыдысқа химиялық қоспалары бар
суды құймаңыз
Сіз дистилляцияланған
немесе жұмсақ суды
пайдаландыңыз
Кәдімгі құбырдағы суды немесе
құбырдағы және дистилляцияланған
судың 1:1 пропорциясында
қоспасын пайдаланыңыз
Сіз алдыңғы пайдаланған соң
ыдыстан суды кетірмедіңіз
Аспапты өзін-өзі тазалатыңыз. Жұмыс
аяқталған соң суды үтіктен ылғи төгіп
тұрыңыз
Үтік табаны
кірлеп, киімді
былғайды
Үтік табанының өте жоғары
температурасы орнатылды
Бұйымдағы жапсырма мен «Әртүрлі
маталар үшін үтіктеу режимін
таңдау кестесін» салыстырыңыз
Кірді жететіндей шаймадыңыз
немесе жаңа киімді шаймай
үтіктеп жатырсыз
Табанды тазалаңыз. Киімді
шайыңыз, үстінде сабын немесе
басқа тазалау құралы қалмағанына
көз жеткізіңіз

Содержание

Похожие устройства

Скачать