Redmond RMC-M38 [28/36] Отложенный старт шегерілген старт функциясы

Redmond RMC-M38 [28/36] Отложенный старт шегерілген старт функциясы
28
1.
«МУЛЬТИПОВАР» бағдарламасын таңдағаннан кейін немесе автоматты бағдарламалар
жұмысы кезінде түймешігін басыңыз.
2.
түймешігін басу арқылы температура мәнін азайтыңыз, түймешігін басу арқылы
ұлғайтыңыз. Мәнді тез өзгерту үшін қажетті түймешікті басып, ұстап тұрыңыз. Бел-
гіленген мән автоматты түрде сақталады (бағдарлама жұмысы барысында темпера-
тураны орнатқан соң бірнеше секунд ешқандай түймешікті баспаңыз).
«Отложенный старт» («Шегерілген старт») функциясы
Бұл функция орнату қадамы 5 минуттық 10 минуттан 24 сағатқа дейінгі диапазонда,
таңдалған әзірлеу бағдарламасы жұмысын бастайтын уақытты енгізуге мүмкіндік береді.
1. түймешігін басу арқылы әзірлеудің қажетті бағдарламасын таңдаңыз.
2. түймешігін басыңыз. Түймешік индикаторы мен шегерілген старт уақытының ин-
дикаторы (дисплейде) жыпылықтайтын болады.
3. Уақыт мәнін өзгерту үшін немесе түймешігін басыңыз. түймешігін басқанда
уақыт мәні ұлғаяды, түймешігін басқанда — азаяды. Мәнді тез өзгерту үшін қажет-
ті түймешікті басып, ұстап тұрыңыз. Ең жоғарғы мәнге жеткенде уақытты орнату диа-
пазон басынан жалғасады.
4.
түймешігін басыңыз. Әзірлеу бағдарламасын іске қосу үшін іске қосуға дейін қалған
уақыттың кері есебі басталады.
5.
Жасалған орнатылымдарды болдырмау үшін түймешігін басыңыз, содан кейін
әзірлеудің бүкіл бағдарламасын қайта енгізу қажет болады.
МАҢЫЗДЫ! Егер тағам ішінде тез бұзылатын азық-түлік болса (жұмыртқа, жаңа сауылған
сүт, ет, ірімшік және т. б.), шегерілген старт функциясын қолданбаған жөн.
«ЖАРКА» бағдарламасында «Отложенный старт» функциясы қол жетімсіз. «Отложен-
ный старт» функциясында уақытты орнатқанда «НА ПАРУ» бағдарламасында уақыттың
кері есебі тек су қайнаған соң ғана басталады.
Дайын ас температурасын ұстау функциясы (автоқыздыру)
Әзірлеу бағдарламасының жұмысы аяқталысымен автоматты түрде қосылады және дайын
тағам температурасын 70–75 °С шегінде 24 сағаттың ішінде ұстай алады. Дисплейде осы
режимде жұмыс уақытының тікелей есебі көрінеді. Қажет болғанда түймешігін басып,
автоқыздыруды өшіруге болады (түймешік индикаторы өшеді). Бұл функция «ЙОГУРТ»
ағдарламасында қол жетімсіз.
Автоқыздыруды алдын ала өшіру
REDMOND RMC-M38 мультипісіргіштерінде негізгі әзірлеу бағдарламасы іске қосылған соң
автоқыздыру функциясын алдын ала өшіру мүмкіндігі қарастырылған. Бұл үшін бағдарла-
ма басталған соң индикаторы өшкенше түймешігін басыңыз. Автоқыздыруды қайта
қосу үшін, түймешігін тағы бір басыңыз индикаторы жанады.
Ыңғайлылық үшін, тағам 70 °С төмен температурасында әзірленген ждағдайда автоқы-
здыру функциясы әдепкідей өшеді. Қажет болғанда оны әзірлеу бағдарламасы қосылған
соң түймешігін басып, қолмен қосуға болады индикаторы жанады).
Тағамды қыздыру функциясы
Суық тағамды қыздыру үшін:
1.
Азықты табаққа салып, оны аспаптың корпусына орнатыңыз. Оның қыздыру элементі-
не тығыз тиіп тұрғанына көз жеткізіңіз.
2. Қақпақты сыртыл естілгенше жабыңыз, мультипісіргішті электр тоғына қосыңыз.
3.
түймешігін басыңыз. Дисплейде тиісті индикатор жанады және қыздыру қосылады.
Таймерде аспаптың осы режимде жұмыс істеу уақытының тікелей есебі көрінеді. Тағам
70–75 °С дейін қыздырылады. Осы температура 24 сағаттың ішінде ұсталуы мүмкін.
4. Қажет болғанда түймешігін басып, қыздыруды өшіруге болады. Дисплей мен түй-
мешіктегі индикаторлар өшеді.
МАҢЫЗДЫ! Мультипісіргіш азықты қызу күйінде 24 сағатқа дейін сақтай алатынына
қарамастан, тағамды қызған күйде екі-үш сағаттан артық қалдыруға кеңес берілмейді,
өйткені бұл жағдай кей кезде оның дәмдік қасиеттерінің өзгеруіне әкеліп соқтыруы
мүмкін.
Автоматты бағдарламаларды пайдаланғандағы әрекеттердің жалпы тәртібі
МАҢЫЗДЫ! Егер сіз суды қайнатуға арналған құралды қолдансаңыз (мысалы, өнімдерді
пісіру үшін), дайындау температурасын 100 °С-дан жоғары қоюға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
Бұл құралдың қызып кетуіне және сынуына әкелуі мүмкін. Осы себеппен суды қайнату
үшін «ВЫПЕЧКА», «ЖАРКА» бағдарламаларын қолдануға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
1.
Ингредиенттерді рецептке сәйкес дайындаңыз, табаққа салыңыз. Барлық ингреди-
енттер (сұйықтықты қоса) табақтың ішкі бетіндегі шкаланың ең жоғары белгісінен
төмен болғанын байқаңыз.
Өнімдерді тікелей тостағанда өңдеуге ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ! Бұл күюге қарсы жабынның
бүлінуіне, тостағанның деформациялануына және аспаптың істен шығуына апаруы
мүмкін.
2.
Табақты аспаптың корпусына қойып, біраз бұрыңыз және ол қыздыру элементіне тығыз
тиіп тұрғанына көз жеткізіңіз. Қақпақты сыртыл естілгенше жабыңыз. Аспапты электр
желісіне қосыңыз.
Жұмыс істегенде тек қана жиынтыққа кіретін немесе осы модельмен үйлесетін то-
стағанды пайдаланыңыз. Үйлесімді тостағандарды «Қосымша аксессуарлар» тарауын-
да және www.redmond.company сайтында қараңыз. Басқа ыдыс пайдалануға ТЫЙЫМ
САЛЫНАДЫ!
3. Дисплейде таңдалған бағдарлама индикаторы пайда болғанша, түймешігін басып
отырып, әзірлеу бағдарламасын таңдаңыз.

Содержание

Скачать
Случайные обсуждения