Bosch GLL 2-10 [283/537] Лазер нысандық тақтасын пайдалану

Bosch GLL 2-10 [283/537] Лазер нысандық тақтасын пайдалану
Қазақ | 283
Лазер нысандық тақтасын пайдалану
Лазер нысандық тақтасы (20) қолайсыз жағдайда және ұзақ қашықтықтарда лазер
сызығының көрінісін жақсартады.
Лазер нысандық тақтасының қайтаратын жазықтығы(20) лазер сызығының көрінуін
жақсартып, мөлдір жазықтығы арқылы лазер сызығы лазер нысандық тақтасының
артынан да көрінеді.
Штативпен жұмыс істеу (керек-жарақ)
Штатив тұрақты және биіктігі реттелетін өлшеу табаны болады. Өлшеу құралын 1/4"
штатив патронымен (4) штативіне немесе (23) стандартты фотоштативіне
орнатыңыз. Стандартты құрылыс штативінде бекіту үшін 5/8"-штатив патронын (3)
пайдаланыңыз. Өлшеу құралын штативтегі құлыптау бұрандасымен бекітіңіз.
Өлшеу құралын қосудан алдын штативті бағыттаңыз.
Әмбебап ұстағышпен бекітіңіз (керек-жарақ) (Fсуретінқараңыз)
Әмбебап ұстағыштың(19) көмегімен өлшеу құралын, мысалы, тік аймақтарға
немесе магнитті материалдарға бекітуге болады. Әмбебап ұстағыш едендік штатив
ретінде де пайдаланылады және өлшеу құралының биіктік бойынша туралануын
оңтайландырады.
u Магниттік керек-жарақты үстіңгі беттерге бекіткен кезде саусағыңызды
керек-жарақтың артқы жағынан алшақ ұстаңыз. Магниттің қатты тарту күшінің
салдарынан саусағыңыз қысылып қалуы мүмкін.
Өлшеу құралын қосудан алдын әмбебап ұстағышты (19) дөрекі бағыттаңыз.
Лазер көру көзілдірігі (керек-жарақ)
Лазер көру көзілдірігі қоршау жарықтығын сүзгілейді. Осылай лазер жарығы көз
үшін жарқынрақ болады.
u Лазер көру көзілдірігін (керек-жарақ) қорғаныш көзілдірігі ретінде
пайдаланбаңыз. Лазер көру көзілдірігі лазер сәулесін жақсырақ көру үшін
қолданылады, алайда лазер сәулесінен қорғамайды.
u Лазер көру көзілдірігін (керек-жарақ) күннен қорғайтын көзілдірік ретінде
немесе жол қозғалысында пайдаланбаңыз. Лазер көру көзілдірігі ультракүлгін
сәулелерден толық қорғанысты қамтамасыз етпейді және түсті сезу қабілетін
азайтады.
Жұмыс мысалдары (F−H суреттерін қараңыз)
Өлшеу құралын пайдалану мүмкіндіктерінің мысалдары суреттер беттерінде
берілген.
Bosch Power Tools 1 609 92A 7LU | (29.04.2022)

Содержание

Похожие устройства

Скачать