Bosch GLL 3 X Professional [38/85] Пайдалануға ендіру

Bosch GLL 3 X Professional [38/85] Пайдалануға ендіру
38 | Қазақ
Айқыш-ұйқыш лазерлік
уровень
GLL 3 X
Өлшемдері (ұзындығы × ені ×
биіктігі)
97×65×120мм
A) Жұмыс аймағын қолайсыз қоршау шарттарында (мысалы
тікелей күн сәулелерінде) қысқарту мүмкін.
B) Көрсетілген мәндер қалыпты және жағымды қоршаған орта
шарттарын (мысалы, дірілсіз, тұмансыз, түтінсіз, тікелей күн
сәулесінсіз) талап етеді. Температура шұғыл өзгерген
жағдайда, дәлдік ауытқуы мүмкін.
C) Тек қана тоқ өткізбейтін лас пайда болады, бірақ кейбір
жағдайларда еру нәтижесінде тоө өткізу қабілеті пайда
болуы күтіледі.
Өлшеу құралының зауыттық тақтайшадағы сериялық нөмірі (8)
оны дұрыс анықтауға көмектеседі.
Жинау
Батареяларды енгізу/алмастыру
Өлшеу құралы үшін алкалин марганец батареясын
пайдалану ұсынылады.
Батарея бөлімінің қақпағын(7) ашу үшін бекіткішті(6)
басып, батарея бөлімінің қақпағын ашыңыз. Батареяны
енгізіңіз.
Батарея бөлімі қақпағының(7) ішіндегі суретте
көрсетілгендей полюстердің дұрыс орналасуын
қамтамасыз етіңіз.
Барлық батареяларды бірдей алмастырыңыз. Тек бір
өндірушінің және қуаты бірдей батареяларды
пайдаланыңыз.
u Өлшеу құралын ұзақ уақыт пайдаланбасаңыз,
батареяны өлшеу құралынан шығарып алыңыз.
Ұзақ уақыт сақтаған жағдайда, өлшеу құралындағы
батареяларды тот басуы және олардың заряды
өздігінен таусылуы мүмкін.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
u Өлшеу құралын сыздан және тікелей күн
сәулелерінен сақтаңыз.
u Өлшеу құралына айрықша температура немесе
температура өзгерістерінің әсерін тигізуге
болмайды. Оны, мысалы, автомобиль ішінде ұзақ
уақытқа қалдырмаңыз. Температура өзгерістері шұғыл
болған жағдайда, алдымен өлшеу құралының тұрақты
температурасын сақтаңыз және жұмысты
жалғастырмас бұрын әрдайым дәлдік тексерісін
өткізіңіз (қараңыз „Өлшеу құралының дәлдігін
тексеру“, Бет39).
Айрықша температура немесе температура өзгерістері
орын алған жағдайда, өлшеу құралының дәлдігі
төмендеуі мүмкін.
u Өлшеу құралын қатты соғылудан немесе түсуден
сақтаңыз. Сыртқы күшті әсерлерден кейін өлшеу
құралының жұмысын жалғастырудан бұрын әрдайым
дәлдік тексеруін орындау керек (қараңыз „Өлшеу
құралының дәлдігін тексеру“, Бет39).
u Өлшеу құралын тасымалдаған кезде маятникті
бұғаттау ауыстырып-қосқышын күйіне
жылжытыңыз. Осылайша тербелу блогы
құлыптанады, кері жағдайда ол қатты қозғалыстардан
зақымдалуы мүмкін.
Қосу/өшіру
Өлшеу құралын қосу үшін қосу/өшіру түймесін(3)
басыңыз. Өлшеу құралы қосылғаннан кейін бірден
шығыс саңылаулардан(1) лазер сызықтарын жібереді.
u Лазер сәулесін адамдарға немесе жануарларға
бағыттамаңыз және тіпті алыстан болсын жарық
сәулесіне өзіңіз қарамаңыз.
Өлшеу құралын өшіру үшін қосу/өшіру түймесін (3) күй
индикаторы (2) сөнгенше басыңыз. Тербелу блогын
құлыптау үшін маятникті бұғаттау ауыстырып-қосқышын
(4) күйіне жылжытыңыз.
u Қосулы зарядтау құралын бақылаусыз
қалдырмаңыз және өлшеу құралын пайдаланудан
соң өшіріңіз. Лазер сәулесімен адамдардың көзін
шағылыстыру мүмкін.
Пайдалану түрлері
Өлшеу құралы қосылғаннан кейін қиылысу режимінде
болады. Жұмыс режимін ауыстыру үшін қосу/өшіру
түймесін(3) қажетті жұмыс режимі реттелгенше
басыңыз.
Төмендегі жұмыс режимдерін таңдауға болады:
Белгі Жұмыс режимі
Қиылысу режимі (AC жәнеF суреттерін
қараңыз): өлшеу құралы алдыңғы лазер
шығару саңылауынан(1) бір көлденең
және бір тік лазер сызығын, ал бүйірлік
лазер шығару саңылауынан бір тік лазер
сызығын шығарады. Екі тік лазер сызығы
бір-біріне 90° бұрышта өтеді.
Көлденең режим (D суретін қараңыз):
өлшеу құралы алдыңғы лазер шығару
саңылауынан(1) бір көлденең лазер
сызығын шығарады.
Тік режим (E суретін қараңыз): өлшеу
құралы алдыңғы лазер шығару
саңылауынан(1) бір тік лазер сызығын
шығарады.
Жұмыс режимдерінің барлығын нивелирлеу
автоматикасымен де, маятникті бұғаттау тетігімен де
таңдауға болады.
Нивелирлеу автоматикасы
Нивелирлеу автоматикасымен жұмыс істеу (A–
Eсуреттерінқараңыз)
Өлшеу құралын көлденең, берік бетке қойып, штативте
(14)бекітіңіз.
1 609 92A 7SF | (17.05.2022) Bosch Power Tools

Содержание

Похожие устройства

Скачать