Bosch GLL 3 X Professional [39/85] Маятникті бұғаттау тетігімен жұмыс істеу f суретін қараңыз

Bosch GLL 3 X Professional [39/85] Маятникті бұғаттау тетігімен жұмыс істеу f суретін қараңыз
Қазақ | 39
Нивелирлеу автоматикасымен жұмыс істеу үшін
маятникті бұғаттау ауыстырып-қосқышын (4) күйіне
жылжытыңыз. Күй индикаторы (2) жасыл түспен жанады
( /green белгісі).
Нивелирлеу автоматикасы ±4° шамасындағы өздігінен
нивелирлеу аймағында тегіс емес жерлерді автоматты
түрде тегістейді. Лазер сызықтары одан ары қозғалмаса,
нивелирлеу аяқталады.
Егер автоматты түрде нивелирлеу мүмкін болмаса,
мысалы, өлшеу құралы тұратын беттің көлденең
сызықтан ығысуы4° шамасынан артық болса, күй
индикаторы(2) қызыл түспен жанып, лазер сызықтары
жыпылықтайды және дыбыстық сигнал беріледі.
Бұл жағдайда өлшеу құралын көлденеңінен қойып,
өздігінен нивелирлеу аяқталғанша күтіңіз. Өлшеу құралы
±4° шамасындағы өздігінен нивелирлеу диапазонына
қайтып оралғанда, лазер сызықтары үздіксіз жанып, күй
индикаторы(2) жасыл түспен жанады және дыбыстық
сигнал тоқтап қалады.
±4° өздігінен нивелирлеу аймағынан тыс нивелирлеу
автоматикасымен жұмыс істеу мүмкін емес, себебі кері
жағдайда лазер сәулелерінің нивелирлеу дәлдігі де,
лазер сәулелерінің арасындағы дұрыс бұрыш та
қамтамасыз етілмейді.
Пайдалану кезінде қағылулар болса немесе күй өзгерсе
өлшеу құралы автоматты ретте өзін нивелирлейді. Жаңа
нивелирлеген соң өлшеу құралының жылжып қалуынан
қателердің алдын алу үшін көлденең немесе тік лазер
сызығының күйін негізгі нүктелерге салыстырып
тексеріңіз.
Маятникті бұғаттау тетігімен жұмыс істеу
(Fсуретінқараңыз)
Маятникті бұғаттау тетігімен жұмыс істеу үшін маятникті
бұғаттау ауыстырып-қосқышын (4) күйіне
жылжытыңыз. Күй индикаторы (2) қызыл түспен жанады
( /red белгісі).
Маятникті бұғаттау тетігімен жұмыс істеген кезде,
нивелирлеу автоматикасы өшіріледі. Өлшеу құралын
еркін қолда ұстауға немесе еңіс бетке қоюға болады.
Лазер сызықтары бұдан былай нивелирленбейді және
бір-біріне тігінен өтпейді.
Өлшеу құралының дәлдігін тексеру
Дәлдік әсерлері
Қоршау температурасы ең күшті әсер етеді. Еденден
жоғарыға болған температура өзгерістері лазер сәулесін
ауытқуы мүмкін.
Температура айырмашылығы еденге жақын аймақта
үлкен болғаны үшін, өлшеу құралын мүмкіндігінше
штативке орнатып, жұмыс аймағының ортасына
орналастыру қажет.
Сыртқы әсерлерден тыс аспаптық әсерлер де (мысалы
қағылыс немесе қатты соққылар) ауытқуларға алып келуі
мүмкін. Сол үшін әр жұмыстан алдын нивелирлеу дәлдігін
тексеріңіз.
Алдымен көлденең лазерлік сызықтың биіктік пен
нивелирлеу дәлдігін және тік лазерлік сызықтың
нивелирлеу дәлігін тексеріп шығыңыз.
Егер өлшеу құралы тексеру кезінде максималды
ауытқудан асырса, оны Bosch сервистік орталығында
жөндетіңіз.
Көлденең сызықтың биіктік дәлдігін тексеру
Тексеру үшін 5м бос өлшеу қашықтығы қатты жерде A
мен B екі қабырғаның арасында керек болады.
Өлшеу құралын А қабырғасының жанындағы штативке
немесе қатты тегіс бетке орнатыңыз. Өлшеу құралын
қосыңыз. Нивелирлеу автоматикасымен қиысу жұмыс
режимін таңдаңыз.
A
B
5 m
Лазерді жақын A қабырғасына бағыттап, өлшеу
құралын нивелирлеңіз. Лазер сызықтары қабырғада
айқыш-ұйқыш нүктесінің ортасын белгілеңіз
(нүктесі).
A
B
180°
Өлшеу құралын 180° бұрап, оны нивелирлеп лазер
сызықтарының арғы B қабырғасындағы айқыш-ұйқыш
нүктесін белгілеңіз ( нүктесі).
Өлшеу құралын бұрамай B қабырғасының қасында
қойып, қосыңыз да нивелирлеңіз.
A
B
Bosch Power Tools 1 609 92A 7SF | (17.05.2022)

Содержание

Похожие устройства

Скачать