Bosch GBH 2-26DFR [158/261] Өнім және қуат сипаттамасы

Bosch GBH 2-26 DFR Professional [158/0] Өнім және қуат сипаттамасы
158 | Қазақ
u Дайындаманы бекітіңіз. Қысу құралына немесе
қысқышқа орнатылған дайындама қолыңызбен
салыстырғанда, берік ұсталады.
u Жұмыс аяқталғаннан кейін алмалы-салмалы
аспаптарды немесе іргелес корпус бөлшектерін
бірден ұстамаңыз. Олар жұмыс барысында қатты
қызуы және адамды күйдіруі мүмкін.
u Алмалы-салмалы аспап бұрғылау кезінде
бұғатталуы мүмкін. Тұрақтылық сақтаңыз және
электр құралын екі қолмен берік ұстаңыз. Әйтпесе
электр құралын бақылау мүмкіндігінен айырылуыңыз
мүмкін.
u Қашаумен бөлшектеу жұмыстарын өткізген кезде
сақ болыңыз. Бөлшектенетін материалдың құлаған
бөліктері айналадағы адамдарға немесе өзіңізге
жарақат тигізуі мүмкін.
u Электр құралды пайдалануда оны екі қолмен берік
ұстап, тұрақты қалыпта тұрыңыз. Электр құралы екі
қолмен сенімді басқарылады.
Өнім және қуат сипаттамасы
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық
қауіпсіздік нұсқаулықтарын және
ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына,
өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға
алып келуі мүмкін.
Пайдалану нұсқаулығының алғы бөлігінің суреттерін
ескеріңіз.
Тағайындалу бойынша қолдану
GBH2-26DRE,GBH2-26DFR:
Электр құралы бетон, кірпіш пен тасты перфоратормен
бұрғылауға және жеңіл қағу жұмыстарына арналған. Ол,
сондай-ақ ағаш, металл, керамика мен пластмассаны
бұрғылауға жарамды. Электрондық басқару құралы және
оңға/солға айналуы бар электр құралдары бұрауға да
жарамды.
GBH2-26RE:
Электр құралы бетон, кірпіш және тас бойынша соққымен
бұрғылауға арналған. Сондай-ақ ол ағаш, металл,
керамика мен пластмасса бойынша соққысыз бұрғылауға
арналған. Электрондық басқару жүйесі және оңға/солға
айналу мүмкіндігі бар электр құралдары бұрауға да
жарамды.
Бейнеленген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамдастар нөмірленген суреттері бар
беттегі электр құралының сипаттамасына сай.
(1)
Ауыстырмалы жылдам қысқыш бұрғылау
патроны (GBH2-26DFR)
(2)
SDSplus ауыстырмалы бұрғылау патроны
(GBH2-26DFR)
(3)
SDSplus құрал бекіткіші
(4)
Шаңнан қорғайтын қаптама
(5)
Құлыптау төлкесі
(6)
Ауыстырмалы бұрғылау патронының бекіткіш
сақинасы (GBH2-26DFR)
(7)
Айналу бағытын ауыстырып-қосқыш
(8)
Ажыратқышқа арналған бекіту түймесі
(9)
Ажыратқыш
(10)
Соққыны/айналуды тоқтату қосқышының босату
түймесі
(GBH2-26DRE, GBH2-26DFR)
(11)
Соққыны/айналуды тоқтату қосқышы
(GBH2-26DRE, GBH2-26DFR)
(12)
Тереңдік шектегішін реттеу түймесі
(13)
Тереңдік шектегіші
(14)
Қосымша тұтқа (беті оқшауланған)
(15)
"Бұрғылау/соққымен бұрғылау" ауыстырып-
қосқышының құлыптан босату түймесі
(GBH2-26RE)
(16)
"Бұрғылау/соққымен бұрғылау" ауыстырып-
қосқышы
(GBH2-26RE)
(17)
Тұтқа (беті оқшауланған)
(18)
Тісті тоғыны бар бұрғылау патронына арналған
бекіткіш бұранда
a)
(19)
Тісті тоғыны бар бұрғылау патроны
a)
(20)
Бұрғылау патронына арналған SDSplus бекіткіш
білігі
a)
(21) Бұрғылау патронының бекіткіші (GBH2-26DFR)
(22)
Ауыстырмалы жылдам қысқыш бұрғылау
патронының алдыңғы төлкесі (GBH2-26DFR)
(23)
Ауыстырмалы жылдам қысқыш бұрғылау
патронының ұстағыш сақинасы (GBH2-26DFR)
(24)
Шаңсорғыш (GDE 16 Plus)
a)
(25)
Шаң жинағыш қап
a)
(26)
SDSplus бекіткіш білігі бар әмбебап ұстағыш
a)
a)
Бейнеленген немесе сипатталған жабдықтар стандартты
жеткізу көлемімен қамтылмайды. Толық жабдықтарды
біздің жабдықтар бағдарламамыздан табасыз.
Техникалық мәліметтер
Перфоратор GBH2-26RE GBH2-26DRE GBH2-26DFR
Өнім нөмірі
3611B517.. 3611B537.. 3611B547..
Айналу жиілігін басқару
1 609 92A 625 | (11.01.2022) Bosch Power Tools

Содержание

Похожие устройства

Скачать