Darina PL GM 241 010 1Х Руководство по эксплуатации онлайн [27/32] 785798

Darina PL GM 241 010 1Х Руководство по эксплуатации онлайн [27/32] 785798
KZ Пайдалану бойынша нұсқаулық GM241 00 000 РЭ U
25
Қалған түр бөлшектері сырмен қапталған.
Тазартқыш құралдарды пайдалану алдында жабын төзімділігін жасырын жерде шағын бөлікте
тексеру керек.
Эмаль жабынымен қапталған бөлшектерді тазарту кезінде сырланған беттерге арналған құралдың
сырмен қапталған бөлшектерге түспейтіндігін қадағалаңыз.
Сырланған беттердің тазартқыш құралдарға қатысты төзімділігі, эмаль жабындарына қарағанда,
төменірек, сондықтан жабынның қайтарымсыз зардаптармен зақымдалуының алдын алу үшін,
сырланған беттерді жуу үшін құрамына еріткіштер, абразивті материалдар жəне сілтілер >5%
қосылған жуу жəне тазарту құралдарын пайдаланбаңыз. Тазартуды аяқтар кезде бетті таза сумен
жуып, жұмсақ матамен немесе арнайы майлықпен құрғатып сүртіңіз.
17.3. ДУХОВКА ЕСІК КҮТІМІ:
17.3.1. Духовка есігін шешу үшін келесі əрекеттерді жасау керек:
1. Есікті толығымен ашыңыз;
2. Топсаны құлыптауды төменгі жаққа бұраңыз, сур. 11;
3. Құлып топсанды бекітпейінше ешқандай күш қолданбай, есікті тоқтағанша жабыңыз.
12 сур.;
4. Есікті бүйір жағымен алыңыз да, төменгі топса осьдерін босату үшін өзіңізге жəне
жоғары қарай тартыңыз, 13 сур. қараңыз;
5. Пештің корпусының роторларындағы ілгектерді ілмектерді босату үшін есікті
төмендетіңіз;
6. Есікті шешіп алыңыз.
7. Есікті керісінше орнатыңыз, тұтқаны көтеріңіз.
ЕСКЕРТУ! Духовканы жуған кезде, абай болыңыз резеңке тығыздағышты зақымдап
алмаңыз.
! Духовка есігінің шынысын тазарту үшін қатты абразивті тазартқыштарды немесе
қатты металл қырғыштарды пайдаланбаңыз, себебі олар бетті сырып кетуі мүмкін,
ол нəтижесінде сынып кетуі мүмкін.
Духовка есігінің шыныларын тазарту бойынша жұмыстар жүргізу үшін Сіз духовка есігін
бөлшектей аласыз.
17.3.2. Духовка есігін бөлшектеу үшін келесі əрекеттерді жасау керек:
1. Есікті матаға ішкі шынысын жоғары қаратып көлденеңінен орналастырыңыз;
2. Тұтқаны құлап кетуге қарсы ұстап тұрып, есіктің металл профильдерінің 4 бекіту бұрамасын
бұрап алу керек;
3. Есікті бөлшектеп, қажетті жұмыстар жүргізіңіз;
4. Есіктің жиналуын кері реттілікте жүргізу керек.
!
12 сур.
11 сур.
Духовка есігін алу
13 сур.

Содержание

Похожие устройства

Скачать