Darina PL GM 241 010 1Х Руководство по эксплуатации онлайн [29/32] 785798

Darina PL GM 241 010 1Х Руководство по эксплуатации онлайн [29/32] 785798
KZ Пайдалану бойынша нұсқаулық GM241 00 000 РЭ U
27
20.1. Жөндеу кезінде, сонымен қатар басқа газ берілісіне ауыстыру кезінде бүріккінің ауы-
стырылуын жүргізу (15, 16, 17 сур.)
Бүріккілерді ауыстыру үшін келесі əрекеттерді жасау керек:
1. Газ берілетін жалпы шүмекті жабу, плитаның барлық
шүмектерін жабу;
2. Плитада электрлік бөліктер болған кезде, плитаны
электрлік желіден сөндіру;
3. Үстел торларын, айырғыштары бар жанарғылар қақпағын
шешу;
4. S=7 шеткі ұштығы бар кілт көмегімен үстелдегі бүріккілерді
ауыстыру, тарту моменті 2…3 Н·м (0,2...0,3 кг·м) аспайды;
5. Гриль мен сопелдерін ауыстыру жағдайында кожух (газ
қақпақша) шешілсін;
■ Гриль жанарғысының немесе оттық
жанарғысының бүріккісін ауыстыру үшін (16,
17 сур. қар.) бүріккі ұстағышы қапсырмасын
бекітетін екі бұраманы бұрап алып, бүріккі бар
қапсырманы жанарғыдан (өзіңе қарай) тартып
шығару керек. Бұрғымен бекіністі қапсырмадан
ажыратып, бүріккіні ауыстыру керек.
Бүріккіні орнатқаннан кейін оның түйіспесін са-
бындаумен саңылаусыздыққа қатысты тексеру
керек, осы кезде бүріккілердің 1 кестеге сəйкес
орнатылғандығын қадағалау керек.
20.2. Термостат-шүмекте жəне үстел
жанарғыларының шүмегінде шағын алау
бұрамаларын (ШАБ) ауыстыру (18, 19 сур.):
Шағын алау бұрамасын ауыстыру үшін келесі
əрекеттерді жасау керек:
- үстел торларын, айырғыштар бар жанарғы қақпақтарын шешу, жанарғылар корпустарын бекітетін
бұрамаларды бұрап алу, жоғарғы панельді шешу;
- басқару тұтқаларын, қайырмаларды, басқару панелін шешу;
- ШАБ бұрап алу жəне оларды 1 кестеге сəйкес ауыстыру;
- жинау кері тəртіпте жүргізіледі, осы кезде бекініс элементтерінің тартылуының сəйкес моменттерін
жəне шағын алау бұрамасының плитаны пайдалану кезінде қолданылатын газ түріне сəйкестігін
қамтамасыз ету керек.
Шағын алау бұрамасы (ШАБ) Мкр=4 Н·м.(0,4 кг·м) моментімен орнатылады. Бұраманы орнату
алдында оны МЕСТ 20799-88 И-20А майымен майлау керек. Бұрама түрі 1 кесте бойынша газ
түрімен (табиғи немесе сұйылтылған) анықталады.
ШАБ ауыстырғаннан кейін оның түйіспесін сабындаумен саңылаусыздыққа қатысты тексеру
керек, осы кезде ШАБ 1 кестеге сəйкес орнатылғандығын қадағалау керек.
■ ШАБ шүмек сояуышында орналасатын шүмектер үшін, басқару тұтқаларын шешіп, сояуыштағы
саңылау арқылы тар бұрғымен газ шығынын реттеу керек.
20.3. Духовка мен үстелдің от жанатын орнының реттелетін ШАБ баптау (20 сурет).
Плиталарды табиғидан сұйылтылған газға жəне бір қысымнан басқасына ауыстыру кезінде,
реттелетін ШАБ крандарымен жабдықталған плиталар үшін соплоны ауыстырғаннан кейін ШАБ
қайта реттеу керек. Газ шығынын реттеу оны ауыстырусыз, ШАБ бұру арқылы жүргізіледі, жана-
тын орын отының тұрақты жануын қамтамасыз еткенге дейін, «кранды «аз от» қалпына аудару
кезінде, басқа жанатын орындардың барлығы «үлкен от» қалпында жұмыс жасап тұруы керек.
ШАБ кранның штогында орналасқан крандар үшін басқару тұтқаларын шешу керек жəне газ
шығынан штоктағы тесік арқылы жіңішке бұрағышпен реттеу керек.
15 сур.
Бүріккі
Жанарғы қақпағы
Үстел жанарғыларының бүріккісін ауыстыру
Жанарғы
айырғышы
Бүріккі
Тығыздағыш
сақина
Гриль жанарғыларының бүріккісін ауыстыру
Бүріккі ұстағышы
16 сур.
17 сур.
Бүріккі
Тығыздағыш
сақина
Оттық жанарғысының бүріккісін ауыстыру
Бүріккі ұстағышы
18 сур.
19 сур.
20 сур.
ШАБ
ШАБ
ШАБ
Шағын алау бұрамаларын (ШАБ) ауыстыру

Содержание

Похожие устройства

Скачать