Haier HW90-BP14959 [38/100] Назар аударыңыз

Haier HW90-BP14959 [38/100] Назар аударыңыз
KZ
6
Мақсаты бойынша пайдалану
Бұл құрылғы тек кір жуғыш машина ретінде ғана пайдалануға арналған. Барлық жағдай-
ларда киім заттаңбаларындағы күтім бойынша нұсқауларды орындау қажет. Кір жуғыш
машина тек үй-жай ішінде тұрмыстық пайдалануға ғана арналған. Ол коммерциялық
немесе өнеркәсіптік пайдалануға арналмаған.
Құрылғының құрылымына өзгерістерді енгізуге жол берілмейді. Мақсатсыз пайдалану
қауіпті жағдайлардың туындауына және барлық кепілдік міндеттемелердің жойылуына
әкелуі мүмкін.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Орнату
X Машинаны тек 5 °Cан жоғары температурада орнатыңыз және пайдаланыңыз.
X Машинаны тікелей кілемге, қабырғаға жақын немесе жиһаздың жанына орнатуға
тыйым салынады.
X Машинаны тікелей күн сәулесі түсетін жерге немесе жылу көздеріне жақын жерде
орнатпаңыз (мысалы, плиталар, жылытқыштар).
X Зауыттық тақтайшада көрсетілген электр сипаттамаларының электр қуат көзінің
параметрлеріне сәйкес келетініне көз жеткізіңіз. Сәйкессіздік жағдайында электр-
шінің көмегіне жүгініңіз.
X Үштіктерді және ұзартқыш кабельдерді пайдалануға тыйым салынады.
X Тек машинамен бірге жеткізілген қуат кабелін және құбыршектер жинағын пайда-
ланыңыз.
X Қуат кабелі мен ашаны зақымдамауды қадағалаңыз. Зақымдалған жағдайда ауы-
стыру үшін электршіге жүгініңіз.
X Машинаны қуаттау үшін оған машинаны орнатқаннан кейін оңай қол жеткізуге бо-
латын жерге тұйықталған жеке электр розеткасын пайдаланыңыз. Машина міндетті
түрде жерге тұйықталған болуы керек.
X Құбыршек қосылыстарының сенімділігін және ағып кететін жерлердің болмауын
тексеріңіз.
1. Қауіпсіздік техникасы бойынша ақпарат

Содержание

Похожие устройства

Скачать