Haier HW90-BP14959 [45/100] Күнделікті пайдалану

Haier HW90-BP14959 [45/100] Күнделікті пайдалану
12
KZ
13
6-3
6-1 6-2
KZ
6.3 Кірді жууға дайындау
X Іш киім мен киімді жасалған маталарының түрлеріне
(мақта, синтетикалық маталар, жүн немесе жібек және
т.с.с.), сондай-ақ ластану деңгейіне қарай сұрыптаңыз
(6-3-сур.). Киім жапсырмаларында күтім және жуу туралы
нұсқауларға назар аударыңыз.
X Ақ маталарды түсті маталардан ажыратыңыз. Түссізденуге
қаншалықты бейім екенін білу үшін алдымен түрлі-түсті
маталарды қолмен жуып көріңіз.
X Қалталарды босатыңыз (кілттерден, тиындардан және
т.с.с.) және киімнен қатты сәндік заттарды (мысалы, тана-
моншақ) алыңыз.
X Тігілмеген жиектері бар киімдер, нәзік маталар және жұқа
тоқылған маталарды, мысалы, жұқа перделер, нәзік бұй-
ымдарды жууға арналған сөмкеге салған жөн (оларды
қолмен жуған немесе құрғақ тазалаған дұрыс).
X Сыдырмаларды, жабысқақтарды және ілгектерді бекітіп,
түймелердің мықтап тігілгеніне көз жеткізіңіз.
X Мұқият қарауды қажет ететін бұйымдарды, мысалы,
сенімді тігілген жиектері жоқ, нәзік маталардан жасалған
іш киімдер және шұлықтар, белдіктер, емшекқаптар және
т.б. сияқты ұсақ заттарды жууға арналған сөмкеге са-
лыңыз.
X Төсек жайма, жамылғылар және т.с.с. үлкен заттарды жа-
зып жіберіңіз.
X Жуар алдында джинсы мен әшекейленген немесе ашық
түсті маталардан жасалған бұйымдарды сыртқа шыға-
рыңыз; оларды бөлек жуу ұсынылады.
6. Күнделікті пайдалану
Ескерту: саңылаусыздық
Машинаны пайдаланудың алдында шүмекті ашып, шүмектің құйма құбыршегімен
байланысында ағып кететін жерлердің жоқтығына көз жеткізіңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Тоқыма емес элементтер, сондай-ақ кішкентай, нәзік бекітілген және өткір заттар киім
мен кір жуғыш машинаның бұзылуына және зақымдалуына әкелуі мүмкін.
6.1 Электр қуат көзін қосу
Кір жуғыш машинаны электр қуат көзіне қосыңыз (жиілігі
50Гц, 220-240 В айнымалы ток; 6-1-сур.). Сондай-ақ, «Орнату»
бөлімін қараңыз.
6.2 Су беруді қосу
X Қосудың алдында кірістегі судың тазалығы мен мөлдір-
лігін тексеріңіз.
X Шүмекті ашыңыз (6-2-сур.).

Содержание

Похожие устройства

Скачать