Samsung NZ64H37070K/WT [91/176] Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар

Samsung NZ64H37070K/WT [91/176] Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар
2013-01-18
3
Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар_
Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар
Бұл құралдың қауіпсіздік мəселелері барлық қабылданған
техникалық жəне қауіпсіздік стандарттарына сай келеді.
Дегенмен, өндіруші ретінде Сізге келесі қауіпсіздік
техникасының нұсқауларымен таныстыру біздің
жауапкершілігіміз деп санаймыз.
Электр қауіпсіздігі
Құралды білікті маман дұрыс орнатуын жəне жерге қосуын
қадағалаңыз.
Құралға қатысты тек қана білікті қызметкерлер қызмет көрсетуі
тиіс. Біліктілігі жоқ тұлғалармен өткізілген жөндеу жұмыстары
жарақатқа немесе едəуір қателіктерге əкелуі мүмкін. Құралды
жөндеу керек болса, жергілікті қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз. Бұл нұсқауларды орындамау зақымға əкелуі
жəне кепілдік күшін жоюы мүмкін.
Кірістіріліп орнатылған құралдарды тек тиісті стандарттарға
сай шкафтарға жəне жұмыс орындарына орнатылғаннан кейін
ғана пайдалануға болады. Бұл негізгі қауіпсіздік стандарттары
талап ететіндей электр құрылғыларына тиюден жеткілікті
қорғанысты қамтамасыз етеді.
Егер Сіздің құралыңызда ақаулықтар бар болса немесе
бөлінген жерлер, сынықтар немесе айырылулар пайда болса:
- барлық дəнекерленген жерлерін ажыратыңыз;
- плитаны электр қуат желісінен ажыратыңыз; жəне
- өзіңіздің жергілікті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Бұл құрал жауапты ересек адамның тиісті қадағалауынсыз жас
балалардың немесе ақыл-ой қабілеті төмен адамдардың
пайдалануына арналмаған.
Жас балалардың бұл құралмен ойнамауын қадағалау керек.
Дəнекерлеу кезінде дəнекерлеу аймақтары қызатын болады.
Əрдайым кішкентай балаларды құралдан алшақ ұстаңыз.
ЕСКЕРТУ
Балалар қауіпсіздігі
ЕСКЕРТУ
Қауіпсіздік техникасы
бойынша нұсқаулар

Содержание

Похожие устройства

Скачать