Brayer BR2030 [40/52] Алғаш рет пайдалу алдында

Brayer BR2030 [40/52] Алғаш рет пайдалу алдында
40 KZ
Қуаттандыру бауы зақымданғанда қауіп тудырмау
үшін оны дайындаушы, сервистік қызмет немесе
баламалы білікті маман ауыстыруы тиіс.
Құрылғыны өздігіңізден жөндеуге тыйым салына-
ды. Құрылғыны өз бетіңізбен бөлшектемеңіз, кез-
келген ақаулықтар пайда болған кезде, сондай-ақ
құрылғы құлағаннан кейін оны электр желісінен
ажыратыңыз және авторланған сервистік орта-
лыққа жүгініңіз.
Құрылғыны зақымдамау үшін, оны тек зауыт
қаптамасында тасымалдаңыз.
Құрылғыны салқын және құрғақ жерде, балалар-
дың және мүмкіндігі шектеулі адамдардың қолы
жетпейтін жерде сақтаңыз.
ҚҰРАЛ ТЕК ТҰРМЫСТЫҚ ПАЙДАЛАНУҒА АР-
НАЛҒАН, ҚҰРАЛДЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ НЕМЕСЕ
ЗЕРТХАНАЛЫҚ МАҚСАТТАРДА ПАЙДАЛАНУҒА
ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
АЛҒАШ РЕТ ПАЙДАЛУ АЛДЫНДА
Құралды кері температурада тасымалдағаннан
немесе сақтағаннан кейін оны қаптамадан шыға-
рыңыз және пайдалану алдында 3 сағат күтіңіз.
Құралды қаптамадан шығарыңыз және барлық
қаптама материалдарын жойыңыз.
Зауыт қаптамасын сақтаңыз.
Қауіпсіздік шаралары мен пайдалану нұсқаула-
рымен танысыңыз.
Жинақталымын тексеріңіз.
Құралды зақымдануына қатысты байқаңыз
зақымдануы болған жағдайда оны желіге
қоспаңыз.
Құрылғының қуат кернеуінің көрсетілген параме-
трлері электр желісінің параметрлеріне сәйкес
келетініне көз жеткізіңіз. 60 Гц жиіліктегі электр
желісіндегі құрылғыны пайдалану кезінде қосым-
ша әрекеттер қажет емес.
Аэрогрилдің бетін сәл дымқыл шүберекпен
сүртіңіз, содан кейін құрғатып сүртіңіз.
Тұтқаны (7) ұстап, табандықты (9) себетпен (8)
шығарып алыңыз.
Қауіпсіздік қақпағын (5) көтеріңіз, бекітпе батырма-
сын (6) басыңыз және себетті (8) табандықтан (9)
шығарып алыңыз (сур. 1).
Себетті (8) бейтарап жуғыш зат қосылған жылы
сумен жуып жіберіңіз, шайыңыз, содан кейін
құрғатып сүртіңіз.
Себетті (8) табандыққа (9) бекіткіш іске қосылғанға
дейін орнатыңыз (сур. 2).
Табандықты (9) себетпен (8) аэрогрилге орна-
тыңыз.
Ескертпе: - егер табандық аэрогриль корпусына
бекітілмеген болса, онда аэрогриль қосылмайды, та-
бандықтың (9) дұрыс орнатылуын әрдайым тексеріп
отырыңыз.

Содержание

Скачать