Brayer BR2030 [41/52] Аэрогрилді пайдалану

Brayer BR2030 [41/52] Аэрогрилді пайдалану
41KZ
АЭРОГРИЛДІ БІРІНШІ РЕТ ҚОСУ
Бөгде иістерді кетіру үшін аэрогрилді өнімдерді
себетке (8) салмай тұрып қосу ұсынылады.
Тұтқамен (4) максималды температураны орна-
тыңыз, тұтқамен (1) жұмыс уақытын 5-10 минутқа
орнатыңыз. Аэрогрилді өшіргеннен кейін қуат
сымының ашасын электр розеткасынан суырып
алыңыз, аэрогрилдің салқындауын күтіңіз табан-
дықты (9) шығарып алыңыз, себетті (8) шыға-
рыңыз және оны қайтадан жуып жіберіңіз.
Ескерту: - құрылғыны бірінші рет қосқан кезде,
қыздыру элементінен бөтен иіс немесе аз мөлшерде
түтін шығуы мүмкін - бұл қалыпты құбылыс және
кепілдік жағдайы болып табылмайды.
АЭРОГРИЛДІ ПАЙДАЛАНУ
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
- Аэрогриль суды қайнатуға арналмаған.
- Аэрогриль жұмыс істеп тұрған кезде жылу
шығады және ыстық бу тордан (10) шығуы мүм-
кін. Күйіп қалу, өрт немесе басқа адамдардың
жарақаттануы немесе мүліктің бүліну қаупін
болдырмау үшін тиісті сақтық шараларын
қолданыңыз.
- Аэрогриль жұмыс кезінде қызады және өшіріл-
геннен кейін біраз уақыт жылуды сақтайды.
Ыстық беттермен жұмыс жасау кезінде әрдай-
ым ас үй ұстағыштарын қолданыңыз және аэ-
рогрильді тазалау алдында металл бөліктерін
салқындату үшін біраз уақыт күтіңіз.
- Дайындалған өнімдерді себеттен шығарған
кезде абайлық сақтаңыз, өнімдерді шарарда,
әрқашан күюге қарсы беттерге арналған ас
үйлік аксессуарларды қолданыңыз.
Аэрогрилді тегіс, құрғақ, тұрақты, ыстыққа төзімді
бетке орнатыңыз және қолданыңыз, желі розетка-
сына кіру әрқашан бос болуы тиіс.
Аэрогриль корпусының қабырғасынан артқы
бөлігіне дейінгі қашықтық кемінде 20-30 см, аэро-
гриль корпусының бүйір бөліктерінен қашықтығы
кемінде 10-20 см болуы тиіс.
Ыстық ауаны тартатын және шығаратын торлар-
дың күйін әрдайым қадағалаңыз, әйтпесе ыстық
ауа айналымы бұзылады, бұл өнімдерді дайындау
процесіне әсер етуі мүмкін немесе құрылғыны
зақымдауы мүмкін.
Тұтқаны (7) ұстап, табандықты (9) себетпен (8)
шығарып алыңыз.
Өнімдерді себетке (8) салыңыз себетті (8) өнім-
дермен толтырмаңыз. Өнімді дұрыс дайындау
үшін ыстық ауа айналымы қажет, сондықтан
себетті (8) көлемнің 2/3 бөлігінен артық толтыру
ұсынылмайды. Жаңа піскен көкөністерді қуырған
кезде себетке (8) 3 тостағаннан артық емес тағам
салу ұсынылады.
Табандықты (9) аэрогрилдің корпусына салыңыз,
табандық (9) дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз,
әйтпесе аэрогриль қосылмайды.

Содержание

Скачать