Samsung HW-Q930B/ZN [111/126] Мобильді құрылғыны қосу

Samsung HW-Q930B/ZN [111/126] Мобильді құрылғыны қосу
KAZ - 27
07 МОБИЛЬДІ ҚҰРЫЛҒЫНЫ ҚОСУ
1-әдіс. Bluetooth арқылы қосылу
Мобильді құрылғы Bluetooth арқылы қосылған кезде, стерео дыбысты кабельдерсіз естуге болады.
Жұптасқан Bluetooth құрылғысын Soundbar құрылғысының өшірулі күйінде жалғаған кезде, Soundbar құрылғысы автоматты түрде қосылады.
PAIR
5 Sec
5 Sec
НЕМЕСЕ
Soundbar құрылғысының үстіңгі жағы
BT PAIRING
<Q930B / Q800B>
Soundbar құрылғысының үстіңгі жағы
BT PAIRING
<Q700B>
Мобильді құрылғы
Бастапқы қосылым
Жаңа Bluetooth құрылғысына қосылған кезде құрылғының 1 м шеңберінде болғанына көз жеткізіңіз.
1. BT PAIRING режимін енгізу үшін Soundbar қашықтан басқару пультіндегі PAIR түймесін басыңыз.
(НЕМЕСЕ)
a. Үстіңгі панельдегі
(Көп функция) / (Көз) түймесін басыңыз, одан кейін BT” опциясын таңдаңыз.
BT” режимі “BT PAIRING” режиміне бірнеше секунд ішінде автоматты түрде ауысады немесе қосылу жазбасы бар болса, “BT READY” режиміне
ауысады.
b. BT READY” пайда болғанда BT PAIRING” көру үшін Soundbar құрылғысының үстіңгі панеліндегі (Микрофон қосулы/өшірулі) / (Көз)
түймесін 5 секундтан астам уақыт бойы басып тұрыңыз.
2. Құрылғыңызда пайда болатын тізімнен Soundbar Q***B” тармағын таңдаңыз.
Soundbar құрылғысы мобильді құрылғыға қосылған кезде, алдыңғы дисплейде [Мобильді құрылғының атауы] → BT” пайда болады.
3. Музыка файлдарын Bluetooth және Soundbar құрылғысы арқылы қосылған құрылғыдан ойнатыңыз.
Soundbar құрылғысын мобильді құрылғыға алғаш рет қосқаннан кейін қайта қосу үшін BT READY режимін пайдаланыңыз.
Құрылғы қосылмаған жағдайда
Егер Мобильді құрылғыдағы колонкалар тізімінде Soundbar құрылғысы (мысалы, “Soundbar Q***B”) болса, оны жойыңыз.
1-ші және 2-ші қадамды қайталаңыз.
BT READY және BT PAIRING арасындағы айырмашылық неде?
BT READY: Бұл режимде бұрын жалғанған кез келген Samsung теледидарын немесе мобильді құрылғыны қайта жалғауға болады.
BT PAIRING: Бұл режимде Soundbar құрылғысына жаңа құрылғыны жалғауға болады.
(Soundbar құрылғысы BT” режимінде болғанда Soundbar құрылғысының қашықтан басқару пультіндегі PAIR түймесін басыңыз немесе Soundbar
құрылғысының жоғарғы жағындағы (Микрофон қосулы/өшірулі) / (Көз) түймесін 5 секундтан астам уақыт бойы басып тұрыңыз.)

Содержание

Скачать