Samsung HW-Q930B/ZN [112/126] Bluetooth байланысы бойынша ескертпелер

Samsung HW-Q930B/ZN [112/126] Bluetooth байланысы бойынша ескертпелер
KAZ - 28
Bluetooth байланысы бойынша ескертпелер
Bluetooth байланысы арқылы қосылу үшін жаңа құрылғыны 1 м шеңберінде орналастырыңыз.
Bluetooth құрылғысын қосқан кезде PIN кодын енгізу қажет болса, <0000> енгізіңіз.
Soundbar құрылғысы дайын күйде 18 минуттан кейін автоматты түрде өшіріледі.
Soundbar құрылғысы келесі жағдайларда Bluetooth арқылы іздеуді немесе қосылуды дұрыс атқармауы мүмкін:
Soundbar құрылғысының айналасында күшті электр өрісі болған жағдайда.
Бірнеше Bluetooth құрылғысы Soundbar құрылғысымен үздіксіз жұптасқан жағдайда.
Bluetooth құрылғысы өшірулі, орнында емес немесе ақаулықтар болған жағдайда.
Электрондық құрылғылар да радиокедергілердің пайда болуына себеп болады. Микротолқынды пеш, сымсыз LAN құрылғылары және басқа да
электрмагниттік толқын шығаратын құрылғыларды Soundbar негізгі құрылғысынан алшақ ұстаңыз.
Soundbar құрылғысы SBC деректерін (44,1 кГц, 48 кГц) қолдайды.
A2DP (AV) функциясын қолдайтын Bluetooth құрылғысына ғана жалғаңыз.
Soundbar құрылғысын тек HF (Hands Free) функциясын қолдайтын Bluetooth құрылғысына жалғау мүмкін емес.
Soundbar құрылғысын Bluetooth құрылғысына жалғағанда, оларды бір-біріне мүмкіндігінше жақын қойыңыз.
Soundbar құрылғысы мен Bluetooth құрылғысы бір-бірінен алыс орналасқан сайын, дыбыс сапасы төмендей береді.
Bluetooth байланысы құрылғылар қосыла алатын аймақтан тыс болғанда үзілуі мүмкін.
Қабылдау мүмкіндігі төмен аймақтарда Bluetooth қосылымы күтілетіндей жұмыс істемеуі мүмкін.
Келесі жағдайларда Bluetooth құрылғысынан шуыл шығуы немесе ақау пайда болуы мүмкін:
Дене Bluetooth құрылғысындағы немесе Soundbar құрылғысындағы сигнал трансиверіне тигенде
Электрлік өзгерістер пайда болуы мүмкін бұрыштарда немесе жақын жерде қабырға немесе арақабырға сияқты кедергі болғанда.
Медициналық жабдық, микротолқынды пештер және сымсыз LAN құрылғылары сияқті бірдей жиілік ауқымдарында жұмыс істейтін басқа өнімдерден
радио кедергілер болғанда.
Құрылғылар тиімді ауқымда болса да, есіктер мен қабырғалар сияқты кедергілер дыбыс сапасына әсер етуі мүмкін.
Bluetooth опциясын пайдалану барысында Soundbar құрылғысын басқа Bluetooth құрылғыларымен жұптастыру мүмкін емес екенін ескеріңіз.
Жұмыс барысында осы сымсыз құрылғыдан электрлік кедергі шығуы мүмкін.
Bluetooth құрылғысын Soundbar құрылғысынан ажырату
Bluetooth құрылғысын Soundbar құрылғысынан ажыратуға болады. Нұсқауларды Bluetooth құрылғысының пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз.
Soundbar құрылғысы ажыратылатын болады.
Soundbar құрылғысын Bluetooth құрылғысынан ажыратқан кезде, Soundbar құрылғысының алдыңғы дисплейінде “BT DISCONNECTED” деген жазу көрсетіледі.
Soundbar құрылғысын Bluetooth құрылғысынан ажырату
BT” режимін басқасына ауыстыру үшін Soundbar құрылғысының жоғарғы жағындағы (Көп функция) / (Көз) түймесін немесе қашықтан басқару пультіндегі
(Көз) түймесін басыңыз.
Bluetooth құрылғысы Soundbar құрылғысынан жауап алу қажет болғандықтан, ажыратуға шамалы уақыт кетеді. (Bluetooth құрылғысына байланысты ажырату
уақыты әртүрлі болуы мүмкін)
Soundbar құрылғысын Bluetooth құрылғысынан ажыратқан кезде, Soundbar құрылғысының алдыңғы дисплейінде “BT DISCONNECTED” деген жазу көрсетіледі.

Содержание

Скачать