Samsung HW-Q930B/ZN Руководство по эксплуатации онлайн [94/126] 804467

Samsung HW-Q930B/ZN Руководство по эксплуатации онлайн [94/126] 804467
KAZ - 10
7
Дыбысты басқару
Түймені басу арқылы сіз Spacet sound, AVA, Voice enhance mode, Night mode, Sync, Surround speaker mode, Virtual секілді аудио
функциясын орната аласыз. Қажетті элементті Жоғары/Төмен түймелерімен реттеуге болады.
Q700B моделінде Spacet sound және AVA функциялары қолданылмайды.
Voice enhance mode фильмдер мен теледидарда жақсырақ естілетіндей етіп ауызша диалогты жақсартады.
Night mode дыбыс деңгейін төмендеу, бірақ диалог анықтығын сақтайтын етіп реттелген параметрлермен түнде қарау үшін
оңтайландырылады.
Әрбір жиілік диапазонының дыбысын реттеу үшін
(Дыбысты басқару) түймесін шамамен 5 секунд басып тұрыңыз. Сол
жақ/Оң жақ түймелері арқылы 150 Гц, 300 Гц, 600 Гц, 1,2 кГц, 2,5 кГц, 5 кГц және 10 кГц жиілігін таңдауға болады және
әрбіреуін Жоғары/Төмен түймелері арқылы -6 және +6 аралығындағы параметрге реттеуге болады.
(Дыбыс режимі “Standard” күйіне орнатылғанына көз жеткізіңіз.)
Егер теледидардағы бейне мен Soundbar құрылғысындағы аудио синхрондалмаған болса, "Дыбысты басқару" бөліміндегі
Sync опциясын таңдаңыз, одан кейін Жоғары/Төмен түймелерінің көмегімен аудио кешігуін 0-300 миллисекунд арасында
орнатыңыз.
Sync опциясы тек кейбір функцияларда ғана қолданылады.
Қолжетімді Surround speaker mode параметрлеріне тек Q930B моделінде ғана қолдау көрсетіледі.
Жоғары/Төмен түймелері арқылы Virtual колонкасын ҚОСУҒА/ӨШІРУГЕ болады.
8
Ойнату/кідірту
Түймені басу арқылы музыканы да ойнатуға немесе тоқтатуға болады.
9
Жоғары/төмен/сол
жақ/оң жақ
Жоғары/төмен/сол жақ/оң жақ параметрін таңдау үшін көрсетілген аймақтарды басыңыз.
Функцияны таңдау немесе орнату үшін түймедегі “Жоғары/Төмен/Сол жаққа/Оң жаққа” бөлігін басыңыз.
Музыканы өткізіп жіберу
Келесі музыка файлын таңдау үшін Оң жақ түймесін басыңыз. Алдыңғы музыка файлын таңдау үшін Сол жақ түймесін
басыңыз.
ID SET
Сабвуфер немесе көлемді дыбыс динамиктері қосылмаған немесе қайта қосылуды қажет ететін болса, осы параметрді
пайдаланыңыз.
Өшіп тұрғанда ID SET әрекетін орындау үшін Жоғары түймесін 5 секунд басып тұрыңыз. (16-бетті қараңыз.)
10
Ақпарат
Белсенді функция немесе қолжетімді кодек туралы ақпаратты көру үшін басыңыз.
BT режимінде ол жалғанған құрылғыны (жұптастыру аяқталған кезде) немесе BT ready” хабарламасын көрсетеді (жұптастыру
қажет болғанда).
11
WOOFER LEVEL
Вуфер (бас) деңгейін реттеу үшін түймені жоғары немесе төмен қарай басыңыз.
12
ДЫБЫС ДЕҢГЕЙІ
Дыбыс деңгейін реттеу үшін түймені жоғары немесе төмен қарай басыңыз.
Дыбысты өшіру
Дыбысты өшіру үшін ДЫБЫС ДЕҢГЕЙІ түймесін басыңыз. Дыбысты қосу үшін қайта басыңыз.
13
TONE CONTROL
Түймені басу арқылы төмен жиіліктегі дыбыстың немесе бас дыбысының деңгейін реттей аласыз. Қажетті элементті Жоғары/
Төмен түймелерімен реттеуге болады. Бұл функция Standard режимінен басқа, Дыбыс режимінде іске қосылады.
Әр дыбыс колонкасының дыбыс деңгейін бақылау үшін, «Дыбыс параметрлері» бөлімінде TREBLE немесе BASS параметрін
таңдаңыз, одан кейін Жоғары/Төмен түймелерін пайдаланып дыбыс деңгейін -6 және +6 аралығында реттеңіз.
Басс деңгейі өзгертілгеннен кейін вуфер деңгейі де сәйкесінше реттеледі.

Содержание

Скачать