Samsung NV68R3541RS/WT [100/176] Жалпы параметрлер

Samsung NV68R3541RS/WT [100/176] Жалпы параметрлер
12 Қазақ
Іске пайдалану
Іске пайдалану
Жалпы параметрлер
Барлық пісіру режимдерінің әдепкі температурасын және/немесе пісіру уақытын өзгертуге болады.
Таңдалған пісіру режимінің әдепкі температурасын және/немесе пісіру уақытын өзгерту үшін келесі
қадамдарды орындаңыз.
Температура
1. Режимді немесе функцияны таңдау үшін режим
таңдайтын тетікті бұраңыз. Әр таңдалған
режимнің әдепкі температурасы көрсетіледі.
2. Қажетті температураны орнату үшін параметр
дискін бұраңыз.
3. Өзгертулерді растау үшін OK түймесін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ
Бірнеше секунд ішінде ешбір өзгеріс енгізілмесе, пеш әдепкі параметрлерді қолданып автоматты
түрде пісіре бастайды.
Орнатылған температураны өзгерту үшін түймесін басып, жоғарыдағы қадамдарды
орындаңыз.
Пештің ішіндегі нақты температураны уәкілетті ұйым рұқсат еткен рұқсатталған термометр мен
әдісті қолданып өлшеуге болады.
Басқа термометрлерді пайдаланған кезде өлшеу қатесі пайда болуы мүмкін.
09 Пісіру уақыты Пісіру уақытын орнату үшін басыңыз.
10 Пештің шамы Ішкі жарықтама шамды қосу немесе сөндіру үшін пайдаланыңыз.
Қуатты үнемдеу үшін шамалы уақыт пеш қолданылмай тұрған
кезде автоматты түрде сөнеді.
11 Бала қауіпсіздігінің
құралы
Қатерлі жағдайларға жол бермеу үшін Бала қауіпсіздігінің құралы
барлық басқару құралдарын ажыратады.
Бірақ режим таңдайтын тетікті сөндіру арқылы сөндіруге болады.
Басқару панеліндегі бекітпені іске қосу үшін 3 секунд немесе
сөндіру үшін қайта 3 секунд басып ұстап тұрыңыз.
12 Параметр дискі Параметр дискін төмендегі жағдайларда қолданыңыз:
Пісіру уақыты мен температурасын орнату.
Жоғарғы деңгейдегі мәзірлердің ішкі элементін таңдау: Тазалау,
Автоматты пісіру, Арнайы функция немесе Гриль.
Автоматты пісіру бағдарламалары үшін мәзірдің көлемін
таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ
Резеңке немесе пеш қолғабын киіп тұрып дисплейді түрткен кезде дұрыс жұмыс істемеуі
мүмкін.
Есік ашылғанда немесе пеш жұмыс істей бастағанда пештің шамы автоматты түрде жанады.
NV68R3541RS_WT_DG68-01033D-00_KK.indd 12 6/25/2019 6:29:11 PM

Содержание

Похожие устройства

Скачать