Samsung NV68R3541RS/WT [104/176] Іске пайдалану

Samsung NV68R3541RS/WT [104/176] Іске пайдалану
16 Қазақ
Іске пайдалану
Іске пайдалану
Қос режиммен пісіру
Пісіру корпусын үстіңгі және астыңғы аумақтарға бөлу үшін жинақпен бірге берілген бөлгіш құралды
пайдалануға болады. Бұл пайдаланушыларға екі түрлі пісіру режимдерін қатар қосуға немесе бір
аумақты ғана таңдап пісіруге мүмкіндік береді.
1. Тағам пісірілетін бөлікті екі аумаққа бөлу үшін
бөлгіш құралды 3-ші деңгейге қойыңыз.
2. Пісіру режимін таңдау үшін режим таңдайтын
тетікті бұраңыз.
Үстіңгі аумақта Гриль, Конвекция және Үстіңгі
қызу + Конвекция режимін, астыңғы аумақта
Конвекция, Астыңғы қызу + Конвекция және
Астыңғы қызу режимін таңдауға болады.
3. Үстіңгі аумақты таңдау үшін түймесін
немесе астыңғы аумақты таңдау үшін
түймесін басыңыз.
Таңдалған аумақта белгішесі пайда болады.
4. Қажет болса пісіру уақытын және/немесе
температураны орнатыңыз. Толық ақпаратты
Жалпы параметрлер тарауынан қараңыз.
5. Болған кезде OK түймесін басыңыз.
белгішесі көрініп, пеш ішкі температура нысан
температураға жеткенше қыза бастайды.
Тағам пісіруге арналған нұсқауларда басқаша
көрсетілмесе, барлық пісіру режимдерінде алдын
ала қыздыруды қолдануды ұсынамыз.
ЕСКЕРТПЕ
Қос режимнің қол жетімділігі пісіру режиміне байланысты. Қосымша ақпаратты осы нұсқаулықтың
Смарт пісіру тарауынан қараңыз.
Пісіру режимдері (Грильден басқа)
Жұлдызшасы (*) бар пісіру режимдері алдын ала жылдам қыздыру циклында жұмыс істейді және
кемінде 100 °C градустан төмен орнатылған температураларда сөнеді.
Режим
Температура ауқымы (°C)
Ұсынылған
температура (°C)
Бір
Қос
Үстіңгі Астыңғы
Конвекция
режимі
* 40-250 40-250 40-250 170
Артқы қыздырғыш элемент қызу бөледі және оны конвекция
желдеткіштері біркелкі таратады. Бұл режимді бір уақытта әр түрлі
деңгейде пісіру және қуыру үшін пайдаланыңыз.
Дәстүрлі пісіру
режимі
* 40-250 - - 200
Қызу үстіңгі және астыңғы қыздырғыш элементтерден бөлінеді. Бұл
функцияны тағамның барлық дерлік түрлерін, әдеттегідей пісіру
және қуыру үшін пайдалануға болады.
Үстіңгі қызу +
Конвекция
* 40-250 40-250 - 190
Үстіңгі қыздырғыш элемент қызу бөледі және оны конвекция
желдеткіштері біркелкі таратады. Бұл режимді үстін қытырлақ етіп
қуыруды қажет ететін (мысалы, ет немесе лазанья) тағам үшін
пайдаланыңыз.
NV68R3541RS_WT_DG68-01033D-00_KK.indd 16 6/25/2019 6:29:15 PM

Содержание

Похожие устройства

Скачать