Coolfort 3040 [13/28] Қазақша

Coolfort 3040 [13/28] Қазақша
13
ҚАЗАҚША
Ескертпе:
қондырмалар (27, 28) шаңсорғыш корпусының ішіндегі
арнайы бөлімдерде сақталады. Оларға қол жеткізу
үшін шаңсорғыштың қақпағын (7) ашып, алыңыз;
әрқашан сүзгінің (23) тазалығын қадағалаңыз,
себебі бұған шаңсорғыш жұмысының нәтижелілігі
байланысты болады;
шаңжинағыш-контейнерде (12) контейнердің (12)
сүзгісі (23) орнатылмаған күйінде орнатылуына
кедергі келтіретін бұғаттау құрылғысы бар, әрқашан
шаңжинағыш-контейнерін (12) орнына қоярда сүзгінің
(23) орнатылу дұрыстығын тексеріп отырыңыз.
Сақтандыру шаралары
Қатты қыздырылған сыртқы беттердің тікелей
қасында, күлсауыттардың қасында, сонымен қатар
тез тұтанатын сұйықтықтар сақталатын жерлерде
шаңсорғышпен жинастыруды жүргізбеңіз.
Жинастыруды бастау алдында, құрылғының
бұзылуына жол бермеу үшін еденнен үшкір заттарды
алыңыз.
Егер жинастыру кезінде шаңсорғыштың сорғызу
қуаты кенет азайып қалса, оны дереу сөндіріңіз
және телескопты түтіктің (4) немесе құбыршектің (6)
қоқыстануын тексеріңіз. Шаңсорғышты сөндіріңіз,
содан кейін оны электрлік желіден ажыратыңыз,
қоқыстануды жойыңыз, осыдан кейін ғана
жинастыруды жалғастыруға болады.
ПАЙДАЛАНУ
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Шаңсорғышты орнатылған
шаңжинағыш-контейнерімен (12) және оған орнатылған
сүзгісімен (23), сонымен қатар орнатылған шығу
сүзгісімен (25) ғана іске қосуға болады. Сүзгілердің (23,
25) дұрыс орнатылғандығын міндетті түрде тексеріңіз.
Жұмысты бастамас бұрын желі бауын қажетті
ұзындыққа тартыңыз және желі бауының ашасын
электр розеткасына қосыңыз.
Желі бауындағы сары белгі желі бауының
максималды ұзындығын білдіреді. Желілік бауды
қызыл белгіден әрі шығаруға тыйым салынады.
Шаңсорғышты қосу үшін қосу/сөндіру батырмасын
(14) басыңыз.
Жұмыс істеу уақытында сіз сорғызу қуатын реттегішті
(17) бұрап реттей аласыз. Ауа ағыны реттегішпен (3)
реттеледі.
Үй-жайдағы жинастыруды аяқтағаннан кейін қосу/
сөндіру батырмасын (14) басыңыз және желі бауын
электр розеткасынан шығарыңыз.
Желі бауын орау батырмасы (16) шаңсорғыштың
корпусында орналасқан, желі бауын орау үшін орау
батырмасын (16) басыңыз, оралып жатқан бауды
зақымданбауы және қабатталмауы үшін қолыңызбен
ұстап тұрыңыз.
Жинастыру арасындағы үзілістерде қылшақты (1)
«тұрақ» орнына (18) орнатуға болады.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІМ
Контейнер-шаңжинауышты (12) тазалау
Контейнер-шаңжинауыштан (12) қоқысты немесе шаңды
жоюды панажайды әр жинастырған сайын жүзеге
асырыңыз.
Шаңсорғышты сөндіріңіз және оны желіден
ажыратыңыз.
Батырмаға (13) басыңыз және абайлап алдыңғы
қақпақты (7) көтеріңіз (сур. 3). Сабынан (11)
ұстаңыз және шаңжинағыш-контейнерді (12)
шаңсорғыш корпусынан өзіңізге қарай тартып
шығарып алыңыз (сур. 3).
Шаңжинағыш-контейнерді (12) қоқыс шелегінің
үстінен ұстаңыз.
Бекітпе-батырмаға (19) басыңыз және контейнер
қақпағын (20) ашыңыз (сур. 3).
Шаң мен қоқысты контейнерден (12) жойыңыз.
Қақпақты (20) жабыңыз.
Контейнерді (12) орнына орнатыңыз.
Сүзгілерді (23, 25) тазалау
Контейнерді (12) жоғарыда сипатталғандай,
алдын-ала шаң мен қоқыстан тазартыңыз.
Шығу сүзгісін (25) шешіп алыңыз (сур. 4).
Алдын-ада контейнердің қақпағын (20) ашып,
сүзгіні (23) шешіп алыңыз.
Сүзгіні (23) шешіп алу үшін оны өзіңізге тартып,
сүзгіні (23) орнату орнынан (22) шығарып алыңыз,
(сур.4).
Бекіткішке (24) басып, шығару сүзгісінің торын (26)
шешіп алыңыз, сүзгіні (25) шығарыңыз.
Сүзгілерді (23, 25) шаңнан және қоқыстан
тазалаңыз және оларды жылы судың ағынының
астында жуыңыз.
Ескертпе:
сүзгілерді (23, 25) су ағынын сүзгілердің (23, 25)
сыртына бағыттап шайыңыз.
Сүзгілерді жуу үшін ыдыс жуатын машиналарды
пайдаланбаңыз.
Сүзгілерді мұқият құрғатыңыз.
Сүзгілерді құрғату үшін фенді пайдалануға тыйым
салынады.
Контейнер-шаңжинауышты (12) жуыңыз, оны
сүртіңіз және құрғатыңыз.
Сүзгіні (23) орнату орнына (22) орнатыңыз және
тірелгенге дейін ақырын басыңыз, содан кейін
қақпақты (20) жабыңыз.
Сүзгіні (25) орнына орнатыңыз.
Құрастырылған контейнер-шаңжинағышты (12)
шаңсорғыш корпусына орнатыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Контейнер-шаңжинағышты (12) шаңсорғыш
корпусына орнату алдында, сүзгінің құрғақ екенін,
және контейнер-шаңжинағыштың (12) ішінде ылғал
жоқ екенін тексеріңіз.
САҚТАЛУЫ
Шаңсорғышты ұзақ уақытқа сақтауға қойғанға
дейін, шаңсорғыш корпусын, шаңжинауышты және
сүзгілерді (23, 25) тазалауды жүргізіңіз.
Сақтау кезіндегі ыңғайлылық үшін шаңсорғыш
корпусының түбінде орналасқан қылшақ тұрағы
орнын (18) пайдаланыңыз.
Құрылғыны балалардың және мүмкіндіктері
адамдардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать