Brayer BR1607 [41/52] Қауіпсіздік шаралары және пай далануға беру жөніндегі нұсқау лықтар

Brayer BR1607 [41/52] Қауіпсіздік шаралары және пай далануға беру жөніндегі нұсқау лықтар
41
KZ
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ЖӘНЕ ПАЙ-
ДАЛАНУҒА БЕРУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУ-
ЛЫҚТАР
Еттартқышты пайдалану алдында қолдану жөнін-
дегі басшылықпен мұқият танысып шығыңыз,
оқыған соң, болашақта пайдалану үшін сақтап
қойыңыз.
Құрылғыны осы нұсқаулықта баяндалғандай, оның
тікелей тағайыны бойынша ғана пайдаланыңыз.
Еттартқышты дұрыс қолданбау оның бұзылуына,
және пайдаланушыға немесе оның мүлкіне зиян
келтіруге әкеп соғуы мүмкін және кепілдік жағдайы
болып табылмайды.
Заттаңбада көрсетілген құрылғының жұмыс
кернеуі, электр желісінің кернеуіне сәйкес екеніне
көз жеткізіңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Үздіксіз жұмыс істеу
уақыты 5 минуттан аспауы керек, содан кейін 10
минуттан кем емес уақытқа үзіліс жасаңыз.
Құрылғыны үй-жайдан тыс жерде пайдалануға
тыйым салынады.
Құрылғыны найзағай кезінде пайдалану ұсыныл-
майды.
Еттартқышты тек құрғақ, тегіс және тұрақты бетке
орнатыңыз, жылу, ашық жалын және тікелей күн
сәулесі көздерінен алыс жерде пайдаланыңыз.
Құрылғыны жылыту аспаптарының, ашық оттың
немесе жылу көздерінің тікелей жанында пайда-
ланбаңыз.
Еттартқышты аэрозольдар пайдаланылатын
немесе шашырайтын жерлерде, сондай-ақ тез
тұтанатын сұйықтықтарға жақын жерлерде пайда-
лануға тыйым салынады.
Құрылғыны соққыдан, құлаудан, дірілден және
басқа да механикалық әсерлерден сақтаңыз.
Еттартқыштың жұмыс істеуі барысында құрылғы
корпусындағы желдету саңылауларын жаппаңыз,
бұл электромотордың қызып кетуіне әкеп соғуы
мүмкін.
Желіге қосылған құрылғыны, қараусыз қалдыр-
маңыз.
Еттартқыш корпусын, қуаттандыру бауын немесе
қуаттандыру бауының ашасын суға немесе
кез-келген басқа сұйықтықтарға салмаңыз.
Құрылғыны асүйлік раковинасына жақын жерде,
жуынатын бөлмеде, бассейндер немесе басқа да
су толтырылған сыйымдылықтарға жақын жерде
пайдаланбаңыз.
Егер құрылғы суға құлап кетсе, дереу қуаттандыру
бауының ашасын электр розеткасынан суырыңыз,
содан кейін ғана құрылғыны судан алып шығуға
болады. Құрылғыны тексерту немесе жөндету
үшін сервис орталығына жүгініңіз.
Қуаттандыру бауы ыстық беттерге және жиһаздың
өткір жиектеріне тиюін болдырмаңыз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать