Brayer BR1607 [47/52] Көкөніс кескіш

Brayer BR1607 [47/52] Көкөніс кескіш
47
KZ
Шешілмелі бөлшектерді бейтарап жуу құралы
қосылған жылы сумен жуыңыз. Шайыңыз және
кептіріңіз.
ШҰЖЫҚШАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАБЫҚША-
НЫ ТОЛТЫРУ
Фаршты дайындаңыз.
Еттартқыш бастиегін (7) орнату орнына (4) орна-
тыңыз (рис. 2).
Иірмекті (8) еттартқыш бастиегінің корпусына (7)
орнатыңыз, иірмекке (8) айқаспалы пышақты (9),
торлардың бірін (10), шұжықшаларды толтыруға
арналған қондырманы (12) орнатыңыз, содан
кейін сомынды (11) тартып тастаңыз (сур. 11).
Еттартқыш бастиегіне (7) өнімдерге арналған
астаушаны (6) орнатыңыз.
Табиғи қабықшаны 10-15 минутқа жылы суы бар
ыдысқа салыңыз.
Жұмсартылған қабықшаны қондырмаға (12) ки-
гізіңіз, қабықшаның аяқ жағын түйіп байлаңыз.
Өнімдерге арналған астаушаға (6) дайын фаршты
салыңыз.
Қуаттандыру бауының ашасын электр розеткасы-
на салыңыз.
Жұмыс режимдері ауыстырғышын (1) «1 немесе
2» күйіне орнатып, еттартқышты қосыңыз.
Дайын фаршты итеру үшін итергішті (5) (сур. 11)
пайдаланыңыз, қабықша толған сайын оны қонды-
рмадан (12) жылжытыңыз, қабықша кепкен сайын
оны сумен жібітіңіз.
Жұмыс аяқталғаннан кейін, еттартқышты
сөндіріңіз, ол үшін жұмыс режимдері (1) ауысты-
рғышын «OFF» күйіне орнатыңыз және электр ро-
зеткасынан қуаттандыру бауының ашасын суырып
алыңыз, содан кейін оны бөлшектеуге кірісіңіз.
Сомынды (11) бұрап шешіп алыңыз, қондырманы
(12) торды (10), айқаспалы пышақты (9) шешіп
алыңыз, иірмекті (8) шығарыңыз.
Еттартқыш бастиегін (7) шешіп алу үшін бекіткіш
батырмасына (3) басыңыз, еттартқыш бастиегін
(7) сағат тіліне қарсы бұраңыз және оны шешіп
алыңыз (сур.24).
• Шешілмелі бөлшектерді бейтарап жуу құралы
қосылған жылы сумен жуыңыз. Шайыңыз және
кептіріңіз.
КӨКӨНІС КЕСКІШ
Жеткізілім жиынытығына жемістерді немесе
көкөністерді ұсақтауға арналған үш үккіш (16, 17,
18) және жемістерді немесе көкөністерді тілімдер-
ге кесуге арналған ұсақтағыш (19) кіреді.
Көкөніс кескіш-қондырмасын (14) орнату орнына
(4) салыңыз, көкөніс кескіш-қондырманы (14) сағат
тіліне қарсы бекігенге дейін бұраңыз (сур. 13).
Қондырмалардың (16, 17, 18 немесе 19) бірін
көкөніс кескіш-қондырмаға (14) салыңыз (сур. 14).
Көкөніс турағыш-қондырманың (14) астына қолай-
лы сыйымдылықты орнатыңыз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать