Coolfort CF-2010 [8/16] Қазақша

Coolfort CF-2010 2010-CF-01 [8/16] Қазақша
8
ҚАЗАҚША
ЖЕЛДЕТКІШ  CF-2010
Желдеткіш үй-жайларды жасанды желдету үшін арналған.
СИПАТТАМАСЫ
1. Басқару панелі
2. Алдыңғы панель (ауа шығысымен)
3. Артқы панель (ауа тартқыш тормен)
4. Едендік түпқойма
5. Желі бауы
6. Бекіткіш ысырмалар
7. Корпустың төменгі бөлігі
8. Түпқойманың отырғызу тесігі
9. Қосқыш бекітпелер
10. Ысырмалар
11. Желілік бауды салуға арналған арна
12. Корпусы
Басқару панелі мен ҚБП
13. Ауа ағыны тәртібін таңдау батырмасы «Mode»
14. Таймердің жұмыс уақытын белгілеу батырмасы «Timer»
15. Қосу/сөндіру батырмасы « »
16. Жылдамдық режимін таңдау батырмасы «Speed»
17. Бұрылу режимін іске қосу/сөндіру батырмасы «OSC»
18. Дисплейі
19. Қашықтықтан басқару пульті (ҚБП)
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Желдеткішті алғаш пайдалану алдыда берілген пайдалану
бойынша нұсқаулықты зейін қойып оқып шығыңыз және оны
анықтамалық материал ретінде пайдалану үшін сақтап қойыңыз.
Құрылғыны осы нұсқаулықта баяндалғандай тікелей
мақсатына сай ғана пайдаланыңыз.
Құрылғыны дұрыс пайдаланбау оның сынуына, пайдаланушыға
немесе оның мүлігіне зиян келтіруге әкелуі мүмкін.
Алғашқы қосу алдында, электр желісіндегі кернеу құрылғының
жұмыс кернеуіне сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
Желдеткішті пайдаланбас бұрын желі бауын мұқият тексеріп
шығыңыз және оның бүлінбегеніне көз жеткізіңіз. Егер сіз
желі бауының зақымдалуын байқасаңыз, құрылғыны
пайдаланбаңыз.
Желдеткішті үй-жайлардан тыс пайдалануға тыйым салынады.
Құрылғыны түзу, құрғақ және тұрақты бетке, жылу және ашық
жалын көздерінен алыс жерге орналастырыңыз.
Құрылғыны су құйылған ыдыстардың қасында, асүйлік
раковинаның тікелей қасында және сыз жертөле
үй-жайларында немесе хауыздың қасында пайдаланбаңыз.
Желдеткішті, желі бауын және желі бауының айырын суға
немесе кез-келген басқа сұйықтықтарға батырмаңыз.
Құрылғы корпусын және желі бауының айырын сулы қолмен
ұстамаңыз.
Егер желдеткіш суға түсіп кетсе, оны судан шығарғанға дейін,
желі бауының айырын электр розеткасынан суырыңыз,
және содан кейін ғана желдеткішті судан шығаруға болады.
Желдеткішті тексеру немесе жөндеу үшін кепілдеме талонында
және www.coolfort.ru сайтында көрсетілген байланысу мекен-
жайлары бойынша кез-келген авторланған (уәкілетті) қызмет
көрсету орталығына жүгініңіз.
Желі бауының ыстық беттерге және жиһаздың үшкір жиектеріне
тиюіне жол бермеңіз.
Құрастырылмаған желдеткішті іске қосуға тыйым салынады.
Жарақаттар алуға немесе құрылғының бүлінуіне жол бермеу
үшін желдеткіштің қорғаныс торларының саңылауларына
бөтен заттарды салуға тыйым салынады.
Желдеткіш жұмыс істеп тұрған уақытта айналатын қалақтарды
ұстауға тыйым салынады.
Желдеткішті перделер, шымылдықтар немесе бөлме
өсімдіктеріне жақын жерге орналастырмаңыз.
Желдеткіштен шығатын ауа ағыны астында ұзақ уақыт бойы
тұруға болмайды (әсіресе балалар мен қарт адамдарға).
Ешқашан жұмыс істеп тұрған құрылғыны қараусыз
қалдырмаңыз.
Желдеткішті тазалау, сонымен қатар егер сіз оны
пайдаланбасаңыз немесе оны жаңа орынға апарып қойғанға
дейін электр желісінен ажыратыңыз.
Желдеткішті электр желісінен ажыратқанда, желі бауынан
тартпаңыз, желі бауының айырынан ұстаңыз.
Құрылғыны уақтылы тазалап тұрыңыз.
Аспаппен ойнауларына жол бермеу үшін балаларды қадағалау
керек.
Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қаптама
ретінде пайда ланылатын полиэтилен қаптарды қараусыз
қалдырмаңыз.
Назар аударыңыз! Балаларға полиэтилен пакеттерімен
немесе қаптама үлдірмен ойнауға рұқсат бермеңіз. Тұншығу
қаупі бар!
Балаларға жұмыс істеп тұрған құрылғыға және оның желі
бауына қол тигізуіне рұқсат етпеңіз.
Дене, жүйке немесе сана мүмкіндіктері төмендетілген
тұлғалардың (балаларды қоса алғанда) немесе оларда
тәжірибесі немесе білімі болмаса, егер олар бақыланбаса
немесе олардың қауіпсіздігі үшін жауап беретін тұлғамен
аспапты пайдалану туралы нұсқаулықтар берілген болмаса,
аспап олардың пайдалануына арналмаған.
Қалақтары, желілік бауы немесе желі бауының айыры,
егер желдеткіш құласа немесе басқаша зақымдалса, содан
кейін іркіліспен жұмыс істесе, желдеткішті пайлануға тыйым
салынады.
Қуаттандыру бауы зақымданғанда қауіп тудырмау үшін оны
дайындаушы, сервистік қызмет немесе баламалы білікті
маман ауыстыруы тиіс.
Аспапты өздігінен жөндеуге тыйым салынады. Өздігіңізден
құрылғыны бөлшектемеңіз, кез келген ақау шыққанда,
сондай-ақ құрылғы құлаған жағдайда құрылғыны розеткадан
ажыратыңыз да, байланысу мекенжайлары бойынша
кепілдеме талонында көрсетілгендей және www.coolfort.ru
сайтында көрсетілген кез келген авторланған (уәкілетті)
қызмет көрсету орталықтарына жүгініңіз.
Құралды зауыт орамында ғана тасымалдаңыз.
Құрылғыны балалардың және мүмкіндіктері шектеулі
адамдардың қолы жетпейтін, құрғақ салқын жерде
сақтаңыз.
ОСЫ ҚҰРАЛ ТЕК ТҰРМЫСТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРДА ПАЙДА
ЛАНУҒА АРНАЛҒАН. ӨНДІРІСТІК АЙМАҚ ТАР МЕН ЖҰМЫС
ҮЙЖАЙЛАРЫНДА АСПАПТЫ ПАЙДА ЛАНУҒА ЖӘНЕ
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ПАЙДАЛАНУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
АЛҒАШҚЫ ҚОСУ АЛДЫНДА
Тасымалданғаннан кейін немесе құрал төмен темпе
ратурада сақталған болса оны бөлме температурасында
үш сағаттан кем емес уақыт ұстау керек.
ЖЕЛДЕТКІШТІ ҚҰРАСТЫРУ
Желдеткіш бөлшектенген күйде жеткізіледі. Аспапты толық
құрастырмай, оны желіге қоспаңыз.
Құрылғыны ораудан шығарыңыз және құрылғы жұмысына
кедергі болатын кез-келген жапсырмаларды жойыңыз.
Құрылғының бүтіндігін тексеріңіз, бүлінулер болған кезде
құрылғыны пайдаланбаңыз.
Едендік түпқойманы (4) жинаңыз: түпқойманың (4) бірінші
жартысының бекітпелерін (9) түпқойманың (4) екінші
жартысындағы ысырмалармен (10) сәйкестендіріңіз
және оларды шертілгенге дейін біріктіріңіз. Желі бауын
түпқойманың отырғызу тесігінен (8) өткізіңіз.
Желдеткіш корпусының төменгі бөлігін (7) жиналған
түпқоймаға (4) орнатыңыз, корпустағы бекітпе ысырмалар
(6) түпқоймадағы тесіктерге (4) сәйкес келгендігіне көз
жеткізіңіз және оларды шертілгенге дейін біріктіріңіз.
Желі бауын (5) желі бауына арналған арнаға (11) бекітіңіз.
ПАЙДАЛАНУ
Алғашқы іске қосқанда, желідегі кернеудің аспаптың жұмыс
істеу кернеуіне сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
Желілік баудың айыртетігін ашалыққа салыңыз.
Қосу/сөндіру (15) « » батырмасына басыңыз, аспап
жылдамдықта «I» қосылады.
Ауа ағыны жылдамдығын таңдау басқару панеліндегі (1)
батырманы (16) «Speed» немесе ҚБ пультындағы (19)

Содержание

Похожие устройства

Скачать