Centek CT-1959 Инструкция по эксплуатации онлайн [15/52] 810071

Centek CT-1959 Инструкция по эксплуатации онлайн [15/52] 810071
14
11. Тазалау үшін кір жуғыш машинаның үстіне су төгуге тыйым салынады.
Электр тогының соғу қаупі бар!
12. Кір жуғыш машинаны жөндеуді қауіпті жағдайларды болдырмау
үшін шығарушының, оның сервистік қызметінің немесе өзге де білікті
мамандардың күшімен ғана жүргізуге рұқсат етіледі. Шығарушы
біліктіліксіз жөндеуден туындаған бұзылу үшін жауап бермейді.
ТАСЫМАЛДАУ
1. Тасымалдар алдында:
Білікті маманның күшімен көліктік бұрандаларды орнына орнату қажет.
Машинадан судың барлығын төгіп тастаңыз.
2. Кір жуғыш машинаның айтарлықтай салмағы бар. Тасымалдау кезінде абай
болыңыз. Кір жуғыш машинаны шығыңқы бөліктерінен көтеруге тыйым са-
лынады. Машинаның есігін қозғау кезінде тұтқа ретінде пайдалануға тый-
ым салынады.
МОНТАЖДАУ, САҚТАУ, ТАСУ (ТАСЫМАЛДАУ), ӨТКІЗУ ЖӘНЕ КӘДЕГЕ ЖАРАТУ
ҚАҒИДАЛАРЫ МЕН ШАРТТАРЫ
1. Кір жуғыш машина қандай да бір монтаждауды немесе тұрақты бекітуді
қажет етпейді.
2. Кір жуғыш машинаны сақтау дайындаушы мен тұтынушыда ауа тем-
пературасы 5 °С - тан 40 °С-қа дейін және ауаның салыстырмалы
ылғалдылығы 80 % - дан аспайтын жылытылатын үй-жайларда қаптамада
жүргізілуі тиіс. Үй-жайларда коррозияны тудыратын агрессивті қоспалар
(қышқылдар, сілтілер буы) болмауы тиіс.
3. Кір жуғыш машинаны дұрыс тасымалдауды қамтамасыз ету үшін келесі
талаптарды орындау қажет:
егер бар болса, кір жуғыш машинадан барлық ішкі керек - жарақтарды
алып тастаңыз және оларды бөлек ораңыз;
кір жуғыш машинаның жұмысқа қабілеттігі мен сыртқы түрін сақтау
үшін оның қаптамасының дұрыстығына көз жеткізіңіз (үлкен габаритті
жабдықты қауіпті жерлерде гофрленген картон төсемдері бар полиэтилен-
мен немесе көпіршікті үлдірмен орау керек);
көлік құралында оның қозғалу мүмкіндігін болдырмау үшін кір жуғыш ма-
шинаны белдіктермен мықтап бекітіңіз;
сыртқы ортаның әсерін толығымен жою үшін тек жабық көлікті
пайдаланыңыз;
тиеу-түсіру жұмыстарын орындау кезінде қаптаманы өте мұқият ұстауды
қамтамасыз етіңіз.
4. Кір жуғыш машинасы мұқият қарауды қажет етеді, оны шаң, кір, соққылар,
ылғал, от және т. б. әсерінен қорғаңыз.
5. Кір жуғыш машинасын сату жергілікті заңнамаға сәйкес жүргізілуі керек.
6. Өнімнің қызмет ету мерзімі аяқталғаннан кейін оны қарапайым тұрмыстық
қоқыспен бірге тастауға болмайды. Оның орнына, ол федералды не-
месе жергілікті заңдарға сәйкес кейіннен қайта өңдеу және жою үшін
электр және электронды жабдықтарды тиісті қабылдау пунктіне кәдеге
жаратуға тапсырылады. Осы өнімді дұрыс кәдеге жаратуды қамтамасыз
ете отырып, сіз табиғи ресурстарды үнемдеуге көмектесесіз және дұрыс
пайдаланбаған жағдайда туындауы мүмкін қоршаған ортаға және
адамдардың денсаулығына зиян келтірмеуге көмектесесіз. Бұл өнімді
қабылдау және кәдеге жарату орындары туралы толығырақ ақпаратты
жергілікті муниципалды органдардан немесе тұрмыстық қоқыстарды
шығаратын кәсіпорыннан алуға болады.
7. Егер кір жуғыш машинаның ақаулығы анықталса, дереу авторланған
сервис орталығымен хабарласыңыз немесе кір жуғыш машинаны кәдеге
жарату керек.
Егер сіз құралды пайдалану үшін басқа тұлғаға тапсырғыңыз келсе, оны осы
нұсқаулықпен бірге жіберіңіз.
2. АСПАПТЫҢ СИПАТТАМАСЫ
1
4
2
5
7
3
6
8
9
1. Су құю құбыршегі
2. Жуғыш заттарға арналған бөлік
3. Есік
4. Жоғарғы қақпақ
5. Қуат беру кабелі
6. Басқару панелі
7. Барабан
8. Су төгу құбыршегі
9. Сүзгі
3. ЖИЫНТЫҚТЫЛЫҒЫ
Кір жуғыш машина - 1 д.
Тығындар - 4 д.
Су құю құбыршегі - 1 д.
Пайдаланушының нұсқаулығы - 1 д.
Аяқтарын ретке келтіруге арналған кілт - 1 д.
4. ҚҰРЫЛҒЫНЫ ОРНАТУ
ОРНАТУ ОРНЫ
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Кір жуғыш машинаның орнықты орналасуы жұмыс істеу кезінде оның
өздігінен қозғалуын болдырмау үшін қажет.
Кір жуғыш машинаның деңгей бойынша орнатылғанына көз жеткізіңіз.
Ұсынылатын еден бұрышы - 1 °.
Кір жуғыш машинаның қуат беру баусымында тұрмағанын және оны қысып
тұрмағанын тексеріңіз.
Кір жуғыш машинан мен қабырғалар немесе іргелес стационарлық
бекітілген заттар арасындағы арақашықтық жанынан 20 мм-ден және
артқы қабырғадан 100 мм-ден артық болуы керек.

Содержание

Скачать