Centek CT-1959 Инструкция по эксплуатации онлайн [16/52] 810071

Centek CT-1959 Инструкция по эксплуатации онлайн [16/52] 810071
15
1. Кір жуғыш машина орнатылатын бет құрғақ, тегіс және қатты болуы керек.
2. Кір жуғыш машинаға тікелей күн сәулесінің түсуіне жол бермеңіз.
3. Кір жуғыш машина орнатылған бөлме жақсы желдетілу керек.
4. Бөлмедегі температура 5 °C-тан кем болмауы керек.
5. Кір жуғыш машинаны көмір немесе газ плиталары, каминдер немесе
жылытқыштар сияқты жылу көздерінен алыс орнатыңыз. Егер бұл мүмкін
болмаса, құрылғылардың арасына пешке қарайтын жағында алюминий
фольгамен жабылған қажетті жылу оқшаулауын салыңыз. Жылу оқшаулау
кір жуғыш машинаның бүкіл аумағын жабуы керек. Кір жуғыш машина жылу
көздерінен қызбауы керек.
КІР ЖУҒЫШ МАШИНАНЫ ҚАПТАМАДАН ШЫҒАРУ
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Қаптау материалдары (мысалы, үлбір немесе пе-
нопласт) балаларға қауіп төндіруі мүмкін.
ТҰНШЫҒУ ҚАУПІ БАР! Қаптама материалдарын ба-
лалардан алыс ұстаңыз.
Кір жуғыш машинаны қаптамадан шығарар
барысында тасымалдау кезінде жабдықтың
бүлінбегеніне көз жеткізіңіз. Егер бүлінулер
анықталса - машинаны қоспаңыз жеткізушіге
(сатушыға) дереу хабарласыңыз. Жиынтықтылығын тексеріңіз.
1. Картон қорапты және пенопласт қаптамасын шешіп алыңыз.
2. Кір жуғыш машинаны көтеріп, қаптаманы негізден алыңыз. Құрылғының
төменгі жағынан кішкене пенопласт үшбұрышының алынып тасталғанына
көз жеткізіңіз. Олай болмаса, құрылғыны бүйіріне қойыңыз, содан кейін
кір жуғыш машинаның төменгі жағындағы пенопласт үшбұрышты қолмен
алыңыз.
3. Қуат беру баусымы мен су төгетін құбыршекті қосатын бекіту таспасын алып
тастаңыз.
4. Кіргізу құбыршегін барабаннан алыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Пайдалануды бастар алдында кір жуғыш машинаның артқы қабырғасынан
тасымалдау бұрандаларын шешіп алыңыз.
1. Сомын кілтінің көмегімен 4 тасымалдау бұрандасын бұрап шығарып алыңыз.
2. Кір жуғыш машинадан бұрандаларды, оның ішінде резеңке төсемелерді
шығарыпп алыңыз және болашақта тасымалдау жағдайына сақтап
қойыңыз.
3. Тығындарды пайдаланып, пайда болған тесіктерді жабыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: егер тасымалдау бұрандалары алынып тасталмаса, қатты діріл мен
шу пайда болуы мүмкін, машинаның орнату орнынан жылжуы, сондай-ақ бұл
кір жуғыш машинаға жойылмайтын бұзылуларға әкелуі мүмкін.
КІР ЖУҒЫШ МАШИНАНЫ ОРНЫҚТЫ ЕТІП ҚОЮ
Кір жуғыш машинаның орналасу күйін көлденең
бойынша деңгейініңауытқуы - тан аспайтындай
етіп бұралмалы аяқтармен түзеңіз.
1. Аяқтағы бөгеткіш сомынын сомын кілтімен
босатыңыз.
2. Аяғын еденге мықтап тірелгенше бұраңыз.
3. 2-тармақта сипатталған әдіспен-барлық 4 аяқты машина тегіс және
дірілдемей тұратындай етіп реттеңіз. Жазықтықты тексеру үшін құрылыс
деңгейлегішін (ватерпас) пайдаланыңыз.
Тұрақтылықты тексеру жоғарғы панельдің шеттерін диагональ бойынша
басқан кезде, машина мүлдем жоғары немесе төмен қозғалмауы керек (екі
диагональды да тексеру керек). Егер осылай басқан кезде, машина тербел-
се, аяқтарын қайта реттеңіз.
4. Реттеу аяқталғаннан кейін, барлық 4 аяқтағы бөгеткіш сомынын мықтап
және қатты қатайтып, аяқтарды бекітіңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Реттеу аяқталғаннан кейін, барлық төрт аяқтың бөгеткіш сомындары кір
жуғыш машинаның корпусына бұрандалуы керек.
ЕСКЕРТПЕ:
Машинаны дұрыс орналастыру және тегістеу ұзақ, тұрақты және сенімді
жұмыс істеуге кепілдік береді.
Кір жуғыш машина толығымен көлденең және тұрақты тұруы керек.
Ол жүктеме кезінде бір жағынан екінші жаққа теңселмеу керек.
Кір жуғыш машинаның аяқтарына ылғалдың тиюіне жол бермеңіз. Әйтпесе,
діріл немесе шуыл пайда болуы мүмкін.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Егер кір жуғыш машина кілеммен жабылған еденде тұрса, оның негізі кілемнің
үстінде биік тұрғанына көз жеткізіңіз. Әйтпесе, желдету қиын болады немесе
мүлдем мүмкін болмайды.
СУМЕН ЖАБДЫҚТАУҒА ҚОСУ
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Кір жуғыш машинаны сумен жабдықтауға тек білікті маман ғана қосуы керек.
ЕСКЕРТПЕ:
Су беру қысымы 0,3-тен 1 мПа-ға дейін (0,3-10 кг/см
2
) болуы тиіс. Егер
сумен жабдықтау қысымы 1 мПа-дан асса, беру қысымын төмендететін
құрылғыны орнату қажет.
Су беру құбыршегін крандарға бұрау үшін шамадан тыс күш қолданбаңыз.
Құбыршектің күйін әлсін-әлсін тексеріп отырыңыз, қажет болған жағдайда
оны ауыстырыңыз.
Тек кір жуғыш машиналарға арналған пайдаланылмаған, жаңа құю
құбыршектерін пайдаланыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Кір жуғыш машинаны тек суық суы бар су құбырына қосыңыз. Кір жуғыш
машинаның су кіреберісіндегі ішкі компоненттердің материалдары ыстық
суда жұмыс істеуге арналмаған. Сонымен қатар, құрылғыға ыстық су беру
жуу температурасының бұзылуына және киімнің бұзылуына әкеледі. Ыстық
суға су құбырының коррозиясын болдырмайтын, бірақ кір жуғыш машинаның
бөлшектеріне теріс әсер ететін арнайы компоненттер қосылуы мүмкін.
СУ ҚҰБЫРЫНЫҢ СУ ҚҰЯТЫН ҚҰБЫРШЕКТЕР МЕН КРАНДАРДЫ ҚОСУ
1. Су құю құбыршегінің екі жағында резеңке тығыздағыштардың бар-
жоғын тексеріңіз. Қажет болса, саңылаусыздықты қамтамасыз ету үшін әр

Содержание

Скачать