Centek CT-1959 Инструкция по эксплуатации онлайн [22/52] 810071

Centek CT-1959 Инструкция по эксплуатации онлайн [22/52] 810071
21
КІР ЖУУ КЕЗІНДЕ СУДЫҢ ТЕМПЕРАТУРАСЫН ТАҢДАУ
«Температура» батырмасын ретімен баса отырып, егер бағдарламада
қарастырылған болса, сіз алдыңғы панельде ұсынылған нұсқалардың бірінен
(20 40 60 80 85 °С) кір жуу температурасын таңдай аласыз. Салқын
суды таңдау үшін барлық индикатор өшкенге дейін батырманы басыңыз.
СЫҒУ ЖЫЛДАМДЫҒЫН ТАҢДАУ
«Скорость» («Жылдамдық») батырмасын ретімен баса отырып, сіз алдыңғы
панельде ұсынылған нұсқалардың бірінен сығу кезінде минутына айналымның
қажетті санын таңдай аласыз (егер бұл бағдарламада қарастырылса), соның
ішінде және индикаторлардың барлығы жанбай тұратынға дейін батырманы
басып, ағымдағы цикл үшін сығуды өшіріп тастай аласыз.
Қолжетімді мәндер: 0 – 500 – 700 – 900 – 1200 – 1400 айн/мин.
Мұқият қарым-қатынасты талап ететін киімдер үшін (мысалы, жүннен
жасалған өнімдер, жұқа матадан тігілген киімдер, спорттық тыныс алатын
термокиімдер үшін) сығуды өшіріп тастаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: айналым санын таңдамай, «Отжим» («Сығу») бөлек бағдарламасын
қосу машинадан судың ағызылуын жүргізеді.
УАҚЫТ ФУНКЦИЯСЫ
Қажетті жуу уақытын орнатуға мүмкіндік береді. Таңдалған мән дисплейде
пайда болады. Уақытты таңдау үшін «Уақыт» түймесін (7) басыңыз.
ЕСКЕРТУ:
Уақыт функциясы келесі бағдарламалар үшін қолжетімсіз: Гипоаллергенді жуу,
Ішкі киім, барабанды тазалау, ауамен жуу.
«ОЧИСТКА БАРАБАНА» («БАРАБАНДЫ ТАЗАЛАУ»)
Кір жуу машинасының барабаны кір киіммен және жуғыш құралдармен
әрекеттеседі. Уақыт өте онда бактериялар және жуғыш құралдардың
қалдығы қалуы мүмкін. Кір жуу аяқталғаннан кейін де ұзақ уақыт бойы ма-
шина ішінде сақталатын жоғары ылғалдылық зеңнің және шіріген иістің пайда
болуына жол ашады.
Кір жуу машинасының қызмет ету уақытын ұзарту және барабанды таза
қалыпта ұстау үшін барабанды (соның ішінде резеңке төсемедегі қуыстарды)
әр кір жуғаннан кейін құрғатып сүртіңіз және «Очистка барабана» («Барабан-
ды тазалау») қызметін тұрақты пайдаланыңыз.
1. Қызметті қосар алдында барабанда ештеңе жоқ екеніне көз жеткізіңіз.
2. Негізгі кір жууға арналған бөлікке автоматты кір жуу машиналарының бара-
бандарын тазалауға арналған арнайы құралды қосыңыз.
3. Осы бағдарламаны таңдаңыз және «Пуск/Пауза» («Бастау/Кідіріс») батыр-
масын бсаыңыз. Тазалау 85 °С температурада жүргізіледі.
4. Бағдарламаның аяқталуын күтіңіз, машинаны өшіріңіз және барабанды
жұмсақ құрғақ матамен сүртіңіз.
ШАЮ САНЫН АРТТЫРУ
«Полоскание» («Шаю») батырмасының көмегімен сізге кір жуудың таңдалған
бағдарламасында шаю циклын басқару қолжетімді.
«БЛОКИРОВКА ОТ ДЕТЕЙ» («БАЛАЛАРДАН БҰҒАТТАУ») ҚЫЗМЕТІ
Осы қызметтің арқасында сіздің балаларыңыздың және құрылғының
қауіпсіздігі бақылауда болады.
Бұл қызметті іске қосу үшін кір жууды бастағаннан кейін «Скорость»
(«Жылдамдық») батырмасын 3 секунд бойы басып тұрыңыз. Сәйкес индика-
тор жанады. Машинаның барлық қызметі мен режимі таңдау үшін қолжетімсіз
болып қалады. Бұл қызметті өшіру үшін қосу үшін қажет болған әрекеттерді
қайталаңыз (индикатор өшеді).
ЕСКЕРТПЕ: балалардан бұғаттау режимі қосулы кезде машинаны бұрынғыша
айналмалы ажыратып-қосқыштың көмегімен өшіре беруге болады. Құрылғыны
келесі қосқан кеззде машина жұмысын өшіру кезінде тоқтаған жерінен бастап
жалғастырады.
«БЕЗ ЗВУКА» («ДЫБЫССЫЗ») РЕЖИМІ
Дыбысын өшіру үшін «Скорость» («Жылдамдық») және «SMART» батырмала-
рын басып тұрыңыз. Сіз дыбыстық белгілер мен хабарламаларды өшіресіз.
Дыбысын қосу осыған ұқсас тәсілмен орындалады.
SMART РЕЖИМІ
Егер сіз шаршасаңыз, асығыс болсаңыз немесе кір жуу параметрлерін таңдауға
бас қатырғыңыз келмесе, машина мұның бәрін сіздің орныңызға өзі жасайды.
SMART режимінде кір жуу машинасы жүктелген киімнің параметрлерін
бағалайды және өз бетінше ұзақтығын, температураны (ереже бойынша
20-дан 40 °С-қа дейінгі аралықта), шаю ішкі циклдарының саны және т.б.
таңдайды.
Бұл режим кез келген ыңғайлы тәсілмен жеңіл іске қосылады:
1. Машина өшіп тұрған кезінде – SMART батырмасын 3 секунд бойы басып тұру
арқылы.
2. Машина қосулы тұрғанда 1-бөлімде сипатталған тәсілдің көмегімен, не
болмаса SMART батырмасын бір рет басыңыз, ал одан кейін «Пуск/Пауза»
(«Қосу/Кідіріс») батырмасын басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: SMART режимі мақтадан, зығырдан, синтетикалық және аралас
матадан тігілген аздап ластанған, күнделікті киіп жүрген киімдерді жууға
есептелген. Қатты немесе ерекше ластану кезінде, не болмаса айрықша күтімді
қажет ететін киімдер үшін сәйкес режимді пайдаланған дұрыс.
БАҒДАРЛАМА БАРЫСЫНДА БАПТАУЛАРДЫ ӨЗГЕРТУ
Кір жуу басталып кетсе де, сіз оның баптауларына өзгерістер енгізе аласыз.
Ол үшін «Старт/пауза» («Бастау/Кідіріс») батырмасын баса отырып, орында-
лып жатқан бағдарламаны кідіріске қойып қойыңыз. Баптауларды өзгертіңіз
және/немесе қосымша қызметтерді қосыңыз.
Егер кір жууды орындаудың ағымдағы кезеңі сіздің өзгерістерді енгізуге жа-
рамды болса, олар қабылданады.
«Старт/пауза» батырмасын баса отырып, машинаның жұмысын қайта
жандандырыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: егер сіз бағдарламаны өзгерткен болсаңыз, жуғыш құрал қоспаңыз.
ДОЗАГРУЗКА БЕЛЬЯ (КИІМДЕРДІ ҚОСЫМША ЖҮКТЕУ)
Кір жуу кезінде киімдерді қосымша жүктеу үшін «Старт/Пауза» («Бастау/
Кідіріс») батырмасын баса отырып, оны кідірте тұрыңыз. Егер су деңгейі
мүмкіндік берсе, машинаның ішінде тым ыстық болмаса, есіктердегі бұғат
шешіледі (сәйкес индикатор өшеді).
Есікті ашыңыз, киімдерді қосыңыз (жүктеменің жалпы рұқсат етілген норма-
сынан асырмай).
Есікті жабыңыз және «Старт/Пауза» («Бастау/Кідіріс») батырмасының
көмегімен машинаның жұмысын қайта бастаңыз.
ОРЫНДАЛЫП ЖАТҚАН БАҒДАРЛАМАНЫ ТОҚТАТА ТҰРУ
Сізге машинаның жұмысын шұғыл тоқтату қажет болуы мүмкін. Егер судың
деңгейі киімдері жүктеуге арналған тесіктен төмен орналасса, жай ғана қосу/
өшіру батырмасын басып тұрыңыз. Егер оның ішіндегі температура қауіпсіз
болса, есігінің бұғаты ашылады (сәйкес индикатор өшеді).
Егер машинада су есікті ашқан кезде еденге төгілердей жеткілікті болса, оны
тоқтатар алдында ағызып жіберу қажет.
Ол үшін сондай-ақ өшіру/ажырату батырмасын басып тұрып, машинаны
өшіріңіз. Ағымдағы бағдарлама істен шығарылады.
Содан кейін машинаны қосыңыз және айналымдар санын «0» деп таңдап,
«Отжим» («Сығу») бағдарламасын таңдаңыз. Су машинадан ағызылады және
бағдарлама аяқталған бойда есік бұғатталады.
Машинаны өшіруге болады.
КИІМДІ АВТОМАТТЫ ТҮРДЕ ТЕҢГЕРУ
Машина теңгеруді анықтаудың автоматты жүйесімен жарақталған. Егер сығар
алдында машина киімнің әркелкі орналасқанын анықтайтын болса, барабан
ол жөнделгенше айнала береді.
Дегенмен бұл да ұзақ уақыт бойына қалпына келтірмесе – қатты дірілді бол-
дырмас үшін отжим өшіріледі.
Бұл жағдайда сіз ішіндегі киімдер бір-бірімен ілінісіп, байланысып
қалмағанына көз жеткізіп, киімдерді қолмен реттестіргеннен кейін «Отжим»
(«Сығу») бағдарламасын кері қосуыңыз қажет.
Егер машина ішінде киім аз болса (мысалы, бір джинсы немесе үлкен сүлгі)
машина анық теңсіздікті анықтау салдарынан сығудан бас тартуы мүмкін.
Сол себепті кез келген кір жуу кезінде сығу кезінде киімдер тепе-тең жатуын
қамтамасыз ететіндей аздаған киімнің қажетті санын қосыңыз.

Содержание

Скачать