Centek CT-1959 Инструкция по эксплуатации онлайн [23/52] 810071

Centek CT-1959 Инструкция по эксплуатации онлайн [23/52] 810071
22
7. ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Кір жуғыш машинаны тазалау, күту, техникалық қызмет көрсету және осы
тармақта сипатталған кез келген басқа әрекеттер алдында әрқашан ашаны
розеткадан шығарып, су беру кранын жабыңыз.
Кір жуғыш машинаның зақымдалуын және улы және/немесе жарылғыш
газдардың бөлінуін болдырмау үшін еріткіштерді қолдануға тыйым салы-
нады.
Кір жуғыш машинаны жуу үшін суды пайдалануға тыйым салынады.
Кір жуғыш машинаны тазалаған кезде құрамында антисептик хлорксиленол
(PCMX), этил спирті немесе құмырсқа қышқылы немесе оның аналогтары
бар тазартқыш заттарды қолдануға тыйым салынады, себебі бұл заттар
оған зақым келтіруі мүмкін.
КІР ЖУҒЫШ МАШИНАНЫ ТАЗАЛАУ
Кір жуғыш машинаны уақтылы және мұқият тазалау оның
қызмет ету мерзімін ұзартады және жағымды көрінісін
сақтайды. Қажет болса, машинаның бетін әлсіз абразивті
емес тазартқышпен сүртіңіз. Су төгілген жағдайда оны де-
реу сүлгімен сүртіңіз. Корпусқа зақым келтірмеу немесе
машинаның құрылымын бұзбау үшін өткір тазалау заттарын
пайдаланбаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Машинаны тазалау үшін ешбір жағдайда күшті әрекет ететін химиялық заттар-
ды, абразивті тазартқыштарды немесе еріткіштерді қолданбаңыз. Олар сыртқы
әрлемесін зақымдауы мүмкін.
БАРАБАННЫҢ ІШКІ БЕТІН ТАЗАЛАУ
Барабанда су құбыры суындағы қоспалардың, жуғыш заттардың
қалдықтары, кір мен мата бөлшектерінің қалдықтары қалмас үшін және ба-
рабанда көгерудің көбеюіне ықпал ететін қосымша ылғал пайда болмас үшін
әр жуудан кейін барабанды құрғатып сүртіңіз.
Киімнің металл бөліктері (түймелер, батырмалар, сыдырма ілгек) барабанда
тот іздерін қалдыруы мүмкін бұл іздердің уақытында жойылғанына көз
жеткізіңіз. Агрессивті тазартқыштар, тот басатын құралдарды барабанды та-
зарту үшін қолдануға болмайды, сондықтан үнемі алдын алған жөн.
Сондай-ақ, сізге көмектесу үшін бұл модель «Барабанды тазарту» функция-
сымен қамтылған.
ШЫНЫ МЕН ЕСІК ТЫҒЫЗДАҒЫШЫН ТАЗАЛАУ
Әр жуудан кейін қылшықтар мен дақтарды кетіру
үшін әйнек пен тығыздағышты сүртіңіз.
Әр жуудан кейін тиындарды, түймелерді және
басқа да ұсақ заттарды есік тығыздағышының
бүктемелерінен алыңыз.
Егер жуғаннан кейін су тығыздағыштың қатпарларында ұзақ уақыт бойы
қалып қойса – кейіннен жағымсыз иіс пайда болады.
СОРҒЫ СҮЗГІСІН ТАЗАЛАУ
Су ағызу сорғы сүзгісі жуылатын бұйымдар матасының қалдықтарын және
кішкене бөгде заттарды сүзе алады.
Кір жуғыш машинаның дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін сүзгіні үнемі
тазалаңыз.
Егер машина су ағызу және/немесе айналдыру операцияларын жасамаса,
сондай-ақ, егер кір жуғыш машина сорғыны бітеп тастайтын бөгде заттардың
түсуіне байланысты ағызу кезінде машинаға тән емес шуыл шығарса сорғыны
тексеру қажет.
Кір жуғыш машина жұмыс істеп тұрған кезде, таңдалған бағдарламаға бай-
ланысты сорғы арқылы ыстық су ағып кетуі мүмкін.
Шаю циклі кезінде сорғы қақпағын ешбір жағдайда ашпаңыз. Кір жуғыш
машина белгілі бір режимде жұмыс істеп, суды ағыза бастағанша күтіңіз.
Панельдерді орнатқан кезде қауіпсіз және сенімді жанасуды қамтамасыз
етіңіз.
1. Панель-бітеуішті шешіп алыңыз.
2. Сүзгіні сағат тіліне қарсы бұрап алыңыз.
3. Сүзгіні бөгде заттардан тазалаңыз.
4. Сүзгіні орнына орнатып, панельді жабыңыз.
КІР ЖУҒЫШ МАШИНАДА СҮЗГІНІ ЖУУ
1. Су ағызатын шлангідегі сүзгіні тазалаңыз.
2. Су беру шлангісін кір жуғыш машинадан ажыратыңыз. Сүзгіні ұзын
тістеуікпен суырып алыңыз.
3. Кір жуғыш машинадағы сүзгіні тазалаңыз.
4. Сүзгіні орнына орнатып, су беру шлангісін қайта қосыңыз.
5. Кір жуғыш машинаның дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін сүзгіні әр
3 ай сайын тазалаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Алдымен кран сүзгісін, содан кейін сүзгіні кір жуғыш машинада
жуыңыз.
ЖУҒЫШ ЗАТ НАУАСЫН ЖӘНЕ ОНЫҢ БӨЛІКТЕРІН ТАЗАЛАУ
1. Батырманы басыңыз (кондиционер шаюға арналған бөлімнің үстінде
орналасқан) және науаны алыңыз.
2. Науаны сумен шайыңыз.
3. Бөліктің ішін ескі тіс щеткасымен немесе соған ұқсас нәрсемен тазалаңыз.
4. Науаны орнына қойып, оны бастапқы қалпына орнатыңыз.
ЕСКЕРТПЕ:
Тазалау үшін спиртті, еріткіштерді немесе химиялық заттарды қолданбаңыз.
Жуғыш зат науасын әр 3 ай сайын тазалау ұсынылады.

Содержание

Скачать