Philips FC8913 [50/140] Ескерту

Philips FC8913 [50/140] Ескерту

- Құрылғыны қосар алдында, құрылғыда көрсетілген кернеудің жергілікті ток көзінің
кернеуіне сәйкес келетіндігін тексеріп алыңыз.
- Егер құрылғының ашасы, сымы немесе құрылғының өзге бөлшегіне зақым тиген болса,
құрылғымен қолданбаңыз.
- Егер ток сымы зақымдалған болса, қауіпті жағдай туғызбас үшін оны тек Philips компаниясы
ұсынған қызмет орталығында сол компанияның жабдықтарымен және соған сәйкес білімі
бар маман алмастыру керек.
- Мүмкіндігі мен ойлау қабілеті шектеулі және білімі мен тәжірибесі аз адамдар (балаларды
қоса) бұл құрылғыны олардың қауіпсіздігіне жауап беретін адамның қадағалауымен немесе
құрылғының қалай пайдалану жөнінде нұсқау берілген жағдайда ғана қолдануына болады.
- Балалардың құрылғымен ойнамауын қадағалаңыз.
- Шаң сорғыш қосулы кезінде, шлангыны, құбырды немесе басқа қосымша бөлшектерді
көзіңізге, құлақтарыңызға, бағыттамаңыз және оларды аузыңызға салмаңыз.

- Сіз шаң сорғышты күлді, ұсақ құмды, әкті, цемент шаңын және осы тәріздес заттарды сору
үшін қолданған кезде, шаңмен шаң дорба тесікшелері бітіп қалады. Осының
нәтижесінде, шаң дорбасы толып кетті деген көрсеткіш шаң дорбасы толды деп ескертеді.
Бір рет ғана қолданылатын шаң дорбасын алмастырыңыз, ал қайта қолданылатын шаң
дорбасын босатыңыз, тіпті ол әлі де болса толы емес болса да («Шаң дорбасын
алмастыру/босату» тармағын қараңыз).
- Бұл құралды мотор қорғауыш фильтрінсіз қолдануға болмайды. Бұл моторға зақым келтіріп,
құралдың қызмет ету уақытын қысқартуы мүмкін.
- Тек қосымша берілген Philips s-дорбаларын ` синтетикалық шаң дорбаларын немесе қайта
қолданылатын шаң дорбаларын ғана қолданыңыз (кей елдерде ғана).
- FC8920-FC8916: шу деңгейі: Lc = 79 дБ (A)
- FC8915-FC8910: шу деңгейі: Lc = 80 дБ (A)

Philips компаниясы шығарған бұл құрылғыны электромагниттік өрістерге (ЭМӨ) қатысты
барлық стандарттарға сай келеді. Дұрыс әрі осы пайдаланушы нұсқаулығындағы нұсқауларға
сәйкес қолданылса, қазіргі кездегі белгілі ғылыми дәлелдерге негізделе отырып құрылғыны
қолдану қауіпсіз деуге болады.

1 Құрылғы мен оның керек-жарақтарын қораптан шығарып алыңыз.
2 Кез келген стикерлер, қорғауыш фольганы немесе пластикті құрылғыдан алып тастаңыз.


1 Шлангіні жалғау үшін оны құрылғыға мықтап кіргізіңіз («сырт» етеді).
Шлангінің жалғайтын жері құрылғыдағы шығыңқы жерге дәл келетініне көз
жеткізіңіз (Cурет 2).
2 Шлангіні ажырату үшін түймелерді басыңыз да (1), шлангіні құрылғыдан суырып алыңыз
(2) (Cурет 3).

1 Телескопиялық түтікті қолсапқа жалғау:
- Конус тәріздес жалғанатын телескопиялық түтік (тек кейбір түрлерде): қолсапты
телескопиялық түтікке тығып, кішкене бұраңыз (Cурет 4).
50

Содержание

Скачать