Philips FC8913 [52/140] Қатты едендерді тазалауға арналған саптама тек кейбір түрлерде

Philips FC8913 [52/140] Қатты едендерді тазалауға арналған саптама тек кейбір түрлерде

Біріктірлмелі саптамасын кілемге және едендерге де қолдануға болады.
1 Қатты едендерді тазалау үшін, құрамалды саптамадағы ықтырмалы қосу/өшіру түймесін
аяғыңызбен басыңыз (Cурет 13).
, Қатты едендерді тазалауға арналған қылшақ лентасы орыннан шығады.
2 Кілемдерді тазалау үшін, ықтырмалы түймесін тағы басыңыз (Cурет 14).
, Қылшақ лентасы саптама орына түседі.

- Қатты едендерді тазалауға арналған қондырғы қатты едендерді оңай тазалауға
арналған (Cурет 15).

Шағын турбо тарақ әсіресе жануар қылшықтарын және мамықтарды мүліктен немесе
матрацтан тиімді тазартуға арналған. Шағын турбо тарақтағы бірегей тарақ матаға жабысқан
қылшықты босатады. Содан кейін шаңсорғыш қылшықты сорып алады.
Шағын турбо тарақты шлангіге немесе телескопиялық түтікке жалғауға болады.
1 Шағын турбо тарақты жалғау үшін оны қолсапқа немесе телескопиялық түтікке кіргізіңіз
де, кішкене бұрап жалғаңыз.
2 Шағын турбо тарақты ажырату үшін оны қолсаптан немесе телескопиялық түтіктен
кішкене бұрап суырыңыз.

1 Тоқ сымын құралдан тартып шығарып, шанышқысын қабырғадағы розеткаға кіргізіңіз.
2 Құралды қосу үшін, құралдың төбесіндегі қосу/өшіру түймесін басыңыз (Cурет 16).
Кеңес: Еңкеймес үшін қосу/өшіру түймесін аяғыңызбен басыңыз.
3 Шаң сору барысында құбырды қоя тұру үшін саптамадағы шошақты қою ұясына
салыңыз (Cурет 17).
4 Телескопты құбырды тұрақты етіп тұрғызу үшін құбырды ең қысқа ұзындығына
реттеңіз.
5 Құрылғыны ажырату үшін оның бетіндегі қосу/өшіру түймесін басыңыз.

1 Шаң сору барысында құрылғының төбесіндегі дөңгелектің көмегімен сору қуатын
реттеуіңізге болады (Cурет 18).
- Өте кір кілемдер мен қатты едендерді тазалау үшін шаңсорғыштың ең жоғарғы сору
қуатын пайдаланыңыз.
- Перделерді, дастарханды және т.б тазалау үшін ең төменгі сору қуат деңгейін таңдаңыз.
2 Кейбір түрлерінде сору қуатын қолсаптағы сору қуатын реттеуші сырғытпаның
көмегімен реттеуге болады (Cурет 19).

1 Құралды сөндіріп, оны тоқтан суырыңыз.
2 Тоқ сымын жинап қою үшін, тоқ сымын жинау түймесін басыңыз (Cурет 20).
52

Содержание

Скачать