Philips FC8913 [54/140] Жуылатын hepa 12 фильтрін тазарту

Philips FC8913 [54/140] Жуылатын hepa 12 фильтрін тазарту
1 Шаң жинағыш дорба ұстағышын дорбамен бірге суырып алыңыз (Cурет 24).
2 Моторды қорғауға арналған фильтр қорабының төбесіндегі ілмекті төмен қарай басып,
оны босатыңыз (Cурет 28).
3 Моторды қорғауға арналған фильтр қорабының төбесін өзіңізге қарай (1) тартып, фильтр
қорабын шаң дорбасының бөлімінен (2) шығарып алыңыз. (Cурет 29)
4 Фильтрді тазалау үшін, оны қоқыс шелегі үстінен сілкіңіз.
5 Таза фильтрді фильтр қорабына қайтадан салыңыз.
6 Фильтр қорабының екі шошағын түптегі төмпешіктің артына сыйдырыңыз, сол кезде
қорап үстіңгі жақта дұрыс сияды (1). Содан кейін, фильтр қорабын орнына салыңыз
(«тық» ете түседі) (2) (Cурет 30).
7 Шаң дорбасы бар шаң дорба ұстағышын қайтадан құрылғыға салып, қақпақты жабыңыз.

Super Clean Air НЕРА 12 (Супер Таза Ауа НЕРА 12) фильтрі ауа шығатын жерден 0,0003 мм.
мөлшерлі бөлшектердің 99,5% ұстап қалады. Ол тек қана үй ішіндегі қоқыс бөлшектерін ғана
емес, сонымен қатар дем алу аллергияларының себебі болып келетін шаң кенелері мен
олардың қалдықтары сияқты зиянды микроскопты паразиттерді ұстап қалады.
Ескертпе: Шаң сорғышыңыз тиімді түрде шаң жинап, жоғарғы сапалы қызмет көрсетуіне
кепілдік алу үшін, HEPA фильтрін тек түп нұсқалы Philips фильтрінің дұрыс түрімен ғана
алмастырыңыз («Қосымша бөлшектерге тапсырыс беру» тармағын қараңыз).
Жуылатын HEPA 12 фильтрін 6 айда бір рет тазалап тұрыңыз. Жуылатын HEPA 12 фильтрін ең
көп дегенде 4 рет тазалауға болады. Фильтрді 4 рет тазалағаннан соң, оны алмастырыңыз.
1 HEPA фильтрінің торын ашу үшін құлақтарынан ұстап, она жоғарыға
тартыңыз (Cурет 31).
2 HEPA 12 фильтрді құралдан алыңыз (Cурет 32).
3 HEPA 12 фильтрінің бүктелмелі жағын жәймен ағып тұрған ыстық ағын су астында
шәйіңіз.
- Фильтрді бүктелген жағын жоғары қаратып ұстап, суды бүктелмесіне паралелді етіп
ағызыңыз. Фильтрдің ішіндегі жиналып қалған кірді су ағызып жіберетіндей бұрышпен
ұстаңыз (Cурет 33).
- Фильтрді 180° бұрап, суды керісінше ағызып жіберіңіз (Cурет 34).
- Осы әрекетті фильтр толығымен таза болғанша қайталай беріңіз.
Жуылатын фильтрді қылшақпен тазалауға болмайды (Cурет 35).
Ескертпе: Тазалау әрекеті фильтрдің түп нұсқалы түсін жоймайды, дегенмен, ол оның
фильтрлеу қуатын жаяды.
4 Абайлап фильтр бетіндегі суды сілкіп жіберіңіз. Фильтрді кем дегенде 2 сағат бойы
кептіріңіз, содан соң оны қайтадан шаң сорғышқа орнатыңыз.
Ескертпе: Фильтрді орнына қайта салар алдында оның толығымен кепкеніне көз жеткізіңіз.
5 Фильтрді қайтадан құралға салыңыз (Cурет 36).
Ескертпе: HEPA фильтрінің екі құлағының төмен қарап тұрғанына көз жеткізіңіз.
6 HEPA фильтрінің торын жабу үшін бірінші тордың бас жағын құралға қарай туралаңыз
(1). Сосын, тор орнына түскенше қойындыларды төмен басыңыз (2) («сырт»
еткенше) (Cурет 37).
54

Содержание

Скачать