Philips Avent SCD 535 [112/292] Электромагниттік өрістер эмө

Philips Avent SCD 535 [112/292] Электромагниттік өрістер эмө
- Қайта зарядталмайтын батареяларды және қайта зарядталатын батарея топтамасын
қажетті жерге тастаңыз («Қоршаған орта» тарауын қараңыз).

Осы Philips/Avent құралы Электрoмагниттік өріске (ЭМӨ) байланысты барлық стандарттарға
сәйкес келеді. Егер осы құралды қосымша берілген нұсқаудағыдай ұқыпты қолданған болса,
онда бұл құрал, бүгінгі таңдағы белгілі ғылыми зерттеулер бойынша, қолдануға қауіпсіз болып
келеді.


Нәресте бақылаушыны тоқ сымына қосып, немесе батареядан жұмыс жасап тұрған күйінде
қолдансаңыз болады. Егер сіз құралды батареясынан жұмыс жасатқыңыз келмеген жағдайда да,
біз сізге екі бөлікке де батареяларын салып қойыңыз деп кеңес береміз. Бұл тоқ берілмей
қалған жағдайда, құралды автоматты түрде батареядан жұмыс жасатып отырады.

1 Құралдың үлкен шанышқысын нәресте бөлігіне кіргізіңіз де, адапторды қабырғадағы
розеткаға енгізіңіз (Cурет 2).

Нәресте бөлігі төрт 1.5-вольтті R6 AA батареяларымен жұмыс жасайды (қосымша
қаматамасыз етілмеген). Біз сізге міндетті түрде тек Philips LR6 PowerLife батареяларымен
қолданыңыз деп кеңес береміз.
Қайта зарядталатын батареяларды қолданбаңыз, себебі нәресте бөлігінде қайта зарядтау
функциясы жоқ.
Нәресте модулін қуат көзіне қосып қолдану қажет болмағанда немесе қуат көзі үзіліп қалған
жағдайда қосымша қуат қорын сақтау мақсатында батареяларды нәресте модуліне салыңыз.
Нәресте модулі батарея деңгейінің төмендегенін көрсеткенде алмастырыңыз (дисплейде бос
батарея белгісі жыпылықтап, Battery low («Батарея деңгейі төмен») жазуы шығады).
Нәресте бөлігін ток көзінен ажыратып, қайта зарядталмайтын батареяларды салар алдында
қолдарыңыз бен құрылғының құрғақ екендігін тексеріңіз.
1 Қайта зарядталмайтын батареялар орнының қақпағын алыңыз (Cурет 3).
2 Қайта зарядталмайтын батареялардың төртеуін салыңыз (Cурет 4)
Ескертпе: - және + жақтары дұрыс бағытта екендігін тексеріңіз.
3 Қақпағын жабыңыз (Cурет 5).


Ата аналар бөлігіне қосыла қайта зарядталатын Li-ion 1000mAh батареялар топтамасы
беріледі
Ата-аналар бөлігін алғаш қолданарда немесе ата-аналар бөлігі батарея таусыла бастады
дегенді білдіргенде (көрсеткіште бос батарея белгісі жымыңдайды және ата аналар бөлігі бип
дыбысын шығарады) зарядтаңыз. Ата аналар бөлігі батарея топтамасы толығымен таусылуға 30
минут қалғанда батарея таусыла бастады деп ескертеді.
Ескертпе: Егер қайта зарядталатын батареялар топтамасы толығымен босаса, ата аналар
бөлігі автоматты түрде сөнеді және нәресте бөлігімен байланысын жоғалтады.
1 Қайта зарядталатын батареялар топтамасы орнының қақпағын алыңыз (Cурет 6).
2 Қайта зарядталатын батареялар топтамасын салыңыз (Cурет 7).
112

Содержание