Philips Avent SCD 535 [122/292] Тазалау және күтіп ұстау

Philips Avent SCD 535 [122/292] Тазалау және күтіп ұстау

1 Белдік қыстырмасын ата аналар бөлігінен суырып алыңыз.

1 Мойын белдігінің ұшындағы ілмегін белдіктің артындағы тесікшеге енгізіңіз. Белдіктің
ұшындағы ілмектен белдікті толығымен өткізіп, тығыздып тартыңыз (Cурет 34).

1 Мойын белдігін белдік ұшындағы ілмектен өткізіп, белдіктің артындағы тесікшеден
белдік ұшындағы ілмекті тартып шығарыңыз.

Нәресте және ата ана бөліктерін ешқашан суға батырмаңыз және оларды ағын су астында
тазаламаңыз.
Тазалағыш спрей немесе сұйықтықтарды қолданбаңыз.
1 Нәресте бөлігін тоқ сымына қосулы тұрса, суырыңыз, ал ата-аналар бөлігін зарядтау
құрылғысынан алыңыз.
2 Нәресте және ата-аналар бөліктерінің екеуін де дымқыл шүберекпен сүртіп тазалаңыз.
Тоққа қосулы зарядтаушыға ата-аналар бөлігін қояр алдында оның кебу екендігін тексеріңіз.
3 Зарядтау құрылғысын құрғақ шүберекпен тазалаңыз.
4 Адаптерды құрғақ шүберекпен тазалаңыз.

- Сіз сапар шеккенде, нәресте бақылаушысын арнайы сапар шеккенде салып қоятын дорбаға
салуыңызға болады.
- Нәресте қадағалаушысын біраз уақыт бойы қолданбайтын болсаңыз, нәресте бөлігіндегі
қайта зарядталмайтын батареяларды және ата аналар бөлігіндегі қайта зарядталатын
батареяларды алып қойыңыз. Ата аналар бөлігін, нәресте бөлігін, зарядтаушыны және
адапторды салқын және кебу жерде сақтаңыз.



Нәресте бөлігіндегі қайта зарядталмайтын батареяларын тек төрт қайта зарядталмайтын 1.5V
R6 AA батареяларымен ғана алмастырыңыз.
Ескертпе: Біз сізге тек Philips қайта зарядталмайтын батареяларын ғана қолданыңыз деп
қатаң кеңес береміз.

Нәресте бөлігінің адапторын тек түп нұсқалы адаптор түрімен ғана алмастырыңыз. Сіз жаңа
адапторды өзіңіздің диллеріңізден немесе Philips қызмет орталығынан тапсырыс арқылы
алуыңызға болады.
- Тек Ұлыбритания: S004LB0750040 (UK)
- Басқа елдер: S004LV0750040 (EU)
122

Содержание