Philips Avent SCD 535 [117/292] Қазақш

Philips Avent SCD 535 [117/292] Қазақш

Ескертпе: Мәзір функциялары тек нәресте бөлігі мен ата-аналар бөлігі арасында байланыс
орнатылғанда ғана жұмыс жасайды.
1 МЕНЮ түймесін басып, менюді ашыңыз (Cурет 30).
, Бірінші менюдің мүмкіндіктері көрсеткіште пайда болады.
2 – және + түймелерін басып, өзіңізге керекті менюдің мүмкіндіктерін
таңдаңыз (Cурет 31).
Ескертпе: Жебе сізге қай бағытта іздеу салуыңызға болатынын көрсетеді.
3 Мақұлдау үшін, ОК түймесін басыңыз (Cурет 32).
4 + және – түймелерін басып, керекті бағдарламаны таңдаңыз.
5 Мақұлдау үшін, ОК түймесін басыңыз.
, Жаңа параметр бір рет жыпылықтайды. Saved («Сақталды») хабары да бір рет
жыпылықтап, дисплейден жоғалады.
6 Менюдан шығу үшін, МЕНЮ түймесін тағы басыңыз.

Ескертпе: ECO режимін тек ата-ана модуліндегі мәзірден ғана қосуға және өшіруге болады.
ECO режимін құралдың қуатты тұтынуын үнемдеу үшін қолдануға болады. Нәрестені жақын
жерден бақылау алыс жерден бақылағаннан гөрі тарату қуаты мен электр қуатын аз жұмсайды.
Нәрестені жақын жерден бақылағанда ECO режимін қосуға болады. ECO режимінде құрал аз
қуат тұтынса да, ешбір кедергісіз нәрестені бақылауға мүмкіндік береді. Нәресте бақылағышын
ECO режимінде пайдалану қоршаған ортаны қорғауға септігін тигізеді.
Ескертпе: Нәресте бақылағышының ECO режимінде ашық ауада жұмыс диапазоны — 260
метр. Қоршаған орта мен кедергі келтіретін басқа факторларға байланысты бұл диапазон
кішірек болуы мүмкін.
1 «+» және «–» түймелері арқылы ECO mode («ECO режимі») параметрін
таңдаңыз (Cурет 31).
2 Мақұлдау үшін, ОК түймесін басыңыз (Cурет 32).
3 ECO режимі өшіп тұрса, дисплейде On? («Қосу керек пе?») хабары шығады. ECO
режимін қосу үшін OK түймесін басыңыз. ECO режимі қосылған болса, дисплейде Off?
(«Өшіру керек пе?») хабары шығады. ECO режимін өшіру үшін OK түймесін басыңыз.
, ECO режимін Оn («Қосу») күйіне келтірсе, ата-ана модулі өшіп, қайта қосылады. Екі
модуль де ECO режимінде жұмыс жасап тұрғанын көрсету үшін нәресте модулі мен
ата-ана модулінің дисплейінде ECO режимінің белгісі шығады.
Ескертпе: ECO режимі қосылып тұрғанда, ата-аналар мен нәресте модулінің арасындағы
байланыс үзілуі мүмкін. Бұл жұмыс диапазонының ECO режимі үшін тым үлкен екенін
білдіреді. Бұл жағдайда жұмыс модульдерді жақындатыңыз немесе ECO режимін өшіріңіз.

1 «Жарық» пен + таңдаңыз және – арқылы
2 Мақұлдау үшін, ОК түймесін басыңыз.
3 Егер түнгі жарық сөнулі болса, көрстекіште ‘On’ (қосу) хабары көрініп тұрады. Түнгі
жарықты қосу үшін, OK түймесін басыңыз. Егер түнгі жарық қосулы болса, көрсеткіште
‘Off’ (сөндіру) хабары көрініп тұрады. Түнгі жарықты сөндіру үшін, OK түймесін
басыңыз.
 117

Содержание