Philips Avent SCD 535 [113/292] Қазақш

Philips Avent SCD 535 [113/292] Қазақш
3 Қақпағын жабыңыз (Cурет 8).
4 Құралдың кішкене шанышқысын зарядтаушыға енгізіп, адапторды
қабырғадағы розеткаға енгізіңіз, және ата-аналар бөлігін зарядтаушыға
қойыңыз (Cурет 9).
, Зарядталып жатыр дегенді білдіретін жарық жанады
, Ата аналар бөлігі зарядталып жатқандығын білдіріп, көрсеткіш зарядталып жатқан
батарея белгісін көрсетеді
5 Ата аналар бөлігін батарея топтамасы толығымен зарядталғанша зарядтаңыз.
, Зарядтау барысында, зарядтаушыдағы зарядтау жарығы тоқтаусыз жанады.
, Батарея топтамасы толығымен зарядталғанда ата-ана модуліндегі көрсеткіш толы
батарея белгісін көрсетеді T.
- Ата аналар бөлігін алғаш рет зарядтағанда немесе көптен бері қолданбай келіп, қайта
зарядтағанда, оны сөндіріп, тоқтаусыз 10 сағат бойы зарядтаңыз.
- Әдетте зарядтау 4 сағат алады. Алайда, егер ата-аналар бөлігі зарядталып жатқанда қосулы
болса, онда ол уақыт ұзағырақ болады. Егер сіз зарядтау уақытын мүмкіндігінше қысқа
еткіңіз келсе, онда ата-аналар бөлігін зарядтап жатқанда сөндіріп қойыңыз.
- Батарея топтамасы толық зарядталса, ата-ана модулін қуат көзіне қоспай 24 сағат бойы
қолдануға болады.
Ескертпе: Ата аналар бөлігін алғаш рет зарядтағанда, қызмет көрстеу уақыты 24 сағаттан
кем болады. Қайта зарядталатын батареялар топтамасы өздерінің толық мүмкіндігіне төрт
рет босап, қайта зарядталғанда ғана жетеді.
Ескертпе: Қайта зарядталатын батареялар топтамасы бірте бірте, тіпті ата аналар бөлігі
қосылмаған болса да, таусылады.

1 Байланысты тексеру үшін, ата аналар бөлігі мен нәресте бөлігін бір бөлмеге
қойыңыз (Cурет 10).
Нәресте бөлігі ата аналар бөлігінен ең кем дегенде 1 метр/3 фут қашықтықта болуы тиіс.
2 Нәресте модуліндегі қосу/өшіру түймесін 3басып, қосылғанын білдіретін жасыл жарық
жанғанша ұстап тұрыңыз. (Cурет 11)
Ескертпе: Қуат қосулы дегенді білдіретін жарық әрдайым жасыл болып жанады, тіпті ата
аналар бөлігімен байланыс орнталымаған болса да.
, Түнгі жарық бір сәтке жанып, содан соң жәймен қайта сөнеді.
, Көрсеткіш жанып, көрсеткіште батарея белгісі пайда болады (Cурет 12)
, 2 секундтан соң температура және дымқылдық көрсеткіштері пайда болады (Cурет 13).
3 Ата-ана модуліндегі қосу/өшіру түймесін 3басып, дыбыс деңгейінің жарығы бір сәтке
жанғанша ұстап тұрыңыз. (Cурет 14)
, Көрсеткіш жанып, батарея белгісі көрсеткіште пайда болады (Cурет 15).
, LINK (байланыс) жарығы қызыл болып жымыңдап, көрсеткіште ‘Searching’ (іздеу
барысында) хабары пайда болады (Cурет 16).
, Ата аналар бөлігі мен нәресте бөлігі арасында байлаыс орнатылған бойда ата аналар
бөлігінде LINK (байланыс) жарығы жасылға айналып, тоқтаусыз жанып
тұрады (Cурет 17).
, 2 секундтан соң, ‘Linked’ («Байланыс бар») хабары және температура мен дымқылдық
сандары көрсеткіште пайда болады. (Cурет 18)
, Ата аналар бөлігін алғаш қосқаныңызда, ‘Language’ (тіл) деген хабар көрсеткіште пайда
болады. Өзіңіз қалаған тілді таңдаңыз («Мәзір таңдаулары» тармағындағы
«Көрсеткіштегі тілді таңдау» бөлігін қараңыз) (Cурет 19).
 113

Содержание