Polaris pmg 2015 [20/32] Бітеліп қалған қалдықтарды алып тастау реверс функциясы

Polaris pmg 2015 [20/32] Бітеліп қалған қалдықтарды алып тастау реверс функциясы
20
Бітеліп қалған қалдықтарды алып тастау / Реверс функциясы
Егер еттартқыш толып қалса, оны өшіріңіз, және, электр желісінен ажыратпай, «РЕВЕРС»
функциясын қосыңыз, бұл үшін сөндіргіштің екеуін де «R» белгісіне ауыстыру қажет.
Шнек, ет тартқыштың жұмысын қиындатқан сіңірлерден тазартылып, кері бағытта айналады.
Бітеліп қалған қалдықтарды алып тастаған соң,жұмысты жалғастыруға болады.
Егер бұл функция көмектеспесе, құралды желіден ажыратып, жұмысшы блокты ашыңыз да,
оны қолмен тазартыңыз.
Тазарту және күтім
Құралды ашып бөлшектеу:
Құралды өшіріп, қозғалтқыштың толығымен тоқтағанына көз жеткізіңіз.
Құралды электр желісінен ажыратыңыз .
Ет тартқышты жинақтау бойынша нұсқауға сәйкес, кері тәртіпте, ашып бөлшектеңіз.
Жұмысшы блокты (7) алғанда бекітетін тетікті (3) басып ұстап тұрыңыз.
Тазарту
Тағамның қалдықтарын алып тастаңыз. Тағаммен жанасатын бөлшектерді сабынды жылы
сумен жуыңыз.
Мотордың сыртқы корпусын суға батырмаңыз, оны дымқыл сулықпен сүртіңіз.
Абразивті, хлоры бар заттарды және органикалық еріткіштерді қолданбаңыз.
Таза және кептірілген пышақ пен торшаларды өсімдік майы сіңген майлықпен сүртіңіз.
Еттартқыштың бөлшектерін ыдыс жуғыш машинада жууға болмайды және құралдың
бөлшектерін тазарту үшін тазартқыш заттардың құрамында сілтілі ерітіндлері бар болса
қолданбаңыз.
Сақтау
1. Сақтаудан бұрын құралдың электр желісінен ажыратылғанына
және толығымен суығанына көз жеткізіңіз.
2. ТАЗАРТУ тарауындағы барлық талаптарды орындаңыз.
3. Құралды құрғақ, салқын жерде сақтаңыз.
4. Құралдың бөлшектерін/қондырмаларын ықшамды түрде сақтау
үшін, оларды құралдың арнайы бөлігіне салып, сақтаңыз.
Техникалық сипаттамасы
Кернеуі: 220-240 В.
Жиілігі: ~ 50 Гц.
Нақтылы қуаттылығы: 300Вт.
Ең жоғары қуаттылығы: 2000 Вт.
Үздіксіз жұмыс уақыты: 3 мин.
Қорғаныс жіктелімі - II.
Өндірілген айы мен жылы туралы ақпаратты құралдың төлқұжаттық кестесінен қараңыз.

Содержание